• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары Жаңалықтары
Жаңалықтары


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған Ескі Жаңа жыл. 2025

2025 жылдың 17 қаңтары күні ШҚО мәдениет басқармасының қолдауымен Солжағалық кешенде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Ескі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті!

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, ШҚО білім басқармасы мен музей-қорықпен бірлесіп «Ақниет» орталығының тәрбиеленушілері мен Өскемен қаласындағы №8, №19, №37 мектептердің оқушылары үшін театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар және сазды әуендермен интерактивті бағдарлама дайындады.

Балалар мерекелік шарадан керемет әсер алып, соңында оларға сыйлықтар тарту етілді! Бұл шара ерекше қонақтарымыздың барлық қажеттіліктері мен жайлылығын ескере отырып ұйымдастырылды.

 

Аяз Ата резиденциясының ашылуы. 2024

2024 жылғы 21 желтоқсанда музей-қорықтың Солжағалық кешенінде «Аяз Ата, Ақшақар - 2024» республикалық фестивалі аясында Аяз Ата қысқы резиденциясының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу күні қысқы резиденцияға 500-ден астам келушілерді, қала тұрғындары мен қонақтарды қабылдады. Тақ залында балалар мен ересектер Аяз Атамен сөйлесіп, хат жазып, естелік фотосуретке түсіре алды.

Сондай-ақ, іс-шара қонақтарын концерттік және ойын бағдарламасы, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі, «Нұр туған» Ежелгі мерекесінің орындалуы күтіп тұрды.

 

"Бейбітшілік және келісім" кездесуі. 2023

2023 жылғы 4 тамызда, қазақстандық медиаторлардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге музей-қорық әкімшілігінің өкілдері, ұжым мүшелері, сондай-ақ, "Шаңырақ" Шығыс Қазақстан медиация орталығының басшысы Е.А. Әбдрахманова, ШҚО бойынша облыстық соттың судьясы А.В. Володкина, бітімгер судьялар С.Ж. Данышпанова, А.С. Карманов, А.А. Қасенова, Ж.С. Қасенова, журналистер қатысты. Е.А. Әбдрахманова мен А.В. Тен ұжым алдында кіріспе сөз саптап, қазіргі қоғам жағдайында өзекті болып табылатын дауларды баламалы түрде шешу институтының маңыздылығын атап өтті.

 

Музей-қорықтың 55 жылдығына арналған «Музейдегі түн» аясындағы іс-шара. 2023

2023 жылдың 19 мамыры күні музей-қорықта музейдің мерейтойына арналған «55 жыл достар ортасында» атты жыл сайынғы «Музейдегі түн» акциясы өтті. Қ. Қайсенов атындағы саябақтың орталық сахнасы маңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарды вокалдық және би ұжымдарының мерекелік концерті күтіп тұрды. Саябақтың этноауылында орыстың қима бөренелерінде отырып, қоспа шәй мен ескі орыс рецептерімен жасалған  құймалар ішуге болатын еді. О. Бөкей үйінің жанында «Шабыт» студенттік театрының орындауындағы жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдау мүмкіндігі туды. Сауда қатарында мерекенің барлық қонақтарын қолдан пісірілген кондитерлік өнімдер мен самауырдың шәйі күтіп тұрды. Саябақ алаңдары мен музей ғимараттарында ойын-конкурстық бағдарламалары, шыныға сурет салу, қол өнері, халық және үнді билері бойынша шеберлік дәрістері, сондай-ақ, флэш-мобтар, викториналар және музей экспозициялары бойынша экскурсияларф өтті.

 

2023 жылдың 22 наурызында музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімі Наурыз мейрамына арналған «Дәстүрлі орыс тағамдары мен ойындары» іс-шарасына белсенді қатысты. 2023

Достық үйінің жанындағы алаң – Қоғамдық келісім орталығы орыс ұлттық тағамдарының көрмелері қойылған орынға айналды, олардың арасында «жаворонки», «тетёры» сияқты тағамдар пісірді, көктемгі күн мен түннің теңелуі күніне дәстүрлі түрде дайындалды және бұл біздің күндерімізге дейін ежелден келе жатыр. Олардан бөлек құймақ, бәліш және т.б. да дәстүрлі тағамдар дайындалды, сондай-ақ самауырдан шай ұсынылды. Мерекеде «Шеңберде қаптармен күрес» атты дәстүрлі орыс әзіл байқаулары ұйымдастырылды. Бұл орыс ойыны Масленица сияқты жаппай орыс мерекелерінде өтті. Балалар бұл жарыстарға ықыласпен қатысып, көрермендерді қуантты және қатысқаны үшін сыйлықтар алды. Қамту: 1500 адам.

 

 

Қазақтың дәстүрлері. 2023

Терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы қарсаңында музей-қорық директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакуқызы облыстық «Алтай» телеарнасының және «Дидар» газетінің журналисттерімен кездесті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жайлы әңгімеледі. Осы орайда, музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында көпшілік іс-шаралар, дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсияларын үнемі  өткізілетінін баяндады. Жаз мерзімінде қазақ ауылында тұсаукесер, беташар дәстүрлері көрсетіліп, қымызмұрындық, ұлттық домбыра күні сынды халықтық мерекелер тойланатыны тілге тиек болды. Әңгіме арқауы атқарылған істер болса, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен де бөлісті. Сөз соңында, Солжағалық этнографиялық кешен қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлерді, салт-саналар мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға өзіндік үлес қосып отырғанын баса айтты.

 

 

Қысқы маусымның ашылуы! 2022

2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.30-дан 19.00-ге дейін музей-қорықтың Солжағалық кешенінде мұз айдынының ашылуымен қысқы маусымның тұсаукесері өтті. Дәстүрге айналған іс-шараның негізгі мақсаты- тұрғындар арасында қысқы спорт түрлері мен спорттық өмір салтын насихаттау. Салтанатты шараға қала әкімі Жақсылық Омар, оның орынбасары И.Ф. Смит, журналистер қатысты. Мерекелік бағдарлама жас мәнерлеп сырғанаушылардың, Өскемен фристайлы жетекшілерінің, биік мүсіндер шоуының және музей-қорық қызметкерлері дайындаған хоровод, викторина, жарыса билеу бойынша өткізілген конкурс, сондай-ақ, "Бастеньки"фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қойылымдарынан тұрды.

 

«Жана Қазақстан. Таза табиғат». 2022

2022 жылдың 19 қазанында, «Самал» саябағының аумағында Республика күніне арналған «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы өтті. Шара экологиялық мәдениет дәстүрлерін, жерге деген сезімталдықты насихаттауға бағытталған. Музей қызметкерлері қыркүйек айында отырғызылған алма көшеттерін қыс мезгіліне дайындау жұмыстарын жүргізді. Жабылатын материалды (қапшық) қала кәсіпкері Сергей Бродский берді. 200-ден астам ағаш қысқы «киім» алды.

 

 

Шығыс Қазақстан немістерінің "Видергебурт" мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениеті фестивалі. 2022

2022 жылдың  10 қыркүйегінде  неміс мәдени орталығы музей-қорық қызметкерлерімен бірлесіп, музей-қорықтың Солжағалық  кешеніндегі этноауылда Шығыс Қазақстан немістерінің  «Видергебурт» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениетінің фестивалін ұйымдастырды. Фестивальді Ольга Штрауб жетекшілік ететін камералық оркестр ашты. Мәртебелі қонақ – ақын, өлкетанушы, коллекционер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров болды.

 

Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі. 2022

2022 жылдың 9 қыркүйегінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғалым-қатысушылар «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінің аумағында болды. Топ жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, археолог З.С. Самашев әріптестерін Ақбауыр І, Ақбауыр ІІІ елді мекендеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды

 


Page 5 of 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Members : 3
Content : 3152
Content View Hits : 39692451

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...