Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Әскери кешен

Әскери кешенге (3 га) 2 павильон енеді. Бірінші павильонда «Өмір үшін өлімнен қаймықпағандарға...» атты экспозиция орналасқан, ол Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс алаңдарында соғысқан жерлестеріміз – шығысқазақстандықтар туралы сыр шертеді. Экспозиция Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің белсенді көмегі және қолдауымен ұйымдастырылған.

Отбасылық мұрағаттардағы фотосуреттер, марапаттау парақтарынан жасалған көшірмелер, майданнан келген хаттар, наградалар, әскери қару-жарақ заттары экспозицияны құрайтын негізгі материалдар болып табылады. Кеңес Одағының Батырлары – 109 шығысқазақстандықтың қысқаша өмірбаяндық анықтамалары мен жауынгерлік ерлігі туралы жазбалар бар фотосуреттері экспозицияның орталық тұсын алып тұр.

Екінші павильонда «Ауған қасіреті. Кеңес Одағының соңғы соғысы. 1979 – 1989», «Ерлік мектебі: чернобыльші-жоюшылар» экспозициялары орналасқан.

Кешен аумағында 1938 – 1970-ші жылдарғы үлгідегі іскери техника көрсетілуде, оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен «Шығыс» аймақтық командование әскерлері қолбасшысының Басқармасы (қолбасшы генерал-майор В.Н.Рысбаев) берген болатын

 

Зенитно-ракетный комплекс С-75Зенитно-ракетный комплекс С-75

2013 жылы Солжағалық әскери кешенде  зенитті басқарылатын ракета мен нысанаға алатын радиолокациялық станция орнатылды, оларды Шығыс Қазақстан облысы Серебрянка қаласының әскери командованиесі берген.

С-75 зенитті-ракеталық кешен орта және жоғары биіктіктердегі әуе нысаналарын қарсы бағытта және соңынан  барып-жетіп, жоюға арналған. Кешен маңызды әкімшілік-саяси және өнеркәсіптік нысандарды, әскери бөлімдер мен құрамаларды қорғау үшін жасалған. Бас конструкторы – П.Грушин.

Зенитно-ракетный комплекс С-75