
Музей-қорық 18 мамыр күні бүкіл дүниежүзінде аталып өтілетін халықаралық музейлер күніне арналған бірқатар мерекелерді өткізуде. Аталған оқиғаларға орайластырылған іс-шаралар 16 мамыр күні «Жастар» саябағы мен музейдің көрме залдарында болды.
Бәрі «Жастар» саябағының орталық алаңында қазақ халқының ертеден келе жатқан алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі – «Қымызмұрындықтан» бастау алды. Оған облыстық ақсақалдар алқасы мен «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Олардан құралған «Атамұра» және «Ақниет» ансамбльдері концертке қатысты. Концертті Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №16 орта мектептің жас домбырашылары («Мұрагер» ансамблі) ашты. Сондай-ақ, концертте «Жұлдыз» өнер мектебінің қобызшыларынан құралған «Ерке» ансамблі мен №24 орта мектептің, «Назарбаев зияткерлік мектебінің», оқушылар шығармашылық сарайының жас артистері өнер көрсетті. Облыстық Достық үйінің «Ажарым» ансамблінің қыздары да өздерінің әсем әндерімен жиналған қауымның көңілін сергітті. Мерекеде танымдық конкурстар мен викториналар өткізілді.



Жаңалықтары
















