|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Мұражайдағы түн. 2013
 
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Естіген жоқпыз деп айтпаңыздар! Мамырдың дәл ортасында, атап айтқанда 17 мамырда күн батқан мезгілде әрі Сиқырлы түн бойы Сізді ғажап оқиғалар, жұмбақ көрсетілімдер шақырады, әрі тағдырыңызда күтпеген өзгерістер болуы ықтимал.
|
2013 жылдың 27 сәуірінде партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 95 жыл толуына орай облыста мерекелік іс-шаралар өткізілді. 2013
 
Ұлан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Б.Т.Шакеровтің шақыруымен іс-шараға мұражай-қорықтың сирек кітаптар мен икон жазу бөлімінің қызметкері Кашаку Гүлжан «Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі мен шығармашылығы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қорынан) атты жылжымалы көрмесімен қатысты.
ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясы. 2013
 
2013 жылғы 27 сәуірде мұражай-қорықтың этнографиялық кешенінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Өскемен қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясы, сондай-ақ «Бір шаңырақ астында» атты достық Форумы өтті. Сессияда ҚХА-ның «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен республикалық ХХ сессиясында мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Ағаш отырғызу күні. 2013
 
13 сәуірде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде дәстүрлі корейлік мереке «Ағаш отырғызу күні» өткізілді.
2013 жылдың 4 ақпанында Глубокое ауданы Глубокое кентінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлерінің 1-ші Конгресі өтті. 2013
 
2013 жылдың 4 ақпанында Глубокое ауданы Глубокое кентінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлерінің 1-ші Конгресі өтті.
Конгресс шеңберінде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар «Мәдениет басқармасының 2012 жылғы жұмысының қорытындысы және 2013 жылдың міндеттері» туралы баяндама жасады.
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының директоры Н.А.Зайцевтің 2012 жылғы жұмыс қорытындысы туралы 2013 жылдың 28 қаңтарда оқыған есебі. 2013

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының директоры Н.А.Зайцевтің 2012 жылғы жұмыс қорытындысы туралы 2013 жылдың 28 қаңтарда оқыған есебі
Рождество Христово» мерекесі. 2013
 «7 қаңтар күні «Рождество Христово» мерекесі күні «Бастеньки» ансамблі облыстық Достық үйі мен Өскемен қаласының Республика алаңында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты.
Мұражай-қорықтың мәдени сенбілігі. 2012
 ШҚО мәдениет басқармасы бастап, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен өткізілетін «Мәдени сенбілік» және әлеуметтік серіктестік аясында мұражай-қорық қызметкерлері 2012 жылғы 27 қарашада облыс денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығында іс-шаралар өткізді. Оған бұқаралық ақпарат құралдары: «Рудный Алтай», «Өскемен» газеттерінің, «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «31 арна», «Хабар» телеарналарының тілшілері шақырылды.
Қайық станциясының салтанатты ашылуы. 2012
 
2012 жылғы 6 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағында қайық станциясын ашу салтанаты өтті.
Қайық станциясы Көгілдір көлдердің оң жағасында салынып жатқан Балалардың көрмелік-ойындық кешеніне таяу жерде орналасқан. Көгілдір көл жағалауында қайықтар мен катамарандарға арналып арнайы жабдықталған орын – Аялдау орны салынды.
Жолдарды абаттандыру. 2012
 
2012 жылдың маусым айында мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Классикалық музыка аллеясын этнографиялық кешенмен қосатын жол бойындағы аумақ абаттандырылды.
|
|
|
|
Page 42 of 45 |