|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Жаңа мүсіндік композиция «Халықтар достығы – баға жетпес байлық». 2014
 
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Жібек жолы» саябағында Өскемен қаласы әкімдігі, «Құс жолы» Қайырымдылық қоры және «Казкоммерцбанк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы, сондай-ақ «Менің қалам үшін» әлеуметтік-хабардар жоба арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы Меморандумды жүзеге асыру нәтижесі ретінде «Халықтар достығы – баға жетпес байлық» атты жаңа мүсіндік композиция ашылды.
|
Солжағалық кешендегі «Жібек жолы» саябағы. Жаңа нысандардың тұсаукесері. 2014
 2014 жылғы 12 қыркүйек күні мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Жібек жолы» саябағында жаңа нысандар – сәулет-көркемөнер образдарының тұсаукесер рәсімі өтті.
- «Хан сарайы» (Қазақстан)
- «Керуен сарай» (Қазақстан)
- «Император сарайы» (Қытай)
Мұражайдағы түн. 2014
 
2014 жылғы 17 мамырда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының «Жастар» саябағында «Мұражайдағы түн» атты мәдени акция өтті.
Мұражай-қорықтың директоры Н.А. Зайцевты мемлекеттік марапат алуымен құттықтаймыз. 2014
 
ҚР Президентінің жарлығымен мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцев ҚР халқының бірлігін, бейбітшілігін және достығын, рухани мәдениетін дамытуға қосқан маңызды үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапатталды.
«Рухани келісім аллеясын» қалау. 2014
2014 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі Күні мейрамы қарсаңында ШҚО дін істері жөніндегі Басқармасы мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің конференц-залында Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер жетекшілерінің Клубымен мәжіліс өткізді. Іс-шара мақсаты: конфессионаларалық келісімді, діни төзімділікті сақтау және күшейту.
Іс-шараға қатысушылар «Рухани келісім аллеясын» қалауды, атаулы көшеттерді отырғызуды жүзеге асырды.
Қазақстандағы ғашықтар күніне орай. 2014
 Атаулы күн – Қазақстандағы ғашықтар күніне (Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алу күні) арналған махаббат туралы әндердің «Махаббат жыры» атты І студенттік фестивалі мен «Сүйіктілер үшін сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі.
Мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцевтің есеп беруі, 2014
 
2014 жылғы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцев 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді.
Директор өзінің жасаған баяндамасында мұражай-қорықтың 2013 жылы облыстық мәдениет басқармасы бекіткен жоспары негізінде жұмыс істегенін атап өтті, қаржыландыру және материалдық база жағдайындағы қолда бар ресурстар мен қорлар пайдаланылды.
Мұражай-қорық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2013 жылы халыққа көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайды.
Комсомолға 95 жыл. 2013
 
Мұражай-қорық ғимаратында 2013 жылғы 24 қазанда мұражай-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі комсомолдың 95 жылдығына арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты: жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ШҚО-да ұрпақтар сабақтастығын және жастар қозғалысын дамыту тарихын сақтау.
Тілдер күні. 2013
 Халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері 2013 жылдың 19 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдері күні шеңберінде облыстық Достық Үйінде «Әр тілде кітап оқимыз» атты көрме ұйымдастырды.
«Жібек жолы» саябағы ашылды. 2013
 
2013 жылғы 14 қыркүйекте Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Жібек жолы» саябағы ашылды.
|
|
|
|
Page 38 of 45 |