|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
«Жануарлар әлемінде». 12 маусым. 2013
«Жануарлар әлемінде» - № 40 мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған экскурсия (Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің зообағы)
|
Мәдени сенбілік, 2013 жылғы 9 маусым
2013 жылғы 9 маусымда «Үлбі» халықты әлеуметтік қызметпен қамту орталығында халықтар мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері мәдени қайырымдылық іс-шаралар аясында «ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» атты қайырымдылық жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде мұражай-қорық қорындағы 30 жәдігер назарға ұсынылды. Олардың ішінде: Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениетін паш ететін ұлттық киімдер, дәстүрлі бас киімдер мен басқа жәдігерлер болды. «Үлбі» халықты әлеуметтік қызметпен қамту орталығынан көрмені көруге келген балалардың назарына ерекше іліккен сәнді ұлттық киімдер мыналар болды: корей ханбокы, ортаазиялық шапандар, кестелі тақиялар, кавказдықтардың папахасымен қоса берілген буркасы.
Уақыттың түр-түсі. (Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу Күніне арналады). 2013
31 мамыр. Қуғынға ұшыраған суретшілер: Г.Фогелердің, А.Черкасскийдің, В.Эйферттің кескіндемелері туралы 5518 ә/бөлімнің әскери қызметшілері үшін виртуалды лекция-экскурсия (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)
Сәлем, жаз! 2013
30 мамыр. Меновное ауылының орта мектебі жанындағы лагерьде демалатын балаларға арналып, ұйымдастырылатын мұражайлық танымдық-көңіл көтеретін іс-шара, викторинасы мен конкурстары бар (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)
Абайтанушы жазушы Қайым Мұхамедханов (1916-2004). 2013
30 мамыр. «Абайтанушы жазушы Қайым Мұхамедханов (1916-2004)» (Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу Күніне арналады)
№ 43 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары үшін (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, сирек кітаптар бөлімі)
Өскемен қаласының тарихы. 2013
30 мамыр. № 43 орта мектеп жанындағы лагерьде демалатын балаларға арналып, мемлекеттік тілде жүргізілетін виртуалды экскурсия (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)
Мұражайлардың қызықты әлемі. 2013
29 мамыр. «№ 18 орта мектеп жанындағы лагерьде демалатын балаларға арналған әлем мұражайлары туралы виртуалды танымдық бағдарлама, викториналары мен ойындары бар (мұражай-қорықтың Головков көшесі, 29 мекенжайдағы ғимараты, ақпараттық-білім бөлімі)
Мәдени сенбілік 2013 05 25. «Тері әлемі». 2013
«Жасөспірімдер үйінде» тәрбиеленушілер үшін экскурсиялық қызметпен қамти отырып, ұйымдастырылған жылжымалы көрме мұражай-қорықтың қорындағы коллекциялардан (халықтық және сәндік –қолданбалы өнер бөлімі) алынған.
Мәдени сенбілік 2013 05 25. Музыкалы қонақбөлме. 2013
5518 ә/бөлімінің әскери қызметшілері мен «Үлбі» қалалық әлеуметтік қызметпен қамту орталығының зейнеткерлеріне арналған, облыстық филармониямен бірлескен іс-шара (мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимараты, ғылыми-ағарту жұмысы бөлімі)
Мұражайдағы партия ұйымының қатары толықты. 2013
 
17 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ның мұражай-қорықтағы бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» ХДП Өскемен филиалымен бірлесіп Халықаралық мұражайлар күні мен мұражай-қорықтың 45 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Кездесуде егеменді мемлекеттің жаңа саяси бағыты – Қазақстан-2050» стратегиясына басты көңіл бөлінді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауындағы басым бағыттардың бірі - барлық этнос азаматтары құқықтарының теңдігі туралы, мәдениеті, дәстүрлері мен өзіндік ерекшеліктері жайында атап өтілді.
|
|
|
|
Page 41 of 45 |