Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Халық сауаттылары. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 20 мамырда Достық Үйінде орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Халық сауаттылары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Славян мәдениеті мен жазуы күніне арналған көрмеде  орыс мәдениеті жөніндегі этнографиялық бұйымдар: тоқылған белбеулер, сүлгілер, төсекаяқ фрагменті, доғалық қоңыраушалар, ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ескібаспалық кітаптар келушілер назарына ұсынылды.

   

Музейдегі ұйқысыздық. Деревнядағы отырыстар. 2018

Рухани жанғыру

Музейная бессонница. Деревенские посиделки2018 жылғы 16 мамырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жалпымузейлік «Музейдегі ұйқысыздық» атты іс-шара  құрамында орыс этнографиясы бөлімі «Жастар» этнобағының этноауылындағы «айқас байланыс» ауласында «Деревнядағы отырыстар» атты театрландырылған іс-шара дайындап, өткізді. Бағдарламада: дәстүрлі музыкалы «Бастеньки» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, қонақтарға самауырдың шәйі, дәстүрлі орыс сусыны ұсынылып, «шаруа үйіне» фонарь жарығымен экскурсия ұйымдастырылды. Осылардың нәтижесінде келушілер ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Кенді Алтайда тұрған орыс шаруаларының деревнядағы өмірімен танысып қайтты.

   

Ойна, баян, күмбірле, домбыра! 2018 («Музейдегі түн» акциясы шеңберінде). 2018

Рухани жанғыру

Ночь в музее

Музей-қорық 18 мамыр күні бүкіл дүниежүзінде аталып өтілетін халықаралық музейлер күніне арналған бірқатар мерекелерді өткізуде.  Аталған  оқиғаларға орайластырылған іс-шаралар 16 мамыр күні «Жастар» саябағы мен музейдің көрме залдарында болды.

Бәрі «Жастар» саябағының орталық алаңында қазақ халқының ертеден келе жатқан алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі – «Қымызмұрындықтан» бастау алды. Оған облыстық ақсақалдар алқасы мен «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Олардан құралған «Атамұра» және «Ақниет» ансамбльдері концертке қатысты. Концертті Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №16 орта мектептің жас домбырашылары («Мұрагер» ансамблі) ашты. Сондай-ақ, концертте «Жұлдыз» өнер мектебінің қобызшыларынан құралған «Ерке» ансамблі мен  №24 орта мектептің, «Назарбаев зияткерлік мектебінің», оқушылар  шығармашылық сарайының жас артистері өнер көрсетті. Облыстық Достық үйінің «Ажарым» ансамблінің қыздары да өздерінің әсем әндерімен жиналған қауымның көңілін сергітті. Мерекеде танымдық конкурстар мен викториналар өткізілді.

   

Экскурсия. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 11 және 12 мамыр күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс және ақпараттық-ағартушылық бөлімдердің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Семейдің № 10, № 39, № 40 мектептерінің,  сондай-ақ, экономикалық лицейінің оқушыларымен Солжағалық кешенде экскурсия өткізді. Балалар экскурсия барысында Солжағалық кешеннің қалыптасу тарихымен танысып, ақын және философтың 160 жылдығына орайластырылған  «Шәкәрім – Абайдың рухани мұрагері» атты көрмені тамашалады. Оқушылар үшін «Өмір үшін өлімге бас тіккен» атты Жеңіс павильонына экскурсия ұйымдастырылды. Онда кешен аумағында орналасқан, 1938-1970 жылдардағы үлгідегі әскери техника экспозициясы көрсетілді. Қонақтар ашық аспан астындағы сәулет және тұрмыс музейін көру мүмкіндігіне ие болды. Олардың назарына XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басында ШҚО аумағын мекен еткен халықтардың 17 қонысы ұсынылды.

   

Жібек жолы: дәстүр жалғасы. 2018

Рухани жанғыру

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Жібек жолы»  - «Шёлковый путь» саябвғының Император сарайында жаңа зал ашылды

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Жібек жолы»  - «Шёлковый путь» саябвғының Император сарайында жаңа зал ашылды.

Қытай императоры сарайы жаңа залының ашылуына балалар да, үлкендер де жиналды. Мерекенің ашылуына сіркіреп жауған жаңбыр еш  кедергі жасай алған жоқ. Мереке тасты бақ жанындағы әсем алаңда басталды.  Салтанатқа қытай музыкасы ерекше реңк бергендей еді. Жиналғандарды музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнәр Бекбердинова құттықтады. Ол Император сарайының бірінші қабатында орналасқан жаңа залды безендіру барысында қолданылған қызыл және сары түстердің Қытай үшін қаншалықты маңызды екені жайлы әңгімеледі. Қызыл түс сәттіліктің, өркендеу мен бақыттың символы болып есептеледі. Дәл осы қызыл түс олардағы барлық салтанаттарда, әсіресе, Айлы жаңа жылды мерекелеуде ерекше қолданылады. Ал сары түске келер болсақ, Қытайда әлі күнге дейін осынау түс барлық түстер арасындағы ең бастысы екенін көрсететін «сары түс Инь мен Яньді тудырады» деген түсінік қалыптасқан.

   

Музейдегі ұйқысыздық. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі ұйқысыздық» атты музей түні акциясы өтеді. Акция аясында көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Шабыт» студенттер театры  поэтикалық қойылым ұсынады. Сіздерді кешкі сағат 19.00-де  «Жастар» саябағындағы этноауылда күтеміз.

   

Музейдегі түн. 2018

Рухани жанғыру

Дәстүрлі «Музейдегі түн» акциясы 16 мамыр күні «Жастар» саябағының орталық алаңында болады. Ашылуы – сағат 19-да.

19.00-дегі «Музейдегі ұйқысыздық» атты концерттік бағдарламаға әртүрлі шығармашылық ұжымдар қатысады. Оның басталуына бір сағат қалғанда «Жастар» саябағында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өз жұмысын бастайды. Онда авторлық кәдесыйлардан «Сізге арналған кәдесый» атты ұтыс лотереясы ойналады.

   

Император сарайындағы заманауи Қытай мәдениеті. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 12 мамырда музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Жібек жолы» экспозициясының Император сарайында жаңа музей залы мен «Заманауи Қытай мәдениеті» атты фотосуреттер көрмесі  ашылады.

Қытай – бейне бір күндер ағысы, заманалар ауысымы, жаңа мен ескі  алмасып жатқан өрнекке ұқсайтын алып айна іспетті. Ал Қытай суретшілері  болса, нақ осындай құбылыстардың барлығын өз еңбектері арқылы жеткізуге тырысады. Ол  – Қытайдың мәдени өмірінде болып жатқан сан түрлі оқиғаларды, елдің өзгелерден бөлектеу ғимараттары мен пейзаждарын суреттер арқылы «сөйлеткен» авторлық жұмыстар.

   

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің Батыр күнін мерекелеуге арналған жәрмеңке-көрмесі. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 6 мамырда халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері М.А. Бемм «Жастар» бағында Өскемен қаласы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының Батыр күніне арналған жәрмеңке-көрмесін өткізді. Көрмеге ұзын-саны 10 шебер өз бұйымдарын ұсынды. Іс-шараны шамамен 50 шақты адам тамашалады.

   

Терезедегі жарық» (фонарьлар мен лампалар). 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 4 мамырда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев ШҚО, Ұлан ауданы, Украинка ауылындағы «Украинка орта мектеп-балабақшасы» КММ-да «Терезедегі жарық» (фонарьлар мен лампалар) атты көшпелі көрме өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамасынан алынған керосин лампалар, керосин және шырағдандық фонарьлар тақырыбындағы жәдігерлер қойылды. Көрме Ұлан ауданында - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Мектеп музейі – халық тарихының, әдет-ғұрпының және мәдениетінің паш етілуі»: сырттай сапарлау семинарының бір бөлігі болды.

   

Орыс сүлгілеріндегі архаикалық символдар. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 4 мамырда этнолог Мария Ковалёва «Украинка орта мектеп-балабақшасы» КММ-да «Орыс сүлгілеріндегі Әлем картиналары» атты тартымды әрі танымдық көшпелі көрме өткізді. Аталған көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Мектеп музейі – халық тарихының, әдет-ғұрпының және мәдениетінің паш етілуі» атты семинар шеңберінде өтті. Көрмеге музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған 20 жәдігер қойылып, слайд-шоу жасалды, сондай-ақ, тақырыптар бойынша фотосуреттер көрсетілді. Көрме тек архаикалық деп аталатын, қолмен салынған өрнектердің мән-мағынасын ғана емес, бір кездері ШҚО жерінде тұрған кержақ-әйелдердің ісмерлігін де паш етеді. Мәселен, атақты кеңестік және ресейлік этнограф және өнертанушы Светлана Васильевна Жарникова (1945-2015 жылдары өмір сүрген) аталған символдардың қаншалықты мәнге ие екендігін өз еңбектерінде атап өткен.

   

Соғыс жолдарымен. Ұлы отан соғысы майданындағы шығыс қазақстандықтар. 2018

Рухани жанғыру

на Левобережном комплексе в павильоне ВОВ

2018 жылдың 2 - 4 мамырында музей - қорықтың  ақпараттық білім беру бөлімі мамандарымен Солжағалық кешендегі ҰОС павильонында «Соғыс  жолдарымен. Ұлы отан соғысы майданындағы шығыс қазақстандықтар» атты экскурсия жүргізілді.

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL