Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

XIX-XX ғасырдың басындағы Оңтүстік-Батыс Алтай орыс шаруаларының көзешілік қолөнері. 2012

Музыка кабинетіндегі, акті залындағы көшпелі көрмеМузыка кабинетіндегі, акті залындағы көшпелі көрме

20, 21 қараша күндері Өскемен қаласындағы № 37 орта мектепте «XIX-XX ғасырдың басындағы Оңтүстік-Батыс Алтай  орыс шаруаларының көзешілік қолөнері» атты көшпелі көрмесі жұмыс істеді.

Іс-шараны мектеп әкімішілігі мен оқушыларының белсенді қатысуымен орыс этнографиясының ғылыми қызметкерлері  А.Мышко және Н.Честнейшина ұйымдастырды.

Көрмеге әртүрлі керамикалық ыдыстар («кіреңке»-сүт құюға арналған ыдыс, «калыванка» - қамыр илейтін ыдыс, «горшок» - құмыра, «солонка» - тұз салатын ыдыс және т.б.), арнайы көне үлгіде істелген көзелік дөңгелек, фотосуреттер қойылды. Негізгі материалға қосымша ретінде көрермендерге қолдан тігілген әдемі стол жапқыштар ұсынылды.

Дәріс-экскурсияны жетінші және бастауыш сынып оқушылары, тыңдады. Тыңдаушыларды әсіресе жергілікті шаруалар тұрмысының ерекшелігі, саздан жасалған көне ыдыстарды жасау технологиясы мен алуан түрлері қызықтырды.


А.С.Мышко орыс этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкеріЖетінші сынып оқушылары дәріс-экскурсияны тыңдаудаЛектордың басшылығымен жәдігерлермен танысу сәтіБірінші сынып оқушылары көрмеде«.....Бұны қалай жасаған?»