Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


"Музей түні-2022"

2022 жылғы 18 мамырда ШҚО музей-қорығында Балалар жылына және ТМД елдерінің халықтық мәдениетіне арналған "Музей түні-2022" дәстүрлі акциясы болып өтті. Ашылу салтанаты сағат 18.00-де Қ.Қайсенов атындағы этнобақта бастау алған мерекеге С.Вивекананда атындағы (Нұр-Сұлтан қ.) үндімәдени орталығынан келген қонақтар, қаланың үздік балалар ұжымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Ертіс-концерттің" вокал орындаушылары қатысты. Кеш жүргізушілері Ж.Дәлелханов пен Ю. Павленко саябақтың орталық алаңында 2 сағаттық бағдарлама өткізді. Қонақтар – үндімәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан) Санджай Веди мырза мен «Казцинк» ЖШС бас директорының сапаны бақылау жөніндегі кеңесшісі Дилип Джоши мырза құттықтау сөзін  сөйледі.

 

Гүл шоғын қою салтанаты. 2022

2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.30-да ШҚО музей-қорығының Қ. Қайсенов атындағы этнобақ аумағындағы Р. Тагордың кеудемүсіні орнатылған  алаңда үнді халқының ұлы перзентіне  құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Салтанатты шараға ШҚО музей-қорығының директоры Арсен Тен және музей-қорық қонақтары – С.Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан қ.) Санджай Веди мырза, үнді дәстүрлі би және ән мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы № 26 мектептің оқушылары мен музей қызметкерлері Р. Тагордың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс-шара "Музей түні-2022" атты ауқымды мәдени-ағарту бағдарламасы аясында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, музей қызметкерлері,  оқушылар мен колледж студенттері, барлығы 50-ден астам адам қатысты.

 

Сіздердің ерлігіңіз мәңгі өшпес. 2022

2022 жылдың 25 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына, сондай – ақ, Мәншүк Мәметова мен Талғат Бигельдиновтың 100 жылдықтарына орай ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Карибаева Ш. М. және Асыл А. А. "Сіздердің ерлігіңіз мәңгі өшпес" аттымұражай-қорықтың қор коллекцияларынан шағын көрме экспонаттары көрсетілуімен, ерлік сабағымен экскурсиялар өткізді. Іс-шара қаланың:№ 11, № 23, № 26, № 29, № 38 орта мектеп оқушылары үшін өткізілді.

 

Құстар күніне. 2022

2022 жылдың 27 сәуірінде музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі хайуанаттар бағы аумағында құстардың адам өміріндегі маңызын еске түсіруге арналған «Құстар күніне» арналған іс-шара өтті. Ұйымдастырушы өлке фаунасы бөлімінің биологы Ю.В.Павленко барлық қатысушыларды Шығыс Қазақстанның мемлекет қорғауындағы сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құстарымен таныстырды. Іс-шараға қатысушылар – балалар мен ересектер ойындар ойнады, құстар туралы викториналық сұрақтарға жауап берді және оригами техникасы арқылы қағаздан тырналар жасады. Құстар - бізге таныс барлық экожүйелердің маңызды қатысушылары, олардың жойылуы табиғи апатқа әкелуі мүмкін.
 

Лекциялар, экскурсиялар. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі». 2022

2022 жылдың 5 және 6 сәуірі күндері ШҚО музей-қорығы ақпараттық-білімбөлімінің қызметкерлері Ш.М. Кәрібаева мен А.Ә. Асыл«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша біліктілікті арттыру институтының тыңдаушыларына, ШҚО педагогтарына ШҚО музей-қорығының көрме залдары бойынша экскурсиялар өткізіп, «Рухани жаңғыру: Қазақстанның мұрасы» бағдарламасы аясында «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі» атты дәрісоқыды.

 

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Су күні». 2022

Жыл сайын 22 наурызда әлем бойынша дүниежүзілік су ресурстары күні аталып өтіледі. Оны өткізу идеясы алғаш рет 1992 жылы БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференциясында айтылған болатын. Содан бері нақ осы күні бүкіл әлемде судың ластану проблемасына қоғам назарын аудару бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді.

25 наурыз күні Солжағалық кешен аумағында өлке фаунасы бөлімінің биологы Ю. Павленко дүниежүзілік Су күніне арналған акция ұйымдастырды. Акцияға саябаққа келушілер, ересектер мен балалар және қала қонақтары, жалпы 30-дан астам адам қатысты.

 

Барнаул қаласындағы (Ресей Федерациясы) Алтай мемлекеттік университетімен серіктес ынтымақтастық. 2022

Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығы 2022 жылдың 22 наурызында Барнаул қаласындағы (Ресей Федерациясы) Алтай мемлекеттік университетінде өткен "Үлкен Алтайдың түркі тілдес халықтарының этникалық тарихы мен этнографиясы" атты түркітанушы-жас ғалымдардың Халықаралық мектебінің «Үлкен Алтай: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әралуандылық" атты V ғылыми-ағарту сессиясына қатысты.

Ғылыми-ағарту сессиясы офлайн және онлайн форматында өтті. Музей-қорықтан онлайн форматындағы сессияға сирек кітаптар және  иконажазу ғылыми-зерттеу бөлімі меңгерушісінің м.а. О.Н. Осерчева қатысты. Сессияға сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстанның әріптес жоғары оқу орындары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 75 адамды құрады (офлайн – 30 адам, онлайн – 45 адам).

 

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. 2022

2022 жылдың 04 наурызында ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның мәдени мұрасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, "Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіптік даму институты" педагог қызметкерлеріне "Қожа Ахмет Яссауи кесенесі" атты дәріс өткізді. Іс-шараға 25 адам қатысты.

 

«НАУРЫЗ» мейрамына арналған іс-шаралар мен экскурсиялар. 2022

2022 жылғы 14-24 наурыз аралығында Өскемен қаласының № 11, 18, 23, 26, 29, 36, 38 мектеп оқушылары; "Азамат" балабақшасының тәрбиеленушілері; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 1 курс студенттері үшін мұражай-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлерімен мерекенің тарихы мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, мұражай-қорықтың қор жинақтарындағы экспонаттарды көрсете отырып "Көктемгі Наурыз мейрамы!" ақпаратты-сауықтық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар балалардың ұлттық ойындарымен және конкурстарымен сүйемелденді. Іс-шараларға 314 адам қатысты.

 

Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес. 2022

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында, 2022 жылдың 16 наурызынан ШҚО  музей-қорығында Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусында «Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес» атты тақырыптық көшпелі көрме өтеді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы  бойынша департаменті тарапынан музейге бірқатар материалдар берілді. Көрме жалпы халықты осы өткір әлеуметтік мәселеге тартуға, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған.

 

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. 2022

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. Бұл мерекені атап өте отырып, Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған жер аударылған адамдарды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде ашыла түседі. Музей-қорық облыстық «Qazaq eline myn tagzym!» атты форум аясында  Достық үйінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылған «ШҚО халқының этнографиялық мұрасы» атты көшпелі көрме өткізді. Ғылыми бөлімдердің қызметкерлері Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорындағы жәдігерлердіжайып салды және форумға қатысушылар мен қонақтарға Шығыс Қазақстан халқының материалдық мәдениеті, атап айтқанда, олардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары туралы айтып берді.

 

Маусым ашылды! Мұзайдындарына келіңіз! 2021

28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті.  Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.

Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.

 


Page 5 of 41

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 830
Content : 3020

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …