Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


«Аңызға айналған Қасым Қайсенов»

ШҚО музей-қорығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай жерлесіміз, ҰОС ардагері, «Халық Қаһарманы» Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аңызға айналған Қасым Қайсенов» атты экспозиция ашылды. Экспозицияның тұсаукесеріне ұлы Болат Қайсенов пен туыстары қатысты.

Қосымша фотосурет...

 

«Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме. 2025

2025 жылдың 5-12 мамыры аралығында «Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «1941-1945... жылдар, ғасырлар өтсе де – ұмытылмайды» атты ШҚО музей-қорығының көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде соғыс жылдарындағы тұрмысты шынайы көрсететін интерьер элементтері, яғни 40-шы жылдардағы тұрмыстық заттар, баян, патефон және жиһаз сияқты бірегей жәдігерлер қойылды. Дайындалған экспозиция – бұл халықтың жауынгерлік ерлігі туралы естелік. Батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан етеміз!

 

«Ұлы Жеңіс. Батырлар. Жады. Мұра». 2025

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ШҚО музей-қорығында Қазақстанның Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Ұлы Жеңіс. Батырлар. Жады. Мұра» атты Орыс музейінің «Естелік» виртуалды турын пайдалана отырып, тарихи-көркем экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары ерлікпен шайқасып, Жеңіске үлес қосқан батырлар: Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, Л. Беда, Т. Бегелдинов, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Қ. Қайсенов және тағы да басқа батырлар туралы мағлұмат алды. Экскурсия соғыс жылдарындағы фотосуреттермен және кинохроникамен сүйемелденді. Сондай-ақ, музей-қорықтың қор топтамасынан алынған соғыс жылдарындағы жәдігерлер көрмесі ұсынылды.

 

Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерге гүл шоқтарын қою. 2025

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ШҚО музей-қорығының қызметкерлері «Жеңіс» мемориалдық кешені мен Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи орындар мен ескерткіштерге экскурсия өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізді еске алды. Экскурсия тарихи жадыны сақтауға, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге,  сондай-ақ, батырлардың ерлік істерін қастерлеп, мақтан тұтуға арналған.

 

«Есірткіге жол жоқ». 2025

ШҚО музей-қорықтың мамандары ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіге қарсы бағыттағы және салауатты өмір салты айлығы аясында «Есірткіге жол жоқ» қалалық акциясын өткізді. Іс-шараға №47 орта мектеп кадет сыныбы мен қала тұрғындары қатысты. Балалар есірткінің өсіп келе жатқан ағзаға әсері, сондай-ақ, халық арасында есірткінің қазіргі заманғы таралуы туралы ақпаратты тыңдап, тақырыптық бейнеролик көрді және сұхбатқа қатысты. Содан кейін музей және полиция қызметкерлері мен оқушылар қалалық саябақтарды және Арбатты аралап тақырыптық буклеттер таратып, жастарды денсаулық үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

 

Франция Елшісі ШҚО музей-қорығына барды. 2025

12-13 сәуір аралығында өткен «UbiFrance» кинофестивалі аясында Өскемен қаласына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырза келді. Толығырақ...

 

Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке. 2025

12 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.

 

Наурыз мейрамы. 2025

22 наурыз күні ШҚО музей-қорығы Наурыз мейрамы аясында жалпықалалық іс-шараға қатысты. Орталық алаңға тігілген үлкен киіз үйге музей-қорықтың этнографиялық көрмесі қойылды. Қала тұрғындарының назарына кілем тоқу, тұрмыстық заттар және қазақтың ұлттық киімдері ұсынылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке түрлі қойылымдармен және тақырыптық концерттік бағдарламамен сүйемелденді.

 

«Шуақты Наурыз бояулары». 2025

2025 жылдың 19-27 наурызы аралығында Наурызнама аясында музей-қорық «Император» сауда кешенінде ШҚО Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына «Шуақты Наурыз бояулары» көрмесін өткізеді. Көрмеге қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтары мен көне және заманауи қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары қойылған.

 

Ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі. 2025

18 наурызда Республика алаңында орналасқан үлкен киіз үйде Наурызнама мерекесі аясында ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде музей-қорық қызметкерлері заманауи киім үлгілерімен қатар, көне қазақ ұлттық киімдерін де көрсетті. Сондай-ақ, әйелдердің зергерлік бұйымдары: білезіктер мен қапсырмалар және  музей-қорықтың қор топтамасынан қазақтың бойтұмар және шолпы сияқты әшекей бұйымдары да ұсынылды.

 

«Ұлыстың ұлы күні – ұлы той». 2025

Наурызнама аясында ШҚО музей-қорығында №35 орта мектеп оқушыларына арналған «Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» атты іс-шара өтті. Балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлері, «12 жылдық күнтізбе» – «12 жыл-мүшел» «Жыл қайыру», яғни 12 жыл бір айналым туралы мағлұмат алып, «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін тыңдады. Оқушыларға ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар өткізілді.

 

«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі. 2025

2025 жылдың 6-7 наурызы күндері Өскемен қаласында креативті индустрияларды дамыту аясында Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті.

 
  • «
  •  Start 
  •  Prev 
  •  1 
  •  2 
  •  3 
  •  4 
  •  5 
  •  6 
  •  7 
  •  8 
  •  9 
  •  10 
  •  Next 
  •  End 
  • »


Page 1 of 29

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …