11 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Жастар» саябағында облыс қолөнершілерінің «Алтай базары» атты фестивалі болып өтті.
Оған облыстың 10 аймағының, атап айтқанда, Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Ұлан, Абай және Глубокое аудандарының 25 сәндік-қолданбалы өнер өкілі қатысты. Қатысушылар ағаш ою мен ағашқа өрнек салу, қоға мен шыбықтан түрлі бұйымдар тоқу, саздан белгілі бір зат илеу, ши тоқу сияқты сан түрлі халықтық өнер бойынша тегін шеберлік дәрістерін өткізді. Дәрісте пайдаланылған материалдарды фестивальға қатысушылар әкелсе, оны үйренушілер санаты әртүрлі адамдардан тұрды.



Жаңалықтары





















