No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-32-40' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 130:2010-10-25-05-32-40
халықаралық :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары халықаралық


«Орыс арулары». 2023

2023 жылдың 29 сәуірінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінің үлкен павильонында «Орыс арулары» стационарлық фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге Н.Л. Шабельская топтамасынан 22 факсимильді фотосуреттер қойылды-бұл дәстүрлі мәдениеттің ең танымал топтамаларының  бірі. Сирек фотосуреттерде қыздар мен әйелдердің халықтық костюмдеріндегі модельдер – сол жылдардағы сұлулықты бейнелейтін Ресей губернияларының өкілдері бейнеленген. Көрмені Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі ұсынды. Көрменің ашылуын орыс этнографиясы бөлімі дайындап, өткізді. Іс-шараға 75 адам қатысты.

 

 

Ғажап Қытай алғашқы қытай көрмесінде. 2019

26 ақпан күні музей-қорықта «Тамсандырған Шығыс Қазақстан, әсемдігімен баураған Қытай» атты алғашқы қытай мәдени-туристік көрмесі ашылды. Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының, Қытай Халық Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азиядағы (Астана қ.) және Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының өкілдері қатысты.

 

 

Парсы нақыштары (Фирдоусидің «Шахнаме» кейіпкерлерінің бейнесі). 2017

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мәдени орталығының ұйтқы болуымен және ұзақ мерзімге бағытталған «Шекарасыз музей» атты жоба аясында 5 мамыр күні сағат 17-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Алтай» галереясында Иран миниатюрасы мен сәндік-қолданбалы өнерінің «Парсы нақыштары» атты көрмесі ашылады.

Көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин мырза қатысады.

 

Тагил табақтары: ғасырдан ғасырға… 2017

12 мамырда Шығыс Қазақстан  облыстық  сәулет-этнографиялық  және табиғи-ландшафттық  музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі Үлкен павильонда тагил табақтары коллекциясынан «Кескіндеме кереметі. Тагил табағы» атты көрме ашылады.

Ірі өндіріс орталығы болып саналатын Нижний Тагил тұрғындары үш ғасырға таяу уақыттан бері темірді әшекейлеумен айналысып келеді. XVIII ғасырдың 40-шы жылдары дүниеге келіп, ХХІ жүзжылдықта белсенді дамып келе жатқан уралдық лакты әшекей өнері Ресейдің көркемсурет мәдениетін ерекше байыта түсті. Оларда жоғары кәсіби шеберлік, әдемілікке ұмтылу және халық кескіндемешілерінің нағыз дарыны танылды. Тагил табағы қатардағы тұрмыстық қолданыстағы дүниеден жүрекке жақын болып көрінетін көркем шығармаға айналды. Бүгінде Тагил табағы – Ресей тарихының, мәдениеті мен өнерінің жанды бөлігі.

 

Наурыз әлемді шарлауда! 2016

Наурыз шагает по планете! 2016Наурыз шагает по планете! 2016

14 наурызда сағат 15.00-демұражай-қорықтың Қасым Қайсеновкөшесі, 67  мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында «Наурыз әлемді шарлауда!» атты көрме ашылды, бұл көрме  Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.  

Наурыз мейрамы – көктемгі Жаңа жыл мерекесі жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі болып табылады. Оның атауы парсы тілінен аударғанда «ноу» - жаңа және «роуз» - күн деген екі сөзден тұрады. Бұл  мерекені  ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізген. 21 наурызды БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық Наурыз күні деп жариялап, ол  наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түнде атап өтіледі. Бүгінде бұл күн Қазақстан жерінде тұрып жатқан барлық ұлттардың сүйікті мерекесіне айналып отыр.  

 

Орыс өрнектері. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

«Орыс өрнектері» көрме-сатылымы мұражай-қорық және «Ұлы жібек жолы» атты ресейлік халықаралық экономикалық және мәдени ұйым арасында орнаған достық көпір аясында ұйымдастырылған.  

 

Көрмеде ХІХ ғасырдың соңында пайда болған деп саналатын, «Павловпосадтық басорамал мануфактурасы» - Ресейдегі жүн шәлілер мен басорамалдар өндіретін ең көне кәсіпорынның 150-ге жуық жұмыстары назарға ұсынылған. Оның атауы Мәскеу губерниясының Богородский уезді Павлово селосынан шыққан. Ол жерде шаруа Иван Лабзинның жібек басорамал фабрикасы болған. Бұл бас кезінде ұсақ өндіріс болған және Павловский Посадта мұндайлар аз болған. Бірақ соңында дәл осы Лабзиндер фабрикасының өнімі Ресей мемлекетінен тысқары елдерге де танымал болды.

 

 

Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар аясында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдениет жөніндегі өкілділігімен бірлесіп мұражай-қорық өткізген сәндік-қолданбалы өнер көрмесі. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаИранның көлемі жағынан үшінші шаһары – Исфахан қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары көрмеге қойылды. Бұл қалада көбінесе кілем, тоқыма бұйымдар мен қолдан жасалатын заттар өндіріледі. Иран шеберлері өз халқының дәстүрлеріне ерекше құрметпен қарап, өз өнерін ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Исфахан шеберлерінің қолдарынан шыққан жапқыштар мен асжаулықтардағы әсем өрнектер көрерменнің көз жауын алады. Сәндік паннолар мен талеңкелер, құмыралар мен вазалар, қобдишалар, әртүрлі қорапшалар орындалу шеберлігімен және мәнерімен таң қалдырады. Көрмеде, сондай-ақ  тарих, сәулет жөнінде, ирандықтардың қазіргі заманғы  өмірінен сыр шертетін фотолар мен репродукциялар көрермендердің назарына ұсынылды.

 

«Мыңжылдық керуені. Қырғызстанның сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі. 2014

Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»

2014 жылғы 12 қыркүйек күні мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің Кіші павильонында біздің қаламыздың мәдени өмірінде жарқын және ұмытылмас оқиға - «Жібек жолының жазираларында» жобасы аясында «Мыңжылдық керуені. Қырғызстанның сәндік-қолданбалы өнері» атты халықаралық көрменің ашылуы болды.

Көрмеге қазіргі заманғы қырғыз шеберлерінің бірегей шеберліктерін көрсететін сәндік-қолданбалы өнердің дәстүрлі түрлері ұсынылған.

 

Микроскоп астындағы ғажайып. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина2014 жылғы 10 сәуір күні мұражай-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «Микроскоп астындағы ғажайып» атты новосібір шебері  В.М. Анискинның микроминиатюралар көрмесі ашылды.

 

World Press Photo 2013. 2014

ВЫСТАВКА ПОБЕДИТЕЛЕЙ ВСЕМИРНОГО КОНКУРСА  ФОТОЖУРНАЛИСТИКИ WORLD PRESS PHOTO 2013 В УСТЬ-КАМЕНОГОРСКЕВЫСТАВКА ПОБЕДИТЕЛЕЙ ВСЕМИРНОГО КОНКУРСА  ФОТОЖУРНАЛИСТИКИ WORLD PRESS PHOTO 2013 В УСТЬ-КАМЕНОГОРСКЕФОТОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ WORLD PRESS PHOTO 2013 БҮКІЛДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНКУРСЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨСКЕМЕНДЕ

Өскемен. 2014 жылғы 30 қаңтар. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорықта адам құқықтарының Халықаралық күнін мерекелеуге арналған  World Press Photo 2013 көрмесі ашылды. Қазақстандықтар осыдан бұрын желтоқсан айында Астанада, содан кейін қаңтардың бірінші жартысында Қарағандыда ұйымдастырылған көрмені тамашалау мүмкіндіктеріне ие болған-ды.

Осынау бірегей саяхатшы көрмеге фотожурналистиканың әлемдегі ең абыройлы World Press Photo конкурсының 150 жеңімпаз-еңбектері енген. Экспозиция 2012 жылдың ең маңызды оқиғаларынан көрініс береді.

 

Халықаралық көркемөнер-экологиялық жоба . 2013

«Мен қолымнан келгеннің бәрін істеп жүрмін»

Америкалық үндістердің көне аңызынан

Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»

«Экология. Мұражай көзқарасы» көрмесі – Алтай өлкесі Мемлекеттік мұражайының «Орыс мұражайы. Виртуалды филиал» ақпараттық-білім беру орталығының Алтай өлкесінің халықаралық және өңіраралық байланыстарды қамтамасыз ету жөніндегі басқармасымен және «Природа Алтая» газетімен бірлесіп, Алтай өлкесінің мәдениет және мұрағат ісі жөніндегі басқармасының қолдауы арқылы бастамашылық жасап, жүзеге асырған үлкен халықаралық жобасының қорытынды кезеңі болып табылады.

 

Орталық Азия соқпақтары бойынша. 2012


Сфинкс

----

Мұражай-қорықта 2012 жылдың 29 ақпанынан 29 сәуіріне дейін Николай Константинович Рерих пен Святослав Николаевич Рерих картиналарының «Орталық Азия соқпақтары бойынша» атты көрмесі көрсетіледі, ол академик Н.К.Рерихтің Орталық Азиядағы экспедициясының 85 жылдығына арналған. Көрме Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен Н.К.Рерихтің Халықаралық Мұражай-Орталығының (Мәскеу қаласы) бірлескен жобасы болып табылады.

 
  • «
  •  Босының алдындағыірінші 
  •  Осының алдындағы 
  •  1 
  •  2 
  •  3 
  •  4 
  •  Келесі 
  •  Соңғы 
  • »


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …