• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары
Жаңалықтары

«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт мекені»

12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!

Қосымша фотосурет ...




Музей-қорық халықаралық жобаға қатысады. 2019

Музей-қорық Қазақтың спорт және туризм академиясы ғылыми-зерттеу институтынан  «Ұлы Сібір экспедициясының маршруттарымен» атты халықаралық  жобаға қатысуға ұсыныс алды. Жоба Ресейдің 40 аймағы мен 11 елді, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар, біріктіріп отыр.

 

Украин әйелдерінің киімдері жаңа каталогта көрсетілді. 2019

Музей-қорық «Украин әйелдерінің көйлектері» атты каталог шығарды. Онда украиндардың музей қорынан алынған ескі киімдерінің элементтері ұсынылған.

Каталогты құрастырушы халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері М.М. Резонтованың атап өткеніндей, музей-қорық қоры украиндық текстильдің бағалы топтамаларына бай.

 

Музей – дінтанушы-мұғалімдерге. 2019

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі С.Г.Щегловтың өтінімі бойынша 

2019 жылғы 24 қаңтарда музей-қорықтың Головков көшесі, 29 ғимаратында ауыл мектептерінің дінтанушы-мұғалімдері үшін  жыл сайынғы курстар шеңберінде

9 сыныптарға дінтану пәнін оқыту тақырыбы бойынша бірқатар дәрістер оқылды.

 

Тараз қаласындағы халықаралық туристік форумға қатысу. 2018

13 – 15 желтоқсан күндері Жамбыл облысының Тараз қаласында халықаралық «Ancient Taraz-2018» туристік форумы болып өтті. Оған музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі, ШҚО қолөнершілері Ресурстық орталығының басшысы Райса Мұхамеджанова қатысып қайтты. Форумда ұйымдастырылған қолөнершілердің халықаралық көрмесінде Шығыс Қазақстаннан барған Айман Боқпасарова мен Сайлан Мұқаметбек те болды.

 

«Өткен күннің дидары» көрмесіндегі тарихтың қас-қағым сәттері. 2018

Рухани жанғыру

20 желтоқсанда музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Д.П. Багаевтың Павлодардағы мемориалдық музей-үйінен алынған «Өткен күннің дидары» атты фотосурет көрмесі ашылды. Онда Дмитрий Багаевтың Павлодардағы Ертіс өңірінде ғұмыр кешкен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен 1929-1931 жылдары түсірген 40-тан астам суреті қойылған.

Толығырақ...

 

Тарих беттерін парақтағанда. 2018

2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында музей-қорықтың  ақпараттық-білім беру бөлімі  «Тарих беттерін парақтағанда» іс-шарасын өткізді.  Аталған іс-шараға Өскемен қаласының №26 орта мектебінің оқушылары  қатысты (25 адам шамасында).

 

Оралхан Бөкей шығармашылығына және Семей қаласына арналған картиналар. 2018

11 желтоқсанда Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған көнференция болып өтті. Онда осынау оқиғаға орайластырылған картиналар көрмесі болды. Аталған көрмеге музей-қорық қызметкері де қатысқан-ды.

 

Н. Назарбаев в жизни писателей ВКО (К.Кайсенов, А.Нуршайыков, О.Бокей). 2018

2018 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері қаладағы № 37 орта мектептің 6 сынып оқушыларына  «Н.Назарбаев және Шығыс Қазақстан жазушылары (Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, О.Бөкей)» атты лекция оқыды.

Лекция Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен, Тұңғыш Президент Музейі сыйлаған жерлес-жазушылар Қасым Қайсенов пен Әзілхан Нұршайықовтың кітаптарымен, фотосуреттерімен, құжаттарымен және мемориалдық заттарымен,  сондай-ақ,  жазушы Оралхан Бөкейдің «Президенттің бір аптасы» мақаласымен таңыстырады.

 

Конференция «Оралхан Бөкей әлемі». Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. 2018

2018 жылғы 11 желтоқсанда музей-қорықтың сирек кітаптар және иконожазу бөлімінің қызметкерлері «Оралхан Бөкей әлемі» атты ғылыми конференцияға «Оралхан Бөкейдің журналистік қыры» тақырыбындағы баяндамамен қатысты. Конференция көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған. Конференцияны О.Бөкей атындағы қалалық кітапхана ұйымдастырды. Конференцияға Астана қаласынан келген қонақтар Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкей, жазушы Асқар Алтай, өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай, аймақтық ақын-жазушылар, журналистер, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің мұғалімдері, кітапханалар мен музейлердің қызметкерлері қатысты.

 

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында. 2018

2018 жылғы 27-30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу шеңберінде музей-қорықтыңақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары «Менің елімнің Президенті» атты іс-шара  өткізді.

Іс-шараға Өскемен қаласының №39 және №26 мектептерінің оқушылары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Туризм» мамандығының бірінші курс студенттері қатысты. 30 қарашада № 5518 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен офицерлерге арналған іс-шара өткізілді.

 


Page 20 of 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Members : 3
Content : 3152
Content View Hits : 39692391

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...