Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Киіз үйлер фестиваліне музей-қорық та қатысты. 2018

Рухани жанғыру

Фестиваль юрт с участием музея-заповедника

Музей-қорық Өскеменнің ипподромында киіз үйлер қалашығын дайындауға белсенді түрде атсалысты.

Мұнда облыс әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан ХХI-ші халықтық спорт ойындарының аясында киіз үйлердің «Бір шаңырақ астында» атты облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Ойындар Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналған. Жобалардың тұсаукесерлері мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтуде.

Музейдің әр бөліміне Шемонаиха, Глубокое, Тарбағатай, Көкпекті мен Зайсан аудандарының өкілдеріне киіз үй тігуге және ішін безендіруге көмек көрсету жүктелген болатын.  Бұл үшін музей-қорық қорынан қажетті жәдігерлер берілді. Киіз үйлерді безендірген кезде 2018 жылдың маңызды оқиғалары ескерілді.   Бұлар – Астана қаласының 20 жылдығы, сондай-ақ Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы, қазақ ақыны, ойшылы Шәкәрім Құдайбердиевтің 160 жылдығы,  Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы Қасым Қайсеновтің 100 жылдығы, Әсет Найманбаевтың 151 жылдығы. Музей қызметкерлері туындаған барлық мәселелер бойынша кеңес беріп, экскурсиялар жүргізді. Музей-қорыққа Шемонаиха өлкетану музейінің директоры Наталья Дубинчик, Тарбағатай ауданы «Ақсуат» мәдениет үйінің директоры Шәкен Көпшікбаев пен басқа да аудандардың өкілдері алғыстарын білдірді.  «Барлық істерде бізге музей-қорық қолдау көрсетті», - деді «Глубокое аудандық демалыс орталығы» КМҚК директоры Күлтай Бектұрғанова.

Киіз үйлер фестивалінде облыс әкімі Даниал Ахметов болып қайтты. Көкпекті ауданының киіз үйінде өңір басшысы қазақ салты «тұсау кесуге» қатысты. Тарбағатай ауданы қазақ арасында кең тараған кәсіп түрі – бүркіт салып, аң аулау өнерімен таныстырды. Бұл қазақ мәдениетінің ерекше бір бөлігі болып есептеледі. Облыс әкімі басқа киіз үйлерге де бас сұқты.  

«Біздің міндетіміз, – деді Даниал Ахметов, – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Қазақстан халқының бай игілігін көрсету – ол «Біз бір тағдыр біріктірген Қазақстан халқымыз» деп аталады. Әр киіз үйден біз  қазақ, орыс, татар халықтарының мәдениетін, яғни көпұлтты елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық этностардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көреміз. Осының бәрі Қазақстан халқының бірлігі туралы сыр шертеді, сондай-ақ оны сақтап қалу –  біздің қасиетті борышымыз».

Халықтық ойындар Шығыс Қазақстанда екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Осы ойындардың жеңімпаздары  Республикалық халықтық спорт ойындар додасында басқа облыстардың жүлдегерлерімен кездеседі. Ойындар  облыс тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп, ұлттық құндылықтарға деген ынталарын арттыра түседі. Халықтық ойындардың алауын жағуға Пхенчхандағы 2018-ойындарының медаль иегері ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорттың  қысқы түрлері бойынша ЖСШМ» тәрбиеленушісі Юлия Галышева қатысты. Халықтық ойындарда спортшылар  спорттың көкпар, аударыспақ, асық ату, бәйге, армрестлинг, воркаут, көпсайыс сияқты және басқа да түрлерінен сайысқа түсуде.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фото Сергей Суровтікі

 

Фестиваль юрт с участием музея-заповедникаФестиваль юрт с участием музея-заповедникаФестиваль юрт с участием музея-заповедникаФестиваль юрт с участием музея-заповедника