«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы — ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорт салаларында үздік жетістіктерімен көзге түскен 35 жасқа дейінгі жастарға мемлекет тарапынан берілетін беделді марапат.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
* Әдебиет
* Ғылым
* Дизайн және бейнелеу өнері
* Журналистика
* Классикалық музыка
* Қоғамдық қызмет
* Спорт
* Театр және кино
* Эстрада
* Халық шығармашылығы
Үміткер бола алады:
* Халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары
* Спорт жарыстарының жүлдегерлері
* Қызметі инновациялық сипатта болып, қоғам мен саланың дамуына үлес қосқан жастар
Кандидаттарды ұсынушылар:
* Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар
* Қоғамдық бірлестіктер
* Қазақстан аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар
Қажетті құжаттар:
1. Жеке куәліктің көшірмесі
2. Белгіленген нысандағы тіркеу өтінімі
3. Өтінішхат және жетістіктер туралы анықтама
4. Марапат құжаттарының көшірмелері (болған жағдайда)
5. Кандидат туралы мақалалар, жарияланымдар (болған жағдайда)
6. Банктік шот туралы анықтама
7. Жетістіктерді растайтын қосымша материалдар (болған жағдайда)
Толық ақпарат пен өтінім нысанын министрліктің ресми сайтынан біле аласыз.