2025 жылғы 26 қыркүйекте "Әділет қоғамы" жобасы тұжырымдамасының бағыты аясында музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің және экспозициялық-көрме жұмысының қызметкерлері Өскемен қаласының «№37 көпсалалы орта мектебі» КММ 10 сынып оқушыларына арналған "Ұлы дала Ар-намыс кодексі" мәдени-тарихи викторинасын өткізді.
Іс–шара ата-бабаларымыздың даналығын еске түсіруге және заңға құрмет, әділдік пен жауапкершілік-бұл өткен мен бүгінді байланыстыратын, Ұлы Дала дәстүрлері мен қазіргі Қазақстанды біріктіретін құндылықтар екенін көрсетуге арналған.
Оқушылар викторинаға белсенді қатысып, «Қазақ даласының этикасы» тақырыптық көрмесімен және музей-қорық залдарында қойылған экспозициялармен танысты. Қатысушыларға сыйлық сертификаты табысталды.