No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-33-45' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 131:2010-10-25-05-33-45
республикалық :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары республикалық


Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасырдағы-ХХ ғасыр басындағы мемориалдық сәулетшілігі. 2010

2010 ж. желтоқсанда – 2011 ж. қаңтарда М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы мұражай-қорық ғимаратында «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасырдағы-ХХ ғасыр басындағы мемориалдық сәулетшілігі» атты фотокөрме жұмыс істеді.

ҚазҚСБА профессоры, сәулет докторы Ескендір Бәйтеновтің басшылығымен Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедицияларының материалдары «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасыр басындағы мемориалдық сәлетшілігі» фотокөрмесінің негізіне алынды. Экспозицияда ШҚО-ның Аягөз, Зайсан, Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы жиырма ескерткіштің фотосуреттері назарға ұсынылған.

Көшпенді қоғамда риза ұрпақтың ата-бабаларының даңқын асқақ тұтып,  мәңгі есте қалдыру идеясы ұлы парыз деп есептелген еді. Исламның таралуына байланысты Шығыс Қазақстанда кесене салуға ерекше маңыз беріле бастады. Оларды халық арасында әйгілі және ерекше құрметтелген адамдардың қабірлерінің үстіне тұрғызу дәстүрге айналды. Жинақылық пен ықшамдылық мемориалдық ескерткіштердің сәулетіне тән ерекшеліктер болып табылатын. Сәулетшілер құрылыстың негізгі формасының пластикасын жетілдіруге ұмтылған, қажет болған жағдайда ғана сәндеуге, негізінде мәнерлеп қалауға тырысып, оған өте байсалдылықпен келген. Шығыс Қазақстанның халықтық мемориалдық сәулетшілігінде тек шикі кірпіш пайдаланылған, мұның өзі аймаққа тән ерекшелік болып табылады. Көрмеде назарға ұсынылған ескерткіштер шикі кірпіш қолданылған сәулеттің тамаша үлгілері екені даусыз.

Қазақстандағы шикі кірпіштен салынған ең биік мемориалдық құрылыс – Балтабек қажының кесенесі. Сарышолақ пен Омардың кесенелері көпкамералық композициялардың тағы бір нұсқалары ретінде үлкен қызығушылық туғызары сөзсіз. Боқбасар би құрылысы – дөңгелек күмбезді қоршаудың таңдаулы нұсқаларының бірі.

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстанда қаптама ретінде күйдірілген кірпіш қолданылған екі кесене ғана белгілі, олар – Зейнолла күмбезі мен Мұхамеджан кесенесі.

Зайсан көлі, Тарбағатай сілемдері аудандарында және Алтай бөктерлеріне қарай жайпақ пирамидалық сегізқырлы күмбез түріндегі ағаш кесене кең тараған, олардың ағаш бағанадан сегіз тіреуі және қадаулар түріндегі қоршауы болған (Апрым кесенесі және т.б.). Тарбағатай тауының сілемдерінде (Дондағұл кесенесі), Марқакөл көлі ауданында (Мырзабай, Күлеке сай) бірінің үстіне бірін қойған бөренелерден тұрғызылған көпқырлы кесененің басқа үлгісі анықталды, ол міндетті түрде күмбезделген, кейде әсем оймалы сүйірбаспен аяқталған.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мазарының ертеортағасырлық сәулет үлгісі ретіндегі алатын орны ерекше.

Қазақтардың мәдени өмірі мен діни ұғымдарында ата-тегінің шежіресін білу маңызды орын алады. Бүгінде, көптеген кесенелердің ұмыт болғанына қарамастан, ата-бабаларының бейіттеріне көңіл бөлу үрдісігің барған сайын арта түскені сөзсіз – бұл маңызды да жағымды құбылыс, мұнда өткенді ізет тұту дәстүрлерін қайта жаңғыртумен қатар оның көпғасырлық тарихы және даму болашағы бар.

 

Уақыт дәлелдеген көшбасылық. 2006

Астана, 2006 жылғы 22 қыркүйек – 2007 жылғы 29 қаңтар, (Горький көшесі, 59).

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің қорынан алынған көрме мұражай-қорықта екінші рет көрсетіліп отыр.

Бұл көрмеде әлемнің 26 елінің материалдық және көркемөнер мәдениетінің 160-тан астам ғажайып шығармалары: картиналар, мүсіндер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басқа мемлекеттердің, үкіметтердің басшыларымен, көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесулерінен фотосуреттер қойылған.

ҚР Тұңғыш Президенті музейінің қорынан көрсетілген көрме ұмытылмастай әсер қалдырды. Біз Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Тұңғыш Президент музейнің директоры Сағынғали Алма Сағынғалиқызына осы бір баға жетпес құндылықтар мен тамаша өнер туындыларын көруге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдіреміз.

 

 

ХІХ ғасырдағы орыс және батысевропалық өнер. 2006

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайынан, Семей. 2006 жыл, 21 сәуір – 21 мамыр (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Орыс және батысевропалық суретшілер: К.Брюлловтың, А.Куинджидің, И.Левитанның, И.Шишкиннің, А.Саврасовтың, В.Тропининнің, кескіндемеші әрі литограф В.Мейерхеймнің еңбектерінен, сондай-ақ итальян, испан, неміс классикалық гравюраларынан 45 туынды келермендер назарына ұсынылды.

 

Ата-бабалар дәстүрінде. 2005

Берік Сәтінбекұлы Әлібайдың зергерлік өнерінің дербес көрмесі, 2005 жыл, мұражай-қорықтың Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимараты.

Берік Сәтінбекұлы Әлібай 1964 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданы Қызылсай ауылында дүниеге келген. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген, Қазақстан Дизайнерлер одағының, Қазақстан жас суретшілер бірлестігінің мүшесі болып табылады. Республикалық “Зергер-99” конкурсының “Зергерлік өнерге адалдығы үшін” атты айрықша сертификатының иегері.

Б.Әлібайдың еңбектері Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының, Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музей мен Қазақстан Республикасы алтын және асыл металдар музейінің қорларында, сондай-ақ Түркияның, АҚШ-тың, Малайзияның, Катардың, Францияның, Арменияның және басқа да. мемлекеттердің өнер сүйерлері мен коллекционерлерінің жеке жинамаларында сақтаулы.

Көптеген республикалық, бүкілодақтық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан.

 

Ел және әлем. Президентке деген халық сыйлықтарындағы сүйіспеншілік. 2005

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің қорынан. Астана. 2005 жыл, 5 қазан – 6 желтоқсан (Горький көшесі, 59).

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі Елбасының Жарлығына сәйкес құрылып, Астана қаласындағы оның бұрынғы резиденциясында орналасқан. Музейде егеменді Қазақстанның тарихына қатысты және еліміздің Тұңғыш Президенті өмірінің, мемлекеттік және қоғамдық қызметінің барлық кезеңдерін толық әрі саналуан қырынан ашып көрсететін мұрағаттық құжаттар, ғылыми еңбектер, кітаптар, сыйлықтар коллекциялары мен наградалар және басқа да материалдар қойылған. Бүгінде Музей коллекцияларында 40 мыңнан астам сақталу даралығы бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің наградалары музей коллекциясының мақтанышы болып табылады. Бұл теңдесі жоқ жиналым, онда КСРО мен тәуелсіз Қазақстанның, көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың наградалары назарға ұсынылған. Мемлекет басшысына сыйға тартылған кітаптар ерекше қызықтырады. Олардың көпшілігі некенсаяқ кездесетін дүние, өйткені оларда заманымыздың аса көрнекті тұлғалары М.Тэтчердің, С.Демирелдің, Г.Киссинджердің және басқалардың қолтаңбалары бар.

„Ел және әлем” көрмесіне әлемнің 30 елінің материалдық және көркемөнер мәдениетінің 148 ғажайып шығармалары (картиналар, мүсіндер, кәдесыйлар, сәндік-қолданбалы өнер шығармалары) ұсынылды. Олар:

ТМД елдері – Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина

Европа елдерінен – Болгария, Германия, Грекия, Мталия, Польша, Словения, Франция

Таяу Шығыс елдерінен – Израиль, Иран, Катар, БАӘ, Оман, Түркия

Азия елдерінен – Вьетнам, Үндістан, КХР, Корея, Пәкістан, Сингапур, Жапония

Америкадан – АҚШ.

Бұл сыйлықтарды Қазақстан Президентіне шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, халықаралық ұйымдар мен қорлары, әлемнің жетекші компаниялары, республикамыздың азаматтары тарту еткен. Бұл жәдігерлер қайталанбас құнды мұра ретінде де, өнердің тамаша шығармалары ретінде де қызығушылық туғызғаны сөзсіз.

Пікірлер кітабынан:

„ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің № 5518 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жеке құрамы Сіздерге бай экспозиция үшін алғыс білдіреді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың сыйлықтары бүкіл еліміздің игілігі болып табылатыны үшін қуаныштымыз. Бұл бізді шабыттандырады және біз Президентімізді мақтан тұтамыз” (ІІМ ішкі әскерлерінің Шығыс Қазақстан құрамасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сапега, лейтенант Р.Н.Сұлтанбеков).

„Бүгін, 2005 жылғы 4 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні қазіргі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдаған мен үшін көрмені көру өте ұнамды болды. Президентімізге Отанымыздың гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін рахмет” (Талғат Уәлихан).

„Бізге көрме өте ұнады және біз осы бір сұлулықты көруге мүмкіндік алғанымыз үшін қуаныштымыз. Біз өзіміздің қаламызды әрі біздің мұражай сияқты жерлердің болғанын мақтан тұтамыз. Сіздерге рахмет! Өркендей беріңіздер!” (ШМИ студенттері).

Көрмеге 8 251 адам кеді, олардың 2 422 адамы ересектер, 452 – студенттер, 5377 – оқушылар; 358 экскурсия өткізілді.


 

 

Кімге күлеміз? 2004

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, „Өнер” баспасының бас директоры Еркін Ибрайымұлы Нұразханның дербес көрмесі. „Балдырған” журналында, „Түркістан” халықаралық-саяси апталығында жұмыс істеген. Оның шарждары, карикатуралық суреттері республикалық басылымдарда 1982 жылдан бастап жарық көрді. 2003 жылы оның „Ұлт пен рух” атты жинағы шықты.

 

Шаңырағымызға – береке бірлік. «Сутас мозаикасы». 2004

Алматылық суретші Ольга Рыжоваеың дербес көрмесі. 2004 жыл, 15 қазан – 11 қараша (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Қазақстандағы Еврей конгресінің, «Мицва» қауымдастығының (Алматы), «Қамқорлық» орталығы – «Полина» хэсэдінің (Өскемен қаласы) көмегімен ұйымдастырылған.

Онда “сутас мозаикасы” атты ерекше техникада жасалған 22 сәндік панно қойылды. Бұлар – әртүсті сутастардың сынықтарынан құрастырылған, табиғи тастармен, бижутериямен, ұсақ моншақтармен және басқа да материалдармен толықтырылған бірегей коллаждар.

О.И.Рыжова – халықаралық және республикалық көрмелерге қатысушы, еңбектері Ресейдегі, Оңтүстік Кореядағы, Израильдегі, Франциядағы, Германиядағы, Швециядағы, Түркиядағы жеке коллекциялардан орын алған.

Көрмеге 1056 адам кеді, 14 экскурсия өткізілді.

 

Алтын киімді адам. 2004

Алтын киімді адам. Алтын және бағалы металдар мұражайы, Астана. 2004 жыл, 11 қазан – 16 қараша (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» (б.д.д Ү-ІҮ ғасырлар) Лейпцигтегі, Каирдегі, Дамаскідегі халықаралық көрмелерде табысты көрсетілген болатын және еліміздің визиттік кәртішкесіне айналды.

Жерлеудің сақталып қалуы сақ жауынгерінің киімі мен әшекейлерін  толық реконструкциялауға мүмкіндік берді. Төрт мыңнан астам адтын бұйымдар түрлі техникада – соғу, қалыптау, бедерлеу, түйіршіктеу және т.б. техникада орындалған.

Экспозицияға Алматы облысының Жалаулы (б.д.д ҮІІ-ІІІ ғасырлар) және Қарғалы (б.д.д ІІ-І ғасырлар) қорымдарынан алынған алтын әшекейлерінің көшірмелері қойылған.

Көрменің ашлуында Алтын және бағалы металдар мұражайының директоры А.М.Мырзақасымов құттықтау сөз сөйледі.

Көрмеге 37 249 адам келді, 1 480 экскурсия өткізілді.

 

 

Сыр жерінің халықтық өнері. 2004

Сыр жерінің халықтық өнері. 2004 г. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының  қорынан әкелінген зергерлік әшекейлер, ұлттық киім, тұрмыстық заттар, Қызылорда. 2004 жыл (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Көрмеге қазақ ұлттық киімі, тұрмыстық заттар, зергерлік әшекейлер қойылды.

 

Зергерлік бұйымдар. 2004

Зергерлік бұйымдар. Қазақтардың ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы 150-ден астам күміс, алтындатылған, табиғи және жартылай асыл тасты дәстүрлі зергерлік әшекейлері, Алтын және бағалы металдар мұражайынан, Астана. 2004 жыл, 11 қазан – 16 қараша (Қ.Қайсенов көшесі, 67).


 

Сағат және уақыт. 2003

Сағат және уақыт. Семей қаласының тұрғыны М.О.Истоминаның жеке коллекциясындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр басындағы антикварлық сағаттар. 2003 жыл, 3 ақпан – 25 наурыз (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Көрмеге шетел фирмаларының ресейлік филиалдарында шығарылған 20 қабырғалық сағат маятниктер, негізінен «Генрих Мозер және К°», «Павел Буре» мен «Ле Рой» маркалары назарға ұсынылды. Жәдігерлердің бірі (қабырғалық «Павел Буре» сағаты) кезінде Семейдегі теміржол вокзалын безендіріп тұрыпты, кейіннен М.О.Истоминге сыйланған екен.

Көрме уақыт туралы, оның шексіздігі және объективтілігі жайында, уақыт құндылығы және адам өмірінің құндылығы туралы. Сағатпен уақыт, ал уақытпен – адам өмірі өлшенеді.

Көрмеге барлығы 962 адам келді, 22 экскурсия өткізілді.


 

Орталық Азия мен Кавказ халықтарының сәндік-қолданбалы өнері. 2003

Орталық Азия мен Кавказ халықтарының сәндік-қолданбалы өнері. 2003 жыл, наурыз – сәуір (Горький көшесі, 59).

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, коллекционер Азат Әкімбектің жеке мұражайынан (Алматы). Орталық Азия халықтарының киімдері, Қытай мен Монғолиядан келген оралман қазақтардың тамаша тұскиіздері, қазақ және түркімен кілемдері, текеметтері мен басқұрлары, қазақтар мен өзбектердің, түркімен мен қырғыздарлың, тәжіктердің, ұйғырлар мен осетиндердің киімдері мен зергерлік әшекейлері ұсынылды.


 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …