|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекелерін тойлады. 2019
 
Облыстың мемлекеттік қызметкерлері кәсіби мерекелерін тойлады. Салтанат 21 маусым күні музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі бас сахнада өтті.
|
Ақбауыр таптауырындылықты бұзуда. 2019
 
Ақбауыр кешені аумағында қазба жұмыстарын жүргізу барысында болжам бойынша қола дәуірінің соңы мен темір ғасырының бас кезінде бұл жер сақтардың елді мекені болғанын дәлелдейтін материалдар табылды.
Уақытпен танылған Көшбасшы. 2019
 
Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет жолына арналған
«Уақытпен танылған Көшбасшы» атты көрме ашылды. Оны ұйымдастырған – музей-қорықтың көрме-экспозициялық жұмыс бөлімі.
Оқушылар Солжағалық кешенде экскурсияда болды. 2019
 
14 маусым күні Өскемендегі №23 орта мектептің 1-4 сынып оқушылары Солжағалық кешенде болды. Сирек кітаптар және иконажазу
бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әсел Қаршалова оларға арнап паровозда шолу-танысу экскурсиясын жүргізді.
«Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» жобасына қатысушылардың шеберлік дәрістері өтті. 2019
13 маусым күні «Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» халықаралық пленэріне қатысушылар шеберлік дәрістерін өткізді.
Оған дейін облыстық өнер музейінде пленэрдің қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты. Ол музейге қойылған тамаша жұмыстары үшін әр елден келген суретшілерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді. «Біз мұндай пленэрлерді жалғастыратын боламыз, - деді аймақ басшысы. Жобаға қатысушыларға ескерткіш жүлделер тапсырылды.
Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейімен танысу.
 2019 жылдың 12 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері үшін «Музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі» мамандарының «Жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу және тәуекелге ұшыраған жастардың әлеуметтік пайдалы іс-әрекеттерге тартылуы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты іске асыру» жобасы аясында, «Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейімен танысу»атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 10 адам қатысты.
Халықаралық пленэрдің қатысушылары музей-қорықта. 2019
 Шығыс Қазақстанда мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала палитрасы» атты үлкен шығармашылық жоба жүзеге асырылуда. Таяу және қиыр шет елдердің 10 елінен келген 20 суретші өз картиналарын салуда. Жобаға қатысушылар 12 маусым күні музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі саябақта болып қайтты.
Суретші В.Васнецовтың ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат
2019 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында музей-қорығының ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Санкт-Петербург қаласындағы Орыс музейінің материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімі әскери қызметкерлерінің балаларына арналған «Суреші В.Васнецовтың ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға 45 адам қатысты.
Сабантой да келіп жетті. 2019
 
8 маусым күні музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этноаулда татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой атап өтілді. Жүргізушілер қонақтарды үш тілде: татар, қазақ және орыс тілдерінде қарсы алды. Концертке әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.
Тарих естеліктерін есте сақтау үшін..2019
 
31 мамыр күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандары: зерттеулер мен еске алулар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку қатысты.
|
|
|
|
Page 17 of 45 |