• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары
Жаңалықтары

«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт мекені»

12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!

Қосымша фотосурет ...




Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында Өскемен қаласында музей-қорықтың Солжағалық кешені аумағында алғаш рет танымал қазақстандық этнодизайнер Тарбия Айдымбаеваның ұлттық киімдер бутигі «TARBIYA» ашылды. 2025

Іс-шара бағдарламасында «TARBIYA» брендінің қысқы киімдерінің жаңа топтамасы («Хазар», «Берел алтыны») таныстырылған fashion-көрсетілім, белгілі әнші Г. Оразымбетованың әндері және бренд атынан сыйлықтар таратылған жедел лотерея ұтыс ойыны өтті.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Е. Нұрғалиев және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

 

2025 жылдың 9 тамызында Солжағалық кешеннің этноауылында Абайдың 180 жылдығына арналған көпшілік іс-шара өткізілді. 2025

2025 жылдың 9 тамызында Солжағалық кешеннің этноауылында Абайдың 180 жылдығына арналған көпшілік іс-шара өткізілді. Іс-шара бағдарламасында қазақ ұлттық ойындары, араб каллиграфиясы бойынша шеберлік сағат, экскурсия, сурет көрмесі болды. Сонымен қатар, ШҚО қолөнершілері өз жұмыстарын ұсынды. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, барлық қонақтарға қазақ дастарханынан дәмді бауырсақ және ыстық шәй ұсынылды.

 

«Абай мұрасы – халық даналығы». 2025

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында «Абай мұрасы–халық даналығы» атты іс-шара өтті. Кездесуге ШҚО Шекара қызметі департаментінің жас қызметкерлері мен қаланың әскери бөлімдерінің сарбаздары, сондай-ақ, Солжағалық кешен қонақтары қатысты. Шығармашылық диалог алаңы – ашық микрофон түрінде өткен іс-шарада Абайдың қара сөздерінен дәйексөздер және өлеңдер оқып, барлығы бірге халық арасында кеңінен танымал «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мерекенің сәні ақын шығармаларына негізделген картиналардың көркемсурет көрмесі болды. Абай үйіне экскурсия жасау мен халық ойындары кездесудің қызықты өтуіне әсерін тигізді.

 

Музейдегі түн. 2025

2025 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі түн-2025» Халықаралық музейлік акция өтті. «Тағдырға айналған кәсіп» атты акцияның тақырыбы Жұмысшы мамандықтарының жылына орайластырылған, осыған байланысты музей-қорық облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ауқымды мәдени-танымдық жобаны ұсынды. Акция аясында мерекелік концерт өтті, оған облыстық филармония, драма және оперетта театрының солистері, сондай-ақ, Достық үйінің солистері қатысты. Келушілер қолөнершілік пен киімдерді қалпына келтіру және тоқымашылық бойынша шеберлік дәрістерге, сондай-ақ, көрме-жәрмеңкеге, квест ойындары мен ұлттық ойындарға қатысты. Отбасылық демалыс үшін «Көңілді демалыс өткізу» қарастырылды, онда балалар ойнап, сурет салумен қатар, халықтың еңбек құралдарымен таныса алды. Сондай-ақ, келушілер үшін сауда қатарлары мен тантамарескалар, яғни суретке түсуге арналған стендтер орнатылды.

 

«Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме. 2025

2025 жылдың 5-12 мамыры аралығында «Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «1941-1945... жылдар, ғасырлар өтсе де – ұмытылмайды» атты ШҚО музей-қорығының көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде соғыс жылдарындағы тұрмысты шынайы көрсететін интерьер элементтері, яғни 40-шы жылдардағы тұрмыстық заттар, баян, патефон және жиһаз сияқты бірегей жәдігерлер қойылды. Дайындалған экспозиция – бұл халықтың жауынгерлік ерлігі туралы естелік. Батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан етеміз!

 

Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке. 2025

12 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.

 

Наурыз мейрамы. 2025

22 наурыз күні ШҚО музей-қорығы Наурыз мейрамы аясында жалпықалалық іс-шараға қатысты. Орталық алаңға тігілген үлкен киіз үйге музей-қорықтың этнографиялық көрмесі қойылды. Қала тұрғындарының назарына кілем тоқу, тұрмыстық заттар және қазақтың ұлттық киімдері ұсынылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке түрлі қойылымдармен және тақырыптық концерттік бағдарламамен сүйемелденді.

 

Ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі. 2025

18 наурызда Республика алаңында орналасқан үлкен киіз үйде Наурызнама мерекесі аясында ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде музей-қорық қызметкерлері заманауи киім үлгілерімен қатар, көне қазақ ұлттық киімдерін де көрсетті. Сондай-ақ, әйелдердің зергерлік бұйымдары: білезіктер мен қапсырмалар және  музей-қорықтың қор топтамасынан қазақтың бойтұмар және шолпы сияқты әшекей бұйымдары да ұсынылды.

 

«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі. 2025

2025 жылдың 6-7 наурызы күндері Өскемен қаласында креативті индустрияларды дамыту аясында Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті.

 

Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні. 2025

15 ақпанда ұмытылмас күн – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. ШҚО музей-қорығында музейде еңбек ететін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Оларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді. Музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құттықтау сөз сөйлеп, әріптестері мен іс-шара қонақтары әндер шырқады. Ардагерлер атынан М. Селиванов пен А. Құрымбаев  сөз сөйлеп, сол бір қиын жылдар туралы естеліктерімен бөлісті. Олар өз борыштарын атқара отырып,  болашақ ұрпаққа үлгі боларлық батылдық пен ерлік көрсетті.

 


Page 4 of 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Members : 3
Content : 3152
Content View Hits : 39691330

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...