Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!

«Қайта тірілген күн…». 2017

2017 жылғы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық   музейқорығында көне  иконалар  мен шіркеулік керек-жарақтардан ұйымдастырылған «Қайта тірілген күн…» атты көрме ашылады.

   

Мерейтойлық «Жыл мезгілдері» көрмесі. 2017

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Алтай» галереясында 7 сәуірде алғаш  рет риддерлік  суретші Валерий Ноздрин картиналарының «Жыл мезгілдері» атты дербес көрмесі ашылады.

Экспозицияға 46 кескіндемелік туынды енген, олардың әрқайсысы   - суретшінің қоршаған ортаға деген көзқарасын паш етеді. Қылқалам шеберінің  көңіліне жағымды жанры – пейзаж. Валерий Ноздриннің табиғатқа деген өзіндік қарым-қатынасы бояу мен қылқалам арқылы мүмкін еместі дүниеге әкеледі,  яғни керемет бір тылсым дүниені – хош иістердің және сәл ғана естілгендей болып, тыныштыққа ауысатын дыбыстардың сиқырлы аурасын сезіндіреді. Табиғатқа еліктеу – оның формалары мен түстерінің сиқырын көре білу деген сөз. Оның туындылары күнделікті үйреншікті дүниеге жаңаша қарауға үйрететін және әркімге өзіндік бір сезімнен туындаған керемет эмоциялар толқынын сыйлайтын картиналар деуге болады.

   

Ақпанда не ексен... 2017

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының жылыжайларында 150 мыңнан астам бір жылдық гүлдер өсіріледі.

Жаз мезгілінде олар түрлі түстерімен көз жауын алып, қыста – ел көзінен жасырынады. Жылыжай шаруашылығының жұмыскерлері гүлдердің оннан астам түрін өсіреді. Қыс айлары өтіп, жылы күндер келгенде шырайгүлдер, бегониялар және арыстан ауызы гүлдері музей-қорықтың гүлзарларына «көшіріледі». Ал, әзірше, олар өскемендіктерді өзінің әсемділігімен шаттандыру үшін күш жинауда. Гүлдер әлемінде бізде болып, жылыжай меңгерушісі Ирина Белоусовамен кездесіп қайттық.

   

Құдай даналығы рухани кітаптарда

2017 жылғы 11 наурызда Өскемен және Семей епархиясында Рухани кітап күніне арналған «Құдай даналығы рухани кітаптарда» атты тақырыпта жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара өткізілді

 

   

Наурыз нақыштары. 2017

2017 жылғы 16 наурызда Қ. Қайсенов көшесі, 67, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында сәндік-қолданбалы өнерінің «Наурыз нақыштары» атты көрме ашылды.

   

Маған басорамал, көгілдір орамал сыйлашы. 2017

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында  8 наурыз қарсаңында павловопосад басорамалдарының көрмесі ашылды. Ол облыстық музей-қорық пен Ресейдің халықаралық «Ұлы жібек жолы» мәдени-экономикалық ұйымы арасында орнатылған Достық көпірі аясында ұйымдастырылды.

   

Кашаку Гүлжан – музей-қорығының ғылыми қызметкері – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты, мәдениет пен өнер саласындағы үздік жобасы үшін өткен конкурстың «Музей ісі» номинациясы бойынша жеңімпазы. 2017

2017 жылғы 3 наурызда жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Елбасы Қоры Сыйлығы 2008 жылы бекітілген. Осы уақыт аралығында 160-тан астам қазақстандық Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты атағын алыпты.

Биылғы жылы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер саласындағы үздік жоба конкурсына 127 үміткер қатысты. Музей-қорықтан сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлжан Кашаку «Шығыс Қазақстан облысы ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасының музей-қорықта зерттелуі мен насихатталуы» тақырыбындағы жобасымен қатысты.

   

Тоғжан Оспанованың таңғажайып әлемі. 2017

 3 наурызда музей-қорықтың М.Горький көшесіндегі 59 ғимаратында орналасқан «Алтай» галереясында суретші Тоғхан Оспанованың «Әйел көзқарасы» атты дербес көрмесінің ашылуы болып өтті.

Ол картиналардың ішінде лирикалық пейзаждар, аңсауға толы зсселер, толыққанды натюрморттар, суретті-портреттер мен әдемілік пен тамаша көңіл күйден сыр шертетін гүлдер тоғысқан. Аталған экспозиция ең  әсем мерекелердің бірі Халықаралық әйелдер күні –  8 наурызға арналып, 50-ге тарта талантты да дарынды жерлес әйелдердің болмысын арқау етеді.

   

Өскемендегі зообақ тағы бір баспен толықты. 2017

Өткен жылдың күзінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінде теңбіл бұғылар төлдеп, көпшілікті қуантқан болатын. Сол үш қодықаның өмірге  келгеніне міне, алты айға жуықтады. Қазір олар өздерін әбден еркін сезінеді.  Десе де олар мұндағы қызықтаушылардан өздерін бөліп тұрған торға жақын барудан жасқанады.

   

Бәрі де өз қолыңда. 2017

7 ақпанда музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында жерлестеріміздің сан түрлі әуесқойлықтарымен таныстыратын «Бәрі де өз қолыңда» атты коллекциялар көрмесі болып өтті. Көрмеде келушілер назарына әр түрлі техникалар мен жанрда жасалынған 200-ге тарта экспонат ұсынылды.

   

«Олжа» сілеусін музей-қорықтың зообағына орналастырылды. 2017

2016 жылғы 11 желтоқсанның таңы  музей-қорықтағы фауна бөлімінің меңгерушісі  Зайнитдин Шәмшиев үшін қызық оқиғамен басталды. 

– Өскемен қаласының Солжағалық ауданындағы полицейлік учаскелік инспектор балабақшаның ауласында сілеусін жүр деп хабарлады. Ең  алдымен бұл жыртқыш аңды  қардан жол тазалауға шыққан аула сыпырушы байқаған екен. Сасқалақтаған ол оның қандай аң екенін айыра да алмай қалған. «Бізде, сәкіде бір аң отыр және ырылдайды!» – осындай хабармен ол полицияға барыпты, – деді З. Шамшиев.

Адасып қалған аңды ұстауға зообақтың мал дәрігері мен екі жұмысшысы барған. Ал ол кішкентай сілеусін болып шықты, соның өзінде адамдарды ырылдап қарсы алды, торды айналып өткен ол қаша арқылы қашып кетуге ұмтылды. Бөгелуге болмайтынын түсінген жұмысшының бірі аңның соңынан күпәйкесін лақтырып жіберді, сөйтіп теңбіл аңды жауып қалған киім оның жолын кесті. Зообаққа жеткізілген бұл жыртқыш аңның әлі бір жасқа толмағаны анықталды.

   

«Жаңажылдық ертегі» іс-шарасы. 2016

лучшие анимации2016 жылғы 21 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің мамандары Өскемен қаласының кіші жастағы балалары үшін дәстүрлі жаңажылдық таңертеңгілік өткізді. Театрландырылған қойылым Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусының залында өтті. Таңертеңгілікке №4 орта мектептің оқушылары қатысты.     

Қар Ханымы Жаңажылдық Түн Сиқыршысынан сиқырлы сағатының минуттық тілін тартып алып, Жаңа Жыл ешқашан басталмасын деп уақытты тоқтатып қойды. Қаршалар Ақшақарға шағымданады, бірақ Ақшақар Жаңажылдық Түн Сиқыршысымен балаларды мұңаймауға және көңілденіп би билеуге шақырады. Сол кезде Аяз Ата көмекке келіп, балаларға жоғалтып алған сағат тілін қайтарып береді. Балалар қуанып, таңертеңгіліктің кейіпкерлерімен ойын ойнап, шыршаны айналып ән салып, би билеп, Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақтар оқиды. Таңертеңгілік жаңажылдық құттықтаулар мен сыйлықтар таратумен аяқталады.     

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL