No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-33-45' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 131:2010-10-25-05-33-45
республикалық :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары республикалық


Амандос Ақанаевтың көркем шежіресі. 2021

М.Горький, 59 көшесіндегі көрме залдарында қазақстандық суретші Амандос Аканаевтың картиналары қойылған. Бұл картиналарды музей-қорыққа «Дала әйелдері – Дала арулары» қоғамдық қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Р.С.Жүсіпова сыйға тартты. Бұл қордың жұмысы қазақстандық суретшілердің өнерін насихаттап дәріптеуге бағытталған.

Суретші және оның картиналарын музей-қорыққа беру туралы материалды өнертанушы Тамара Николаевна Быкова дайындады. Амандос Ақанаев 1948 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1967 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Академиясының толық мүшесі. 1968 жылы ЮНЕСКО жанындағы өнертанушылар мен сыншылардың толық мүшесі. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының көптеген грамоталарымен, сыйлықтарымен марапатталған. Жұмыстары әлемдегі ең ірі музейлердің топтамаларында тұр.

 

Аман Мұқажанның музей-қорықта өткен «Дала аңызы» атты көрмесі. 2019

5 наурыз күні сағат 16.00-де Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы көрме залында қазақстандық белгілі зергер Аман Мұқажанның (Алматы қ.) «Дала аңызы» атты көрмесі ашылды. Аталған іс-шараның сұлулық пен жаңару мерекелері – халықаралық  әйелдер күні мен Наурыз мейрамы қарсаңында өтуі ерекше болды.

 

Маэстро Александр Пархоменконың фотосуреттері. 2016

К 25-летию НезависимостиФото пресс-службы и Алексея Мазницына

Музей-қорықтың «Алтай» галереясында Павлодардағы қазақстандық белгілі фотошебер  Александр Пархоменко еңбектерінің көрмесі ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Ел мен жер» экспозициясының авторы КСРО-да, ҚР-да және шетелдерде өткен көптеген конкурстар мен көрмелердің лауреаты болып табылады.

Көрмеде назарға   40-қа таяу еңбек ұсынылды, олар «Халықтық дәстүрлер», «Соғыс жаңғырығы», «Баянауыл», «Павлодар көріністері», «Еңбек адамы және оның істері» деген бөлімдерге біріктірілген.

 

«Соғыс жаңғырығы» атты фотокөрме. 2017

Фото Сергея СуроваФото Сергея Сурова

6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Алтай» галереясында Ұлы Отан соғысының басталған кезін еске алу мен аза тұтуға арналған «Соғыс жаңғырығы» атты фотокөрме ашылды.

 

Ғасырлар тоғысында. 2015

Николай Кузнецов

Николай Кузнецов

Алғаш рет!  «ОТАНЫМЫЗДЫҢ БҰЛ ЖЫЛНАМАСЫ – ТАМАША АДАМНЫҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН» 

Өскеменде 90-шы жылдардың басында Павлодарға жолдамамен «Казтаг» АА фототілшісі ретінде жұмысқа жіберілген, кеңестік және қазақстандық фотожурналистиканың мэтрі Николай Кузнецовтың «Ғасырлар тоғысында» атты фотожұмыстар көрмесі ашылды.  

Көрмеге кезінде Павлодар облысын басқарған, Н.Кузнецов пен оның шығармашылығын білетін ШҚО әкімі Даниал Ахметов келді. Өңіріміздің бірінші басшысы мұражай-қорықтың «Алтай» галереясы залдарын рахаттана аралап, Павлодар өлкесінде жұмыс істеген жылдарын есіне алды. Сол уақыттарға қатысты бірнеше суреттерден Даниал Кенжетайұлын да көруге болады.      

 

Түркістан – Қазақ хандығының астанасы. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

ӨСКЕМЕНДЕ АЛҒАШҚЫ РЕТ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕ!

2015 жылғы 1 қазан күні сағат 15.00-де Өскемен қаласының Максим Горький көшесі, 59 мекенжайында «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы қорынан ұйымдастырылған «Түркістан – Қазақ хандығының астанасы» атты көрменің тұсаукесері болды.

ШҚО мәдени тұрмысында елеулі оқиға болып табылатын көрмеде шамамен 200-ге жуық жәдігерлер назарға ұсынылады, олардың құрамында – нағыз көне артефактілер де бар. Көрме келешек ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын ұлттық тарихи кезең – Қазақ  хандығының 550 жылдығына арналған.

 

Нағыз ердің қаруы. 2014

Фото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

«Димекең – өз заманының перзенті болған ұлы тұлға. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».

Н.Ә. Назарбаев

Нағыз ердің қаруы» атты көрме Алматы қаласының ШҚО-дағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды.  Көрмеге Д.А. Қонаев мұражайынан әкелінген суық және оқ қарулар коллекциясы қойылған: кездіктер, қанжарлар, пышақтар, қылыштар, аңшы карабиндері, мылтықтар және басқалары.

 

Сақ қорғандарының асыл қазынасы. 2013

Открытие выставки

Открытие выставки

2013 жылғы 12 сәуірден бастап «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында мұражай-қорықтың ғимаратында (Қ.Қайсенов көшесі, 67) Астана қаласындағы Алтын және бағалы металдар  мұражайының қорынан  «Сақ қорғандарының қасыл қазынасы» атты көрме жұмыс істей бастады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев. Тұлға және саясаткер. 2012

Фото Мазницина А.А.Фото Мазницина А.А.

2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасында алғашқы рет Тұңғыш Президент Күні тойланады. Бұл мемлекеттік мереке жаңа тәуелсіз елдің негізін қалаушы – Қазақстан  Республикасы Тұңғыш Президентінің көрнекті қызметін мойындау ретінде бекітілген. Қазақстанның мемлекеттік құрылысы тәжірибесінде президент институты алғашқы рет шекара мен аумақтар бірлігі, Конституция, адам мен азаматтың құқығы және бостандығы қорғалуының кепіліне айналды.

 

Шығыс Қазақстан – Евразия жүрегі. 2012

Көрме мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында ШҚО-ның әлеуметтік саладағы қол жеткізген жетістіктерін және мәдени мұрасын паш ету.

Міндеті: өңірді тарихы бай, тамаша мәдениет және сәулет ескерткіштері мол, бірегей табиғи ресурстарға және өлкенің мәдени-тарихи мұрасын дамыту мен сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге ие, сондай-ақ серпінді дамып келе жатқан аймақ ретінде көрсету.

 

Менің Қазақстаным. 2011

«Менің Қазақстаным» көрмесі Астана қаласының Шығыс Қазақстан облысындағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған және Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналады.

Астана қаласындағы Қазіргі заман өнері мұражайының жинамасында 3000 мыңнан астам туындылар бар. Мұражай өзінің графикалық керемет жинамасын мақтан тұтады, онда Қазақстан Республикасының халық суретшілері Әбілхан Қастеев пен Евгений Сидоркиннің еңбектері ерекше орын алған. Осы шеберлердің шығармашылығы республикадағы мәдени үрдістерді сипаттайтын маңызды фактор болып отыр. Көрмеге қойылған 25 графикалық сурет көрерменге Қазақстан тарихы мен мәдениетінің кең панорамасын айқара ашады.

 

Ұлы даланың асыл қазынасы. 2011

2011 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу бағдарламасының аясында мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы ғимаратында «Ұлы даланың асыл қазынасы» атты көрме (Алматы қаласы) ашылды.

«Ұлы даланың асыл қазынасы» көрмесі қазақстандық әйгілі эергер шебер Сержан Мұратұлы Бәшіровтың коллекциясындағы ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы қазақтардың зергерлік әшекейлері, өзінің авторлық жұмыстары – инсталляциялары мен өзіндік әшекейлері көрмеге қойылды.

Көрмеде, сонымен қатар Зейнелхан Мұхамеджанның көркем кестесі назарға ұсынылған. Ол өзінің дүниеге деген көзқарасын тамбурлық кестенің сирек техникасы – бізкесте арқылы білдіреді, ал бұл кестенің белгілі болғанына археологтардың пікірі бойынша 2000 жыл.

 
  • «
  •  Босының алдындағыірінші 
  •  Осының алдындағы 
  •  1 
  •  2 
  •  3 
  •  Келесі 
  •  Соңғы 
  • »


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …