Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Шығыс Қазақстанның Астанадағы күндері

2011 жылғы 8-9 қыркүйекте Астанада Шығыс Қазақстан күндері өтті. Күндердің ауқымды бағдарламасына барлық іс-шара – ауылшаруашылық жәрмеңкелерден бастап көрмелер мен концерттерге дейін енгізілген болатын. Астанада мыналар өткізілді:

 

 

- «Ғажайып Шығыс шақырады» атты театрландырылған кавалькада

- ҚР Президенттік мәдениет орталығындағы «Туған жерге тағзым» көрмесі

- Шығыс Қазақстан облысының «Күншығыс» Атласының тұсаукесері

- жәрмеңке-карнавал, онда облыстағы 17 ауданның 83 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды

- «Шеберлер қаласы»

- Жамбыл атындағы облыстық драма театры (Өскемен қаласы) мен Ф.Достоевский атындағы орыс драма театрының (Семей қаласы) спектакльдері

- «Қанатты 20 жыл» атты гала-концерт, онда Шығыс Қазақстанның өнер шеберлері отандық өнердегі атақты жерлес-жұлдыздармен бірге өнер көрсетті

- ШҚО-ның Тәуелсіз 20 жыл ішінде қол жеткен жетістіктерінің Бейбітшілік және келісім Сарайындағы көрме-тұсаукесері. ШҚО өнеркәсіп кәсіпорындарының, түсті металлургия, атом өнеркәсібі флагмандарының, орта және шағын бизнес кәсіпорындарының, ғылыми-техникалық және инновациялық кәсіпорындарының жетістіктері паш етілді.

«Туған жерге тағзым» көрмесінің салтанатты тұсаукесері 2011 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Президенттік мәдениет орталығында өтті. Көрме Астанадағы Шығыс Қазақстан күндері аясында әзірленіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Облыстың таңдаулы мұражайлары келермендерге көне заманнан қазіргі уақытқа дейінгі ұлттық тарихтың, этнографияның, өнердің кең панорамасын айқара ашты.

Ең мол коллекцияны мұражай-қорық ұсынды. Экспозицияға ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасыр басындағы көшпенді тұрмыс бұйымдарын көрсететін бірегей жәдігерлер, көркемдігі жағынан қайталанбас ұлттық зергерлік әшекейлер, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, араб графикасындағы басылымдар, Қазақстан халықтары ұлттық киімдерінің коллекциялары, ШҚО шеберлерінің заманауи бұйымдары, сондай-ақ бірегей тақырыптық жоба – «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы мемориалдық сәулетшілігі» фотокөрмесі енді.

Барлығы 562 жәдігер, соның ішінде күміс бұйымдардан – 81 зат назарға ұсынылды.

«Шеберлер қаласы» – мұражай-қорықтың көрме-жәрмеңкесі Астана қаласының әкімдігі алдындағы Алаңда өтті.

Көрме-жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен, Семей, Зырян қалалары) 30 қолөнершісінің түрлі бұйымдары назарға ұсынылды. Бұлар – тастан, ағаштан, керамикадан, теріден, киізден жасалған кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар. Шеберлер қаласында киізден, қоғадан бұйым жасау, ағашқа, тозға, керамикаға өрнек салу, тоқу, кестелеу бойынша шеберлік дәрістері өткізілді. Тілек білдірушілер қолөнершінің өнерін қызықтап қана коймай, сонымен қатар бұйым жасау процесіне қатысуға, сондай-ақ естелікке кәдесый сатып алуға мүмкіндік алды.

Осы жерде қолөнерлер жөніндегі әдістемелік құралдар (шиден, қоғадан заттар тоқу), қолөнерші анықтамалығын сатып алу мүмкіндігі болды.