|
ШҚО әкімінің 2000 жылғы 28 маусымдағы №1-931ө өкімімен құрылған және ШҚО әділет басқармасында 2000 жылғы 16 тамызда тіркелген (куәлік №11317-1917-ГП) Жамбыл атындағы экологиялық-зоологиялық саябақ 2002 жылы музей-қорыққа берілді. 2008 жылдың 24 қазанында хайуанаттар бағы Жамбыл атындағы саябақтан музей-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағына көшірілді. Ауданы шамамен 4 гектар. Хайуанаттар бағының басты міндеті – жануарлар әлемін, атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысының фаунасын сақтау және жануарлардың сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан түрлерін еріксіз жағдайларда өсіріп көбейту, сондай-ақ олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Хайуанаттар бағында 2026 жылдың қаңтары бойынша 47 түрлі жануар бар. Оның 25-і сүтқоректі, 1-і бауырымен жорғалаушы. Барлығы 287 жануар бар, олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген: бүркіт, дала қыраны, күйкентай, ақбас тырна, қоқиқаз, үлкен аққұтан, теңбіл бұғы, дала тасбақасы және т.б. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы жақын және алыс шетелдердің хайуанаттар бағымен ынтымақтастық бойынша халықаралық қатынастар орнатты. 2022 жылдан бастап Еуразиялық аймақтық зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының (ЕАЗАҚ) мүшесі болып табылады, оның мақсаты зообақ қызметін жетілдіру үшін күш-жігерді үйлестіру, жабайы жануарларды сақтау және өсіру ісінде байланыстар жүйесін дамыту болып табылады.
|
|
|
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз

Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>

Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …

«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...