|
Портреттік кескіндемеден көрсетілім . 2026
 19 наурыз күні сағат 11:00-де Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Наурыз мейрамына арналған академиялық портреттік кескіндеме бойынша шеберлік сабағы өтіп, оны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, суретші Қуаныш Акуов жүргізді.
Суретші шеберлік сабағы барысында ұлттық әйел бейнесіндегі модельдің портретін салып, жұмыстың негізгі кезеңдері мен киім өрнектерін өңдеу тәсілдерін көрсетті.
Толығырақ...
|
«Наурыздың сыры – көктемнің нұры». 2026
 ШҚО этнографиялық музейінде Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына арналған «Наурыздың сыры – көктемнің нұры» атты танымдық іс-шара өтуде. Онда балалар мерекенің тарихымен, дәстүрлерімен, сондай-ақ музейдің қор топтамасындағы жәдігерлермен танысады. Шара Наурызнама онкүндігі аясында өтуде, яғни бір күні ұлттық киімге арналып, оның мәдениеттегі маңызды рөлін және ұлттық бірегейліктің айнасы екенін көрсетеді. Іс-шара халық ойындарымен қызықты өтуде.
Қосымша фотосурет ...
Шеберлік-дәріс «Ұлттық киім – ұлт мұрасы». 2026
 «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты танымдық шеберлік дәрісі М. Горький көшесі, 59 музей ғимаратында Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі К. Акашова эскиздер көрсетті, қазақ ұлттық киімін тігу жолдарын түсіндірді және кимешек жасау кезінде қолданылатын «біз кесте» шеберлігін үйретті. Қазақ киіз үйінде Ж. Рахатова экскурсия жүргізіп, оның құрылымы мен дәстүрлері туралы айтты. Шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері қатысты.
Қосымша фотосурет ...
«Наурыз – ең қызықты мереке» атты мерекелік іс-шара. 2026
«Дәстүр сұлулығы» атты танымдық сабақ. 2026
Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс туралы іс-шара. 2026
 «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 1-курс студенттері мен музей қызметкерлеріне «Қазақстандағы волонтерлік қызмет: бағыттары мен ерекшеліктері. Волонтерлік қозғалыс – патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде» атты іс-шара өткізді. Іс-шара құқықтық және әлеуметтік мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдағы азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты насихаттауға бағытталды. Спикерлер ретінде Жастар ресурстық орталығының қалалық волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Анель Ренатқызы Шарипжанова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті, волонтер Елдос Калиев және музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Карибаева сөз сөйледі.
Қосымша фотосурет ...
«Аламан құрақ» шеберлік-сағаты. 2026
 «Аламан құрақ» шеберлік-дәрісі өтті. Спикері - Нұргүл Абайхан, «Аламан құрақ» жобасының негізін қалаушы. «GlOBAL BEST OF RECORDS» дүниежүзілік рекордтар кітабына енген және күміс медаль иегері.
Кездесу барысында алда өтетін «Аламан құрақ» жобасымен таныстырып, «шығыс бітпесі» деп аталатын құрақ түрін тігу жолдарын көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.
Толығырақ...
«Асыл сөздің патшасы – Жамбыл Жабаев». 2026
 2026 жылдың 18 ақпанында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы №36 орта мектебінің 7-сынып оқушыларына қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Асыл сөздің патшасы – Жамбыл Жабаев» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында балалар Ж. Жабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысты. Оның қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықты жеңіске жігерлендірген жалынды жырларының маңызы атап өтілді. Оқушылар ақын шығармаларынан өлеңдер оқыды. Өскемен қаласының «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Көктерек» домбырашылар ансамблі домбырада күмбірлеген күй тартып, іс-шараның көркін ашты.
Толығырақ..
Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы. 2026
 ШҚО этнографиялық музейінде ұлы ақынның мерейтойына арналған «Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға облыстық Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж студенттері, Достық үйінің «Ақ босаға» халық ансамблі, «Белес» фольклорлық ансамблінің солистері шақырылды. Тақырыптық таныстырылым, Жамбылдың өлеңдері, халық әндері, домбыра тарту, ақынға арналған кітаптар туралы әңгіме – мұның бәрі кездесудің лирикалық атмосферасын қалыптастырды. Қатысушылар іс-шараның жай ғана тыңдаушылары ғана болмай, Жамбылдың шығармашылық жолы туралы әңгімеге белсене қатысты.
Қосымша фотосурет ...
«Құстарға қамқор болайық» экологиялық акциясы. 2026
 2026 жылдың ақпан айында музей-қорық қызметкерлері № 45 «Болашақ» балабақшасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған экологиялық акция өткізді. Акцияның мақсаты – балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, оларды табиғатты аялауға және жануарларға қамқорлық жасау ережелерін сақтау маңыздылығын түсінуге үйрету. Акция барысында бүлдіршіндерге қыстайтын құстар және оларды тамақтандыру ережелері туралы айтылды. Шара соңында балалар алған білімдерін іс жүзінде бекіте отырып, құстарға қамқорлық жасауды жалғастырулары үшін оларға құс жемі мен құсқа жем салатын астаулар сыйлыққа берілді.
Қосымша фотосурет ...
|
|
|
|
Page 2 of 45 |