|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Оралхан Бөкей шығармашылығына және Семей қаласына арналған картиналар. 2018
 
11 желтоқсанда Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған көнференция болып өтті. Онда осынау оқиғаға орайластырылған картиналар көрмесі болды. Аталған көрмеге музей-қорық қызметкері де қатысқан-ды.
|
Н. Назарбаев в жизни писателей ВКО (К.Кайсенов, А.Нуршайыков, О.Бокей). 2018
 
2018 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері қаладағы № 37 орта мектептің 6 сынып оқушыларына «Н.Назарбаев және Шығыс Қазақстан жазушылары (Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, О.Бөкей)» атты лекция оқыды.
Лекция Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен, Тұңғыш Президент Музейі сыйлаған жерлес-жазушылар Қасым Қайсенов пен Әзілхан Нұршайықовтың кітаптарымен, фотосуреттерімен, құжаттарымен және мемориалдық заттарымен, сондай-ақ, жазушы Оралхан Бөкейдің «Президенттің бір аптасы» мақаласымен таңыстырады.
Конференция «Оралхан Бөкей әлемі». Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. 2018
ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында. 2018
 
2018 жылғы 27-30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу шеңберінде музей-қорықтыңақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары «Менің елімнің Президенті» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараға Өскемен қаласының №39 және №26 мектептерінің оқушылары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Туризм» мамандығының бірінші курс студенттері қатысты. 30 қарашада № 5518 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен офицерлерге арналған іс-шара өткізілді.
Халық шығармашылығы. 2018
 2018 жылғы 28 қарашада халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова, М.А. Бемм және М.О. Торайғырова Достық үйі – ШҚО қоғамдық келісім орталығының фойесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысының XXV сессиясын өткізу аясында «Халық шығармашылығы» атты стационарлық көрме ұйымдастырды. Көрмеге орыстың ұлттық стилінде орындалған халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әртүрлі 50-ге тарта бұйымы қойылды. Көрмені барлығы 500-дей адам тамашалады, олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов те болды.
Тұңғыш Президент Музейінің Тартуы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне . 2018
 
2018 жылғы 27 және 29 қараша күндері музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері қаладағы А.Байтұрсынов атындағы № 20 және № 37 орта мектептердің оқушыларына «Тұңғыш Президент Музейінің тартуы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде)» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық мұрасы және елбасының әдебиет қайраткерлеріне көрсеткен қолдауы жайлы әңгімелейді.
Павлодардағы Орыс музейі. 2018
  
2018 жылғы 20-26 қазан күндері музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің мамандары көшпелі мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен Халықаралық «Орыс музейі: Виртуалды филиал» жобасы аясында Павлодар қаласында болып қайтты. Музей-қорық мамандары Павлодар облыстық көркемсурет музейі мен қаладағы колледждер базасында мектеп оқушылары мен студенттерге төмендегідей бағдарламаларды ұсынды:
1.«Мемлекеттік Орыс музейі бойынша саяхат. Михайлов сарайы. Картинаға ену бағдарламасы»;
2.«В.М. Васнецов шығармашылығындағы тарихи және фольклорлық кескіндеме»;
3.«В.И. Суриков – тарихи суреттер шебері».
Барлығы 100 адамға қызмет көрсетілді.
Ағаш мүсіндер көрмесіндегі ғажайып сәттер. 2018


1 қарашада «Алтай» көрме залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Юрий Костанянцтың музей-үйіндегі шеберлердің ағаштан ойып жасаған бұйымдарының «Ғажайып сәт» атты көрмесі ашылды. Оны ұйымдастырумен көрме-экспозициялық бөлім айналысты.
Толығырақ...
Қытай делегациясы музей-қорықта болды. 2018
 
Жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келген Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері музей-қорықта болып қайтты.
Бас консулдықтың мәдениет және туризм жөніндегі консулы Ван Цинпин айтқандай Қытай Халық Республикасының өкілдері Шығыс Қазақстанға өлкеміздегі түрлі ұйымдармен мәдениет, туризм саласында және басқа да салаларда байланыс орнатып, нығайту үшін келген екен. Екі күн бойы, 22 – 23 қазанда қонақтар музей-қорық экспозицияларымен танысты.
Толығырақ...
Рухани келісім күні – біздің жан дүниемізде. 2018
 
18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтілді. Бұл дәстүр 1992 жылдың қазанында Алматыда өткен Бүкілдүниежүзілік Рухани Келісім конгресінен бастау алған болатын. Оған қатысушылар қабылдаған манифесте 18 қазанды Рухани келісім күні — адамдар арасында өзара түсіністік пен қайырымдылық орнататын ұлтаралық күн деп жариялауды ұсынды.
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |