• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары
Жаңалықтары

«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт мекені»

12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!

Қосымша фотосурет ...




«25 жұлдызды күн» атты мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылған. 2016

К 25-летию НезависимостиК 25-летию Независимости

ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың көрме залында «Қазақтың дәстүрлі кестесі» атты жылжымалы көрме өткізілді. Көрмеге Өскемен қаласының қызмет көрсету колледжінің 2 курс студенттері және музейге келген келушілерде тамашалап қайтты. Студенттерге экскурсия жүргізу барысында «біз кесте» қолөнері жайлы көптеген сұрақтар қойылып, талқыланып қызықты өтті. Сондай-ақ студенттер «Өрімді тарихтар» және «Күзгі калейдоскоп» көрмелерін тамашалады.  Жылжымалы көрмені ұйымдастырып және жүргізген халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің маманы Ж.Т. Рахатова. Келушілер саны 37.

 

«Күзгі калейдоскоп» көрмесінде шебер Н.Л. Баженованың «25 жұлдызды күн» атты жоспарлық іс-шара аясында ұйымдастырылып отырған шеберлік-дәріс. 2016

К 25-летию НезависимостиК 25-летию Независимости мастер-класс

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Р.Ч. Мухамеджанова және шебер Н.Л. Баженованың Өскемен қаласының сфералық қызмет көрсету колледжінің 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

 

Біздің музей-қорық – республикадағы үздік музей-қорық!2016

Фото Восточно-казахстанский музей-заповедник признан победителем республиканского конкурса «Лучший музей»Фото Восточно-казахстанский музей-заповедник признан победителем республиканского конкурса «Лучший музей»

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен «Ең үздік музей» атты республикалық конкурстың жеңімпазы деп танылды.  

Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі халықаралық музейлер кеңесі қазақстандық комитетінің (Қазақстан ИКОМ) көмегімен ұйымдастырған болатын. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай, Әскери-тарихи музей директоры Перизат Өтепова, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, академиктер мен профессорлар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

 

«Күзгі калейдоскоп» және мерейтой иелерінің өнері. 2016

Фото с выставки «Осенний калейдоскоп»Фото с выставки «Осенний калейдоскоп»Музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесіндегі, 67 ғимаратында сәндік-қолданбалы өнерінің белгілі шығыс қазақстандық шеберлері Игорь Мартининның және Наталья Баженованың мерейтойлық көрмелері, сонымен қатар, Өскемен және Семей қалалары қолөнершілерінің «Күзгі калейдоскоп» атты ғажайып жұмыстарының көрмесі өтуде.

 

Музей-қорықта жаңа технология бойынша 2000 астам ағаш көшеттері отырғызылды. 2016

Фото акции «Посади дерево!»Балғарағай, самырсын, шырша, қарағай, шетен, қайың ағаштарының көшеттері музей-қорықтың ботаникалық бақ, балалар қалашығы, жағажай және «Жібек жолы» кешені аймағында тіркелді. Олар «Ағаш отырғыз!» акция барысында Солжағалық кешеннің жасыл тұқымдастар қатарын толтырды. Іс-шараның бастаушысы музей-қорық директоры Николай Зайцев болып шықты. Акцияға тек музей қызметкерлері қатысып, әрқайсысы 3 ағаштан отырғызды.

 

Ақ бауырдағы ұмытылмастай болған серуен. 2016

Поездка на Ак-Бауыр состоялась в рамках проекта «Шаг навстречу…»

Шығыс Қазақстанның облыс орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан атақты шатқалда болып қайтқан мүмкіндіктері шектеулі жастардан тұратын экскурсанттар ерекше әсер алып қайтты.

Осы тамаша іс-шараны  ұйымдастыруға Өскемен қаласындағы мүгедек әйелдердің «Алтынай»  қоғамдық бірлестігі «САД» жартылай стационарлық бөлімшесінің әкімшілігі мен музей-қорық бастамашылық жасады.

 

Өскемен қаласында өткен «Үлкен жолдың кезеңдері» атты көшпелі көрменің дебюті. 2016

Фото Алексея МазницынаФото Алексея Мазницына

Музей-қорық қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап дайындаған экспозицияны Өскемен қаласында өткізілген «Ақ Ертіс» атты классикалық өнердің ІІ халықаралық фестивальне қатысушылар бірінші болып тамашалады.

Облыстық драма театрының фойесінде музыканттар мен көрермендердің назарына әсем мольберттердегі 40-тан астам фотопланшеттер ұсынылды. Көрме бірнеше тақырып бойынша өткізілді: «Тарих және археология», «Мәдениет», «Денсаулық сақтау», «Өнеркәсіп», «Спорт», «Табиғат».

 

ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері ЭКСПО-17 көрмесіне дайындалуда. 2016

Музей-заповедник, Кайсенова ДПИМузей-заповедник, Кайсенова ДПИ

Астана қаласында үш ай бойы өтетін халықаралық сипаттағы осынау бір ауқымды іс-шара аясында қолданбалы өнер шеберлерінің бірнеше жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. ЭКСПО-2017-ге қатысудың өзі абырой екені түсінікті, сонымен қатар ШҚО қолөнершілеріне табыс табу мүмкіндігі пайда болады. Ең бастысы, сұранысқа ие болатын бұйымдарды назарға ұсыну керек.

 

Барнаулдан келген жасыл желекті қоныстанушылар Өскеменде ойдағыдай жерсінді. 2016

Зеленые новоселы из БарнаулаЗеленые новоселы из Барнаула

Россельхозакадемияның Сібірдегі  М.Лисавенко атындағы ғылыми-зерттеу институтының тұқымбағынан жеткізілген 20-дан астам өсімдік түрлері музей-қорықтың Солжағалық кешеніне көктемде егілген болатын. Бұрыннан бар коллекцияны мәңгіжасыл қылшалар мен жапырақты тұқымдар толықтырды.

 

Ағаш отырғызу күні. 2016

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

13 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде корейлердің «Ағаш отырғызу күні» мерекесі өткізілді. Кореяда бұл мереке дәстүрлі түрде 5 сәуірде өткізіледі және қайтыс болған ата-бабаларын еске алуға  арналады, бірақ Қазақстанның ауа-райы мерекені уақытында өткізуге келмейді.

Іс-шараға «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің оқытушылары мен оқушылары және Шығыс Қазақстанның Корей диаспорасы белсене ат салысып.

 


Page 32 of 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Members : 3
Content : 3152
Content View Hits : 39692679

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...