Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Ботаникалық саябақ

Ботаникалық саябақ

Ботаникалық саябақ – алаңы 14 га телім, онда түрлі табиғи-климаттық флораның өкілдері орналастырылған, оларды жергілікті жағдайда ашық топыраққа жерсіндіру жөнінде тәжірибелер және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Телімде сонымен қатар: жылусүйгіш өсімдіктерді өсіруге арналған оранжереялық-жылыжайлық шаруашылық, райхангүлдерді, қызғалдақтарды, жұлдызгүлдер мен т.б. гүлдерді өсіруге арналған розарий, көшеттер өсіруге арналған тұқымбақ орын тепкен.


 

Ислам мәнеріндегі бақ

2010 жылғы 20 шілдеде мұражай-қорық ислам, жапон мәнерлеріндегі бақтар, террасалық бақтар құру жөніндегі жұмыстар аяқталды.

Ислам мәнеріндегі бақ үшін жоспарлаудың геометриялық мәнері тән, оның негізгі формасы – болмыстың белгісі ретіндегі шаршы. Ортада – бұрқақ. Су исламда - өмір көзі, ол өмірдің нәрі және тазартады.

 

Жапон мәнеріндегі бақ

Жапон бағын құрудың белгілі бір ережесі болады. Ол ең басынан бір идеяға бағындырылуы тиіс – осылайша тас, су, мүк, жыл мезгілдері бақтары жасалады. Қойылған тастар топтары, немесе су сарқырамасы, немесе түр-түсі мен фактурасы бойынша әртүрлі болып келетін мүктер, немесе аласа төбешіктегі жалғыз ағаш, немесе табиғаттың жыл мезгілдері ауысуындағы айналымы тиісінше басты «кейіпкер тұлғаға» айналады. Пейзаждық бақтар да болады. Қазіргі кезде кең тараған аралас бақтар да бар.

 

Террасалы бақ

Террасалы бақтардың ландшафтық мәнері жұмбақ та қызықты болып келеді. Бақ бейнесі жер рельефіне тікелей байланысты. Олардағы өсімдіктер еңістің тік-жайдақтығына және бағытына қарай орналастырылады. Шолу алаңдары, жолдар, баспалдақтар, әдетте табиғи тастан қаланады.

2010 жылдың шілде айының соңына қарай мұражай-қорықтың террасалы бағында 1500 дана көпжылдық егілді, тұрақты гүлзар жасалды, біржылдық өсімдіктердің көшеттері: жұлдызгүл, нарғызгүл, петунья, қараот отырғызылды, керамзиттен төгілімдер жасалды.

Террасалы бақ бойындағы аллеяға кеспетас төсеу аяқталды.

 

Бұрқақтар

Ботаникалық саябақта 2010 жылғы 9 мамырға қарай бұрқақтар қондырыла отырып, 10 жасанды су айдыны жасалды.

 


 

Классикалық музыка аллеясы

Классикалық музыка аллеясында Қазақстан мен Европа сазгерлерінің бетон барельефтері қондырылған болатын, қаңылтыр, сәндік төгілімдер, нарқайсар, петунья, тагетис, изен, цинерария көшеттерін қолдана отырып гүлзар қалыптастырыла басталды.

Аллея 2010 жылдың қазан, қараша айларында егілген шегіршін дуалмен қоршалды.

 

Кеңестік кезең ескерткіштері аллеясы

Кезкелген кеңестік қала немесе кент кеңістігін В.И.Ленин атындағы көшесіз, алаңсыз, скверсіз және «дүниежүзілік пролетариат көсеміне», кеңес мемлекетінің қайраткерлеріне қойылған ескерткіштерсіз елестету мүмкін емес. Кей кездері бұлар көрнекті шеберлер сомдаған нағыз өнер туындылары болды, бірақ көпшілік жағдайларда арзанқолды және ұзаққа шыдамайтын материалдардан соғылған типтік ескерткіш қоюмен шектелетін.

 

Қайың тоғай

Қайың тоғай аллеясын Шеберлер қаласы мен классикалық музыка аллеясы жалғастырып тұр.


 


 

«Қала ішіндегі мүсін» атты І және ІІ халықаралық симпозиум мүсіндері, Өскемен қаласы, 2010-2011 ж.ж.

2009 жылы мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ШҚО-да болған кезекті сапарында Өскемен қаласына бұрынғы даңқын – өзіндік ерекшелігі бар қала атағын қайтару қажет екендігін атап өткен болатын. Сондықтан да қала әкімі Ислам Әбішевтің бастамасымен 2010 жылы облыс орталығында «Қала ішіндегі мүсін» атты халықаралық симпозиум-конкурс өтті.

Халықаралық симпозиум-конкурстардың мақсаты облыс орталығының келбетін мүсіндік туындылар арқылы жақсарту болып табылады. Бұл ретте, конкурс шарты бойынша аяқталған туындылар ұйымдастырушының меншігі болып табылады, ал ол мүсіндерді Өскемен қаласында орнату құқығына ие.

 

Көрме павильондары

Көрмелік павильондар бой көтерген аумақта бұрынғы «Көпір отряды» ҚӨМК-нің өндірістік базасы  орналасқан болатын, оның сол кездегі көрінісі: қираған ғимараттар мен құрылыстар, іргетастар мен бұрынғы темір-бетон бұйымдар цехының буландырғыш камералары бетон қабырғаларының қалдықтары. Іргетастардың техникалық жағдайлары зерттелгеннен кейін оларды көрме павильондарының қабырғасы үшін пайдалануға шешім қабылданды.

 

Авиациялық техника көрмесі

2011 жылғы 22 шілдеде мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне кеңестік көпмақсатты тікұшақ Ми-4 койылды, ол М.Л.Мильдің ОКБ-сында 1950-ші жылдардың басында әзірленген болатын.

2011 жылғы 26 тамызда ҚР Конституциясы күні мен Өскемен қаласының күніне орай авиациялық техника көрмесі ашылды. Кешеннің бас кіреберісі жанында Ан-2 және Як-40 ұшақтары қосымша қойылды.