Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта
Бүгін музей-қорықта


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай  «Жеңіс қырлары» көркемсурет көрмесі

2025 жылдың 6 мамыры күні ШҚО музей-қорығы Ұлы Отан соғысындағы Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс қырлары» көркемсурет көрмесі ашылды. Экспозицияда белгілі суретшілердің, ШҚО Суретшілер одағының мүшелері Н.П. Аштеманың, Г.М. Бекбердинованың, сонымен қатар, «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің мүшелері, «Сурет» балалар бейнелеу өнері студиясының оқушылары мен жаңадан бастаған авторлардың жұмыстары жинақталған. Жеке топтамада музей-қорық қорынан алынған жұмыстар қойылған, бұл жұмыстарды 1980 жылдары КСРО Көркемөнер қоры берген. Көрмеде соғыс оқиғаларын, қазақстандықтардың майдандағы өмірі мен ерлігін бейнелейтін портреттер мен суреттер ұсынылған. Көрме өткенді естен шығармауға және өнер арқылы бейбітшілік пен патриотизм құндылықтарын жеткізуге арналған.

Қосымша фотосурет...

 

Қуаныш сыйлау өнері

2025 жылдың 18 наурызы күні ШҚО музей-қорығының Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында Наурыз мейрамы аясында зергерлік бұйымдар мен тас өңдеу ісінің шеберлері Б. Дәлентаев (Өскемен қ.) пен О. Бекқалыйдың (ШҚО Самар ауданы) көрмесі ашылды. Вернисажға зергерлердің әріптестері мен шәкірттері және туыстары қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Белгілі шеберлер – Қазақстан қолөнершілер одағының мүшелері, бірнеше рет облыстық және республикалық фестивальдердің, байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары атанды. Шеберлердің үздік бұйымдары Астана, Алматы және Семей қалаларының көрмелерін безендірді.

Кәсіби тас өңдеуші-зергер Байболат Дәлентаев Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Шығыс Қазақстанды таныстырған үздік шеберлер тізіміне енді. 2019 жылы «Шебер» республикалық байқауының финалисі, 2021, 2024 жылдары «Шығыс кәдесыйы» облыстық байқауының жеңімпазы болды.

Жас, келешегі зор шебер әрі зергер Оралбек Бекқалый көркем еңбек мұғалімі, ол облыстық көрмелерге, қолөнер шығармашылығы фестиваль-байқауларына белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Осылайша, «Шығыс кәдесыйы» облыстық байқауында «Жас шебер» номинациясында (2018 ж.) «Дәстүрлілік» номинациясында (2023 ж.) жеңімпаз атанды.

Келушілерді зергерлер жасаған әйелдердің әсем әшекейлері: моншақтар, алқалар, мойынтұмарлар, сақиналар, сондай-ақ, ерлер жүзігі мен білезіктер қызықтырады.  Мұның бәрі тастан және металдан, яғни күміс пен мельхиордан жасалған.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …