Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Көрмелер

Көрмелер

Выставка «Необычные марки»«Ерекше маркалар»  көрмес

Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекен-жайындағы көрме залында   өскемендік әйгілі коллекционер Евгений Илющенконың дербес көрмесі ашылды. Көрмеде сүргіштен, жібектен, пластикадан  және басқа материалдардан жасалған пошталық маркалар ұсынылған.

 170 жыл ішінде марканы дайындау үшін үйреншікті қағаз ғана емес, капрон, ағаш, сондай-ақ алтын мен күміс те пайдаланылған. Ол пошталық төлемақы белгісі  ғана болмай, біртіндеп коллекционерлердің  назар аударатын нысанына айналды, яғни филателия деп атауға ие болған қозғалысқа өмір берді. Бүгінгі күні пошта маркалары – өнердің миниатюралық нәзік туындысы, әлем бойынша ең әйгілі  және тұрақты коллекциялық нысан. Пошта маркаларының тұпнұсқаларымен экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімі ұйымдастырған «Ерекше маркалар» көрмесінде танысуға болады.


Сергей Суровтың  фото суреті

 

Көрмелер

«Шәкәрім – Абайдың рухани мұрагері» көрмесі

Рухани жанғыру

Портрет Шакарима. Художник Болат ИсинМузей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын және философ, ұлы Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған жаңа көрме ашылды.
Көрмеде Абайдың, Шәкәрімнің және абайтанушылардың еңбектері қойылды. Олардың қатарында қажырлы ізденісінің арқасында Шәкәрім есімін халқына қайтарған белгілі шәкәрімтанушы Қайым Мұхамедхановтың зерттеулері де бар.

Сондай-ақ, көрмеде шығысқазақстандық филолог, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қабдылқайыр Құдайбергенов жас кезінде ел аузынан жазып алып, кейін орыс тіліне аударған Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы алғаш рет көрме төрінен орын тепті.
Сондай-ақ, көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.К. Исиннің Абай және Шәкәрім шығармаларының желісі бойынша салған кескіндемелік туындылары ерекше ажар берді. Ал оларды Шәкәрім дүниеге келген өлкенің бай табиғаты мен ақын шығармаларындағы кейіпкерлермен тікелей байланысты орындарды өзіндік ізденіспен бейнелеген Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Г.М. Бекбердинованың туындылары әдемі толықтырған.

 
   

Көрмелер

Рухани жанғыру

Выставка «В ритме джаза»

«Джаз ырғағында»

Музей-қорықта суретші Виктор Шевченконың «Джаз ырғағында» атты көрмесі ашылды. Виктор Шевченко Өскемен құрылыс-жол институтының сәулет факультетінде оқып жүргенде-ақ кескіндеме салумен шұғылданды. Ол әртүрлі техниканы пайдаланса да, өзі айтып өткендей, оған ең жақыны акварель болды. Кейінірек ағаштан мүсін жасауға ден қоя бастаған. Суретші сондай-ақ, аэрографты шаңдату мен кең форматты мөрді пайдалану арқылы суреттер жиынтығын (фотоколлаж) жасауды меңгерді. Ол компьютерлік графикамен шұғылданады, ал соңғы кездері инсталляция жасауға талпыныс жасап жүр. 

 Виктор Шевченконың «Құстардың бесік жыры», «Қарттық», «Автопортрет» және басқа да картиналары философиялық мазмұнға өте бай. Оларда өмір шындығы абстрактілі, ғарыштық дүниелермен астасып жатады. Суретшінің мейлі акварельде, мейлі мүсінде, тіпті, жиынтық суреттері мен   инсталляциясында болсын нағыз өмір мен түйсіну шектері ұласып  отырылады. Виктор Шевченконың  кескіндемелерінде сюрреализм өкілдері  -  испандық Сальвадор Дали  мен француз суретшісі Ив Танганың туындылары ерекше беделге ие. Ал соңғы кездері Шевченко Иван  Шишкин мен  Илья  Репиннің шығармашылығына пиететпен қараса,  Иван Айвазовский мен импрессионистерді ерекше ұнатып жүр.

   

Көрмелер

Рухани жанғыру

Фотограф жалғыз дана сурет түсіреді

Солжағалық кешеннің Үлкен залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында музей-қорықтың маман-фотографы Сергей Суровтың «Менің қасиетті өлкем» атты фотокөрмесі ашылды.

 

Сергей Борисович Суров Ленинградтың кино инженерлерін даярлайтын институтында (қазір - Санкт-Петербург мемлекеттік кино және телевидение институты) білім алған. Ол алғашқы курстарда оқи жүріп,   «Ленфильм» киностудиясында тәжірибеден өткен кезде-ақ кинооператор болуға бел буды.  Сергей Суров институтты тәмамдаған соң туған қаласы -  Өскеменге оралып, 20 жыл бойы табан аудармастан облыстық телестудияда, одан соң мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясында 10 жылдай  оператор болып істеді және облыстық «Рудный Алтай» газетінде  фототілші қызметін атқарды. Оның бұл көрмесі музейдің «Ең бастысы дарындылық туралы» атты жобасы шеңберінде және музей-қорықтың 50 жылдығына орайластырылып өтуде.…