Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Қазақстанның виртуалды музейі құрылады. 2018

Исследование материалов по истории и культуре немцевИсследование материалов по истории и культуре немцев

Музей-қорықтың қорындағы жәдігерлер туралы ақпарат Қазақстан Республикасының музейлеріндегі неміс тарихы мен мәдениеті жөніндегі колллекциялардың Тізбесіне енгізіледі.

Тізбені құрастыру ісімен Алматыдағы «Возрождение» неміс мәдени-этникалық қоғамы  шұғылдануда, оның қызметкерлері Шығыс Қазақстанға жасаған этномәдени  экспедиция кезінде музей-қорыққа ат басын тіреген болатын. Экспедиция мүшесі,  тарихшы  Елена Хабарованың түсіндіруінше Қазақстандағы  белгілі бір облыс аумағында тұрып жатқан немістердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі этнографиялық коллекциялар,  заттар қоры мен фотодеректік материал  ерекше қызығушылық тудыруда.  Зерттеушілердің пікірі бойынша музей-қорықта неміс халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу үшін өзіндік құндылыққа ие сирек жәдігерлер сақталған. Мәселен, 1861 жылдан бастап шығарылған «Кішкентай балаларға арналған мектептік жаршының» 1910 жылғы кітаптарын, сондай-ақ үйленутойылық  көйлектер мен гүлтәждер коллекциясын солардың қатарына  жатқызуға болады. Сондай үйленутойылық көйлектердің бірін Большенарым ауданының тұрғыны, 1937 жылы дүниеге келген М.И.Мильдонбергер тапсырған.  Мария Ивановна көйлекті 1957 жылы өзінің тойына арнап тіккен, ал 1991 жылы оны музей-қорыққа сыйлаған екен.

   

Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Сіздерге деген махаббатпен, қадірменді жерлестер» атты іс-шара. 2018

2018 жылдың 1 наурызы күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері М.А. Бемм мен М.А. Торайғырова «Ульба» қалалық тұрғындарғы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан көмек алатындар үшін Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Сіздерге деген махаббатпен, қадірменді жерлестер» атты іс-шара өткізді. Тыңдаушылар іс-шара барысында шығысқазақстандық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарынан тұратын «Шығармашылық қуанышы» атты көрмемен танысып, сол бойынша лекция тыңдады. Іс-шараға 62 адам қатысты.

   

Азаматтарды қазақстандық қоғамды бірегей рухани және адамгершілік құндылықтарға тартуға бағыттай отырып, орыс мәдениетін, тілін және ұлттық салт-дәстүрін сақтау. 2018

2018 жылдың 27 ақпаны күні сағат 15 пен 17 аралығында ШҚО халқының Достық үйінде мәдениет және БАҚ өкілдері «Азаматтарды қазақстандық қоғамды бірегей рухани және адамгершілік құндылықтарға тартуға бағыттай отырып, орыс мәдениетін,  тілін және ұлттық салт-дәстүрін сақтау» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері (В.Черкашина мен Р.Мұхамеджанова) орыс қолөнерінен жасалған бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды. Онда тоз қораптар, ағаш бездері,  өрнек салынған сауыттар, ойып жасалған кәдесыйлар, қоға мен шпоннан жасалған себеттер, киіз панно мен қайың қабығынан тұратын картиналар қойылды.

   

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары. 2018

«Рухани жангыру»«Рухани жангыру»

Музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың сәби дүниеге келгенде жасайтын әдет-ғұрыптары көрсетілді.

Облыстық музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастарға ата-бабаларының салт-дәстүрін ұмытпауға мүмкіндік береді. «Біздің міндетіміз – аталған салт-дәстүрді сақтау, өйткені, оларда бала тәрбиесінің  бастауы жатыр», - дейді бөлімнің ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина. Сөйтіп, музей-қорық залдарының біріндегі қазақтың киіз үйінде сәбиді бесікке бөлеу «Бесікке салу» және сәбидің жолын ашу – «Тұсаукесер» рәсімдері көрсетілді.  

   

Альфия Мухамедьянованың дербес көрмесі. 2018

Фото  с выставки « Весны чарующая сила»Фото  с выставки « Весны чарующая сила»

Облыстық этнографиялық музей-қорықта өскемендік суретші Альфия  Мухамедьянованың  «Көктемнің сұлу сиқыры» атты көрмесі ашылады.

Альфия Мухамедьянова пейзаж, портрет, натюрморт және   абстрактілі композициялар салады. Оларды салу  үшін кенеп пен қағаз, акварель, тушь, май, қарындаш сияқты көптеген техникалар мен материалдарды қолданады. Альфия бейнелеу өнерімен бала кезінен айналысты,  Өскемендегі балалар көркемөнер мектебінде, С. Артеменконың сәулет студиясында білім алды. Оларда алған білімін кейіннен Грециядағы Өнер академиясында шыңдады.   

   

Өлкеміздің табиғаты туралы фильм түсіру үшін Шығыс Қазақстанға келген Голливуд жұлдыздары 14 ақпанда этнографиялық музейде болды. 2018

звезды Голливудазвезды Голливуда

Өлкеміздің  табиғаты туралы фильм түсіру үшін Шығыс Қазақстанға келген Голливуд жұлдыздары 14 ақпанда этнографиялық музейде болды. Қонақтар үшін экскурсияны облыс әкімі Даниал Ахметов ағылшын тілінде жүргізді.

Бай Лин, Кэри-Хироюки Тагава, Марк Дакаскос, Эрик Робертс қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетімен танысты. Белгілі актерлер музейден көрген жәдігерлерге тәнті болды. Эрик Робертсті, әсіресе, сырмақтар қатты қызықтырды. Бай Лин жәдігерлерді өз телефонына фотоға түсіріп алды.

   

Оқушыларға арналған Масленица. 2018

Рухани жаңғыруМасленица для школьниковМузей-қорықтың орыс этнографиясы және экспозициялық-көрмелік жұмыстар бөлімдерінің атсалысуымен облыс орталығы мен оған жақын маңда орналасқан елді мекендердегі мектептердің төменгі сынып оқушылары Русь жерінде Масленица қалай өткендігі туралы хабардар болды.

 Ескіславяндық Масленица мерекесі көктемгі  күн мен түннің теңесуіне орайластырылып, күннің түннен озып шыққандығын дәлелдей отырып, он төрт күн бойы атап өтілген. Бірақ, христиандықтың қабылдануымен бірге оны мерекелеу шіркеулік күнтізбеге бекітіліп, күні бойынша Сырлы жеті күнге (седьмицаға) сәйкес келеді. Биылғы жылы Масленица ақпанның 12-нен басталып, 18-інде аяқталады. Мектептерден келіп түскен өтінімдердің өте көп болуына байланысты музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі театрландырылған қойылым 1 ақпаннан бастау алды. Аталған мерекелер басты ұстанымы Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени мұрасын сақтау болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуде.

   

Ескі заманнан қалған самаурын» (музей қорларынан). 2018

2018 жылғы 10 қаңтарда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «О. Бөкей атындағы орталық кітапханалық жүйесі» КММ-де «Ескі заманды сүюшілер клубының» мүшелері – қарт адамдар арасында «Ескі заманнан қалған самаурын» (музей қорларынан) атты жылжымалы қайырымдылық көрме ұйымдастырып, өткізді.

Көрмеде музей-қорықтың қорлар коллекциясынан алынған жәдігерлер ұсынылды: самаурындар, табақтар, шайнектер. Сонымен қатар, Р.Ю. Нечаев «Орыс шай машинасы» (самаурынның тарихы) тақырыбына екі қайырымдылық дәріс оқып, фотосуреттер мен бейнематериалдар көрсетті. Қарт адамдар өткен ғасырлардың материалдық мәдениетінің тарихымен танысты. Кітапхана әкімшілігі өткізілген іс-шараға оң баға берді.

   

«ҮЛБІ» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіндегі іс-шара. 2018

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «УЛЬБА»КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «УЛЬБА»

2018 жылдың 18 қаңтарында әлеуметтік – мәдениет аясында  мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің мамандары «ҮЛБІ» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік Орыс Мұражайына виртуалды саяхат» атты тақырыпта виртуалды экскурсия өткізді.Іс-шараға 40-қа жуық «ҮЛБІ» орталығында қызмет алушылар қатысты.

Виртуалды серуен шеңберінде қатысушылар Орыс Мұражайының тарихымен танысып, лектормен бірлесе отырып залдарға қонаққа барды.Орыс суретшілірінің картинасы қойылған залдарға кіріп Ф.Я.Алексеевтің және В.И.Поленовтың картиналарымен танысты.Сондай-ақ Орыс Мұражайының шедеврлары қойылған залдарға барды.

   

Мектеп оқушылары музей-қорықтың Солжағалық кешенінде. 2018

Ледовый городок возле Этнодеревни2018 жылдың 16 қаңтарында Өскемен қаласының №2 орта мектебінің 5 сынып оқушылары үшін ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері музей-қорықтың Солжағалық кешеніне сапар ұйымдастырды. Іс-шараға 37 адам қатысты.

Сапар барысында оқушылар музей-қорықтың Солжағалық кешенінде орналасқан этноауылға, мұз қалашығына барып, сырғанақ теуіп, қазақтың дәстүрлі алтыбақанына отырды. Музей-қорықтың жұмыскерлері жасаған қарлы және мұзды фигуралар оқушылардың көңілдерінен шықты, олар естелікке суретке түсті.

   

Шығармашыл жастарды қолдау. 2018

Вручение грамоты Фонда Первого Президента Республики КазахстанВручение грамоты Фонда Первого Президента Республики Казахстан

Музей-қорықта өскемендік мектеп оқушысы Камила Хазиеваға «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты шығармашылық конкурсқа қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті    Елбасы қорының грамотасын тапсыру рәсімі болып өтті. Грамотаны музей-қорықтың ғылыми қызметкері – ҚР-ның Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты Гүлжан Кашаку тапсырды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасы қоры – 2000 жылы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған ірі коммерциялық емес қор. Қор жұмысы дарынды жастарға қолдау көрсету, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамалардың дамуына жол ашу. Өскемен қаласындағы №34 мектептің 11 сыныбында оқитын Камила Хазиева «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты конкурсқа өзінің акварельмен салған жұмыстарын жіберген болатын. Ал ол конкурс болса Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған еді.

   

Әрдайым жаныңда жүретін мереке! 2017

Левобережный комплекс музея-заповедникаЭтнопарк "Жастар" музея-заповедника

Музей-қорықтың саябақтары мен Солжағалық кешен жаңа, 2018 жылды қарсы алуға дайындалуда. Әдемі безендірілген шыршалар, мұз бен қардан сомдалған мүсіндер, тіпті ат жегілген шаналар, осының барлығы таза ауада жана жылды қарсы алғысы келетіндерді күтіп тұр.

Ат жегілген шанамен серуендеу маршруты музей-қорықтың Солжағалық кешеніне келетіндерге арналған, ол қар түсе салысымен жұмыс істейтін болады. Ал шағын жылқы – пони болса қарлы трассаны қажет епейді, балалар пониге отырып, кешендегі саяжолдармен каникул бойы сейіл құра береді. Осы жерде  әсем безенген шырша тұр, қонақтарды Аяз Ата, Қаршақыз бен басқа да ертегілік мүсіндер қарсы алады. Оларды дизайн және халықтық сәулет бөлімінің қызметкерлері мұздан сомдаған болатын. Бұл орайда жылымық күндер ұзаққа созылмас, ал суретшілердің туындылары еріп кетпес, сөйтіп өскемендіктер қуанышқа кенелер деп үміттенеміз. Балалардың бос уақыты қызықты өтуі үшін Этноауыл аумағында  мұзды төбешік, лабиринт жасалып, мұзды сырғанақ құйылды, ол қатқан кезде, конькиді жалға беретін пункт жұмыс істей бастайды. Ал кешен айналасында шаңғы тебетін жол салынды.

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL