|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы және шәкірттері жайлы жақынырақ білді.
16 қыркүйек күні сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих, филология және алықаралық қатынастар факультетінің студенттері үшін Солжағалық кешеннің кіші павильонында экскурсия өткізді. Олар болашақ журналистер еді.
|
Достық пен өзара түсіністік мерекесі. 2019


Екі күн бойы – 2019 жылдың 6 және 7 қыркүйек күндері музей-қорықта Жастар жылына арналған «Бірге бақыттымыз» атты этнофестиваль болып өтті. Биыл этнофестиваль Қазақстанда 8 қыркүйек күні атап өтілген Отбасы күні қарсаңында өткізілді. Іс-шара барысында әр түрлі халықтың отбасылық салт-дәстүрлері ұсынылды. «Бірге бақыттымыз» этнофестивалі музей-қорықтың барлық бөлімдерінің атсалысуының арқасында өте танымды, қызықты және көңіл толтырарлықтай болып өтті.
Өз қолымен жасалған ғажайыптар. 2019
 
2019 жылдың 30 тамызы күні Қ. Қайсенов атындағы этнобақта музей-қорықтың ұйымдастыруымен «Өз қолымен жасалған ғажайыптар» атты облыстық дәстүрлі көрме болды. Онда бағбандар сан түрлі гүлдер мен ағаштарды саябақ жағдайларында, сән үшін және үйге арнап өсірудегі құпияларын ортаға салды. Келер жылдың астығына арналған тұқымдардың көптеген түрі ұсынылды. Сонымен қатар аталған жерден сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің ағаштан, былғарыдан, шпоннан, қайың қабығынан және басқа да табиғи материалдардан жасаған бұйымдары мен зергерлік әшекейлерді де сатып алуға болатын еді.
Конституция күніне арналды. 2019
 ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК шығармашылық ұжымдарының 2019 жылдың 30 тамызы күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінде болған концерті Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналды. Этноауылдың орталық алаңында үрмелі аспаптар оркестрі қазақ композиторларының марштарын орындады. Бас сахнада Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі (бас дирижері Ш. Рысханов, дирижері Е. Қасымханов) әншілердің қатысуымен концерт қойды. Онда халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдардың лауреаты, мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Айдар Алтай мен Юлия Юрочкина, республикалық конкурстардың лауреаты Қуаныш Оралбаев және басқалар өздерінің орындау шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті. Концерттік бағдарламада қазақстандық композиторлардың патриоттық тақырыптағы шығармалары мен Отан туралы әндері және күйлер орындалды.
Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңындаа. 2019
 
28 тамыз күні музей-қорықтың Солжағалық кешені ШҚО тілдерді дамыту басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының тәжірибелік сабақтар алаңына айналды. Тұрғындарға арналған «Тiлашар» қысқа курсына қатысушылар, қазақ тілін үйренушілер осы жерде өз білімдерін нығайта түсті. Оларға музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері көмектесті.
Музей-қорықтың ҚР Конституциясы күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы. 2019
Музей-қорықтың Солжағалық кешені – этникааралық келісім мен тұрақтылықтың қазақстандық моделі. 2019
 
27 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің өкілдері Солжағалық кешенде болды.
Міне, бірнеше күннен бері жастардың «Бірлік» лагері Глубокое ауданының «Дарын» жазғы сауықтыру лагерінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты: жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыру, жастар бойында патриотизм, азаматтық теңдік және бірлік тәрбиесін орнықтыру. Сондай-ақ, оның бірден-бір міндеті «ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының (РЖҚ) мақсаттарын танымал ету, олардың іс жүзінде іске асуы болып табылады. ҚХА Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиевтің айтуына қарағанда, жастардың оқу кезінде алған дағдыларын беріктендіре түсу үшін Қазақстанның ерекше көзтартарлықтай ғажаптары орын тепкен этнографиялық музей-қорық таңдап алыныпты.
Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары! 2019

Музей-қорықтың көрме жоспарларын түзетуге байланысты «Мектеп жылдары тамаша» көрмесінің орнына 2019 жылдың қазан айының ортасында ашылатын, «Дала жылнамасы» көрмесі қойылады.
Кешірім өтінеміз.
Әкімшілік
Қазақстан-корей ынтымақтастық форумына қатысушылар Солжағалық кешеннің этноауылында болды. 2019
   
2019 жылы 24 тамызда Солжағалық кешенде «Бірліктегі күш» қазақстан-корей ынтымақтастық форумына қатысушылар барды. Делегацияны Шығыс Қазақстан Корейлері Қауымдастығының төрағасы Юлия Вячеславовна Кунст басқарды. Қонақтарға кешен нысандары бойынша экскурсия жүргізілді. Олар киіз үйдің «Асыл мұра» экспозициясын, этноауылды аралады. Ғылыми қызметкер Т.Е. Свахина корей үйіне экскурсия жасады.
«Жамбыл саябағы үшін барлығына рахмет». 2019
 
Жамбыл атындағы саябақта қалалықтар – балалар, жастар және үлкендер үшін жайлы демалыс сыйлауға бағытталған шаруалар жалғасын табуда.
Ендігі жерде мұнда ағаштардың арасын кезіп, жүре бермей немесе орындықтарда отыра бермей, спортпен шұғылдануға да мүмкіндік мол. Алаңқайдың бетон қабырғаларына воркаутпен, атап айтқанда, көше гимнастикасымен айналысуға арналған баптамалар (тренажерлар) орнатылған. Алаңқай түрлі спортпен айналысуға болатын топтамаларының көптігімен таңғалдырады. Оны қала жастары да бағалауда. Саябақта қосымша орындықтар да көбейе түскен, мұның өзі зейнеткерлер үшін нағыз демалыс орны болады деп күтілуде.
|
|
|
|
Page 15 of 45 |