• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары "Шығыс кәдесыйы-2023". 2023

"Шығыс кәдесыйы-2023". 2023

2023 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында ШҚО мәдениет басқармасының қаржылай қолдауымен "Шығыс кәдесыйы-2023" фестиваль-конкурсы өтті.

Фестивальдар-қолөнер конкурстарын өткізу дәстүрге айналды, жыл сайын іс-шараның орны мен мәртебесі ауысып отырады. Мысалы, 2009 жылы Өскеменде "Шығыс кәдесыйы" 1-ші республикалық фестиваль-конкурсы өтті, оған Қазақстан Қолөнершілер одағының өкілдері мен Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар облыстарының шеберлері шақырылды. Содан кейін фестиваль-байқауға 50-ден астам қолөнерші қатысты. Сол жолы. 2011 жылы Семей қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, таяу шетелдерден: Ресей, оның ішінде Татарстаннан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытайдан 60-қа жуық қолөнершіні жинаған "Асыл мұра" атты халықаралық фестиваль-конкурсы ұйымдастырылды.

Бүгін өткен облыстық фестиваль-конкурсқа облыстың қалалары мен аудандарынан 60-тан астам шебер мен қолөнерші қатысты.

Фестивальдар мен конкурстар өткізудің мақсаты – ШҚО-ның дәстүрлі қолөнерін жаңғырту, сақтау және дамыту, табысты қолөнер бизнесі үшін қажетті инфрақұрылым құру, кәсіптік біліктілікті, іскерлік сауаттылықты арттыру, қолөнер бұйымдарының нарығы туралы заманауи ақпарат беру, жергілікті деңгейде өнімді өткізу арналарын жолға қою, қолөнер ісін жастарға табыстау, облыс қолөнершілері туралы ақпарат жинау.

Конкурсқа қатысушылар өздерінің әртүрлі техникада, әртүрлі материалдан  жасалған жұмыстарын ұсынды. Жыл сайын фестиваль-конкурс туралы білетін адамдар қатары көбейіп келеді. сондықтан қатысуға ниет білдірушілер саны арта түсуде. Биыл фестиваль қатары жаңа шеберлермен толықтырылды және ең  қуанарлығы, олардың басым бөлігі 18-35 жас аралығындағы жастар.

Нәтижесінде әр түрлі номинациялар бойынша 18 жеңімпаз дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Олардың арасында өте жас қатысушылар да бар. Мысалы, С. Баталина Өскемен қаласындағы № 24 мектептің 6 сынып оқушысы.

Фестиваль-конкурстың номинациялары мен жеңімпаздары:

- "Жоғары шеберлік"

1 орын – Гүлмира Айгожина

2 орын – Сейлбег Асхан

3 орын – Наталья Дарницина

- «Дәстүрлі қолөнер»

1 орын – Қайрат Ибраев

2 орын – Кәмшат Айтау

3 орын – Парида Умирбаева

- «Бастамашылық»

1 орын – Жанна Тоқтарқан

2 орын– Маржан Әуелбекова

3 орын – Рауза Исенова

- «Жас қолөнерші»

1 орын – Қарақат Мұратқызы

2 орын – Святослава Баталина

3 орын – Гүлсім Құлжанбекова

- «Кәсіпкерлік»

1 орын – Евгения Отческая

2 орын – Казиз Жанарбек

- «Қолөнерді дамытуға қосылған үлес» – Мухамеджанова Раиса Черяздановна

- «Үкілі домбыра» – Бақыт Кеншілік

- «Жыл шебері» – Ерболат Ақаев

-  «Жас шебер» – Әділбек Әлібекұлы

 

- «Халық таңдауы сыйлығы»:

Жұлдыз Уалиева

Асқар Раимбеков


Құрамына суретшілер, халық шығармашылығы саласының мамандары, ШҚО мәдениет басқармасының өкілдері, қолөнершілер кіретін қазылар алқасының мүшелері конкурсқа жоғары деңгейдегі және асқан шеберлікпен жасалған бұйымдарын ұсынған шеберлерге жоғары баға берді. Шебер қолөнершілерді салтанатты марапаттау рәсімі музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі орталық сахнада өтті.

Жүргізушілер жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыстау үшін ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Н.Қ. Ахметжановты, мәдениет, туризм және спорт қызметкерлері кәсіподағы ШҚ облыстық филиалының төрағасы Т.Т. Түсіпбековті, музей-қорық директоры А.В. Тенді және қазылар алқасының басқа мүшелерін, фестиваль ұйымдастырушыларын сахна төріне шақырды.

Көптеген адамның басын қосқан кезекті фестиваль-конкурс салтанатты һәм  мерекелік реңкте өтті, олар музей-қорыққа келуші қала тұрғындары мен қонақтары. Олар өздеріне ұнайтын затты сатып алды, шеберлік дәрістері мен  көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысты.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …