Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Наурыз мейрамын тойлау. 2014

2014 жылғы 18 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық мұражай-қорығының М.Горький көшесі, 59 мекенжайда орналасқан ғимаратында қаланың қазақ мектептерінің төменгі сынып оқушылары үшін Наурыз мейрамы ұйымдастырылды. Мейрам өткізілетін жер қазақ халқының салт-дәстүріне байланыстырылып безендірілді. Мерекеге келген балалар ұлттық киім киіп келіпті. Мұражайдың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері А. Кенжина іс-шараны салтанатты түрде ашып, келушілерді Наурыз мейрамымен құттықтады. Оның шығу тарихы, мерекелеу дәстүрі туралы балаларға қызықты етіп әңгімелеп берді.

Осыдан кейін Наурыз қыз бен Әжесі ортаға шықты. Әжесі шашу шашып, Наурыз қыз балаларды мерекемен құттықтады. Ұлттық «Қара жорға биі» орындалды.

Содан соң мұражайдың ғылыми қызметкері С.Талдыбаева балаларды өнер сайысын тамашалауға шақырды, жұмбақтар жасырылып, ұлттық ойындар – теңге алу, арқан тарту, қол күресі ұйымдастырылды. Соңында іс-шараға қатысушылар дастарханға шақырылып, дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татқызылды.