Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«XIX ғасыр соңы - XX ғасыр басында Оңтүстік-Батыс Алтайды мекен еткен орыстардың мәдениеті» жылжымалы көрмесі. 2018

2018 жылдың 2 наурызы күні орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Е.Ю. Рахматулина мен Е.Ю. Нечаев Абай даңғылы, 102 мекен-жайындағы ҮМЗ-ның көрме-ақпараттық орталығында кәсіпорынның кәсіподақ комитетімен жасалған келісім бойынша ҮМЗ АҚ жұмысшылары үшін «19 ғасыр соңы - мен 20 ғасыр басында Оңтүстік-Батыс Алтайды мекен еткен орыстардың мәдениеті» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрмеде музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған, Кенді Алтай крестьяндарының ағаштан жасалған керек-жарақтары, тоқыма бұйымдары мен костюмдері және самауырлары мен басқа да заттары қойылды. Ғылыми қызметкерлер, атап айтқанда, Е. Рахматулина «19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Оңтүстік-Батыс Алтайды мекен еткен орыстардың мәдениеті», ал Е. Нечаев «Орыстың шәй мәшинесі (самоварлары)» атты лекциялар оқыды.