Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Әсел Басшыбек. Армандағы саябақ

Қазақстан  республикасы  мерекеленген  25- қазан  күні  облыс  орталығында  Жамбыл  саябағы  жаңаша  түрге, сипатқа  еніп, өзінің  келуші-леріне  қақпасын  айқара  ашты. Бірнеше жылдар бедерінде  саябақтың  аты ғана қалып,барлық  көрік -кейпінен айрылған- тын.Көпшіліктің  демалыс  орнының  бұлайша  кетеуі  кетуі  мәдениет  жанашыры,  белгілі  этнограф  Николай  Зайцевті қатты  толғандырды. Аз  уақытта  Киров  атындағы  сая-бақты  ел  демалатын  сұлу  орынға  айналдырған   ол,  осынау  саябақты  өзіне  үлкен  сеніммен  жүктегенде  еш  қарсылық  білдірмеген. Өйткені   әде-мілік  жасау  бұл  адамның  болмысына  тән.

Көп  өтпей- ақ  демалыс орны  айрықша  жөндеуден  өтті. Күтімсіз  қалған  ағаш - ағаштың  арасы, айналасы  тазаланып, көктемде  отырғызылуға  тиісті  сан  түрлі  гүлдер   үшін  орындар  дайындалды, тіпті  балалар  асыр  салып  ойнайтын    бұрыштар   да  барлық   қажеттілігі  ескеріле  отырып,  қарастыр-ылған.  Ал, саябақ  ішіндегі  жануарларға  арналған  зообақ  өзгеше  қорша-лып,  әр  келуші   көңілін  көтермек  екен.

- Аддағы  уақытта  саябақтың  сол жақ  бұрышына  таман  Бесқарағай  ауданының  Ақкөл  әкелінген  ағаштан  мешіт  тұрғызылмақшы.  30- ға  тарта отыратын  әсем  орындықтар  қойылады,  әртүрлі  мүсінтастар  орын  тебеді.   Сөйтіп  бұл  саябақта  өскемендіктердің  еркін  демалатын  орнына  айналмақ.  Әлі де  жасалатын  істер  мен  жұмыстар  көп,- дейді  үлкен  істің  басшысы , облыстық  сәулет-этнография және тәбиғи-ландшафты  мұражай- қорығының  директоры  Николай  Алексеевич Зайцев.

Тағы  бір  армандағыдай   әсем  демалыс  орны  өмірге  келгені  жан  жадыратты.

Әсел Басшыбек

«Дидар» газеті, №109, 2006 жыл 28 қазан