|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Әуе батпырауықтарының еркін ұшуы. 2018


Комсомол аралында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Өскемен қаласы күнін мерекелеу аясында «Еркін ұшу 2018» әуе батпырауықтарының екінші фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар - халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері.
Жастар экологиялық кешенінің орталық алаңында өткен фестиваль жиналған қала тұрғындары үшін нағыз мереке болды. Көпшілігі балаларымен бірге келіп, әуе батпырауықтарын ала келген. Көрермендер әуеге ең биік көтерілген және ұзақ тұрған, бірегей батпырауықты анықтады. Жеңімпаздардың ішінде оқушы Роман Полев, Әміржан Баянаев, Виктория Колотей және басқа да балалар болды. Жеңімпаздарға жүлде ретінде музей көрмелері мен павильондарын тегін аралауға абонементтер ұсынылды. Айта кету керек, батпырауықты ұшырған ең жас қатысушы Софья Смирнованың жасы екі жаста.
|
Жамбыл саябағындағы жаңа айшықтар. 2018. 2018
   
Жамбыл атындағы саябақ күн өткен сайын құлпырып келеді. Алдағы уақытта бұл жерге келушілерді бұрынғыдай «Алтай» стадионымен қосып тұратын сұр бетон қабырғалар емес, Шығыс Қазақстанның табиғатын – өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін паш ететін айшықты қабырғалар қарсы алмақ. Көрсе көз тоятындай бұл картиналарды музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Бекбердинова салған.
Енді қабырғалардың алдынан денешынықтырумен айналысуға арналған жаттығу құрылғыларын орнатып, балалар алаңын орналастыру көзделініп отыр.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Еңбек ардагерлері Ақбауырға экскурсия жасады. 2018


Шығыс Қазақстанның еңбек ардагерлері Ақбауырда болып қайтты. Ардагерлер үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және туризмді дамыту мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.
«Ақбауыр» археологиялық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёва жүргізген тегін экскурсия барысында ардагерлер ғибадатхананың табиғи-географиялық ерекшеліктерімен және негізгі археологиялық нысандарымен танысты. Одан соң түрлі суреттер салынған үңгір тастарды көруге көтерілді.
«Үбі әуендері» фестиваліне қатысты. 2018

Риддер қаласының іргесінде орналасқан Поперечное селосында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрл «Үбі әуендері» фестивалі болып өтті. Оған фестивальда Өскемен қаласы мен облыстың ауыл-селоларынан келген қолөнерші шеберлер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырған халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі қатысты.
Солжағалық кешендегі Астана күнін ересектер де, балалар да тамашалады. 2018


Музей-қорық қызметкерлері Астана күні мерекесін тамашалауға келген әр жастағы адамдарға ол әрі қызықты, әрі танымдық болуы үшін атсалысты. Солжағалық кешенде көптеген ойын көрсетілді, сондай-ақ, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК-ның мерекелік бағдарламасы ұсынылды.
«Жастар» саябағындағы «Ертегі қала – Астана» мерекесі. 2018


5 шілде күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналып «Жастар» саябағында өткен мереке нақ осылай «Ертегі қала – Астана» деп аталды.
Мерекеге Өскемендегі балабақшалардың естияр тобының тәрбиеленушілері қатысты. Саябақтың орталық алаңында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Лада» балабақшасының бүлдіршіндері концерт қойды. Концерттен соң Орталық балалар кітапханасы саябақтың бір аллеясында асфальтқа сурет салудан конкурс өткізді. Осы жерде сондай-ақ, «Астана – Еуразия жүрегі» атты кітаптың көрмесі болды. Музей-қорықтың виртуалды бөлімі виртуалды залда балаларға арнап «Көкке өрлеген Астана» атты викторина өткізді. Ал саябақтың этноауылында қазақ этнографиясы бөлімінің мұрындық болуымен балалар ойыны ұйымдастырылды.
Музей-қорықтағы ұлттық домбыра күні. 2018

«Алтын мұра – домбыра» – биыл Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұйғарымымен бекітілген Ұлттық домбыра күніне арналған мереке осылай деп аталды. Мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Солжағалық кешеннің классикалық музыка аллеясында болып өтті.
Белгілі ғалым-мифологқа арналған халықаралық конференцияға қатысу. 2018


Маусым айының басында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Серікбол Қондыбай мұрасы: әлемдік мифологияның дамуына жаңа көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оның жұмысына музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинова да қатысып қайтқан еді.
Конференцияны Маңғыстау облыстық әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы Yessenov Universityмен ( Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті) бірлесіп өткізді. Оған республикамыздың жиырмаға тарта белгілі ғалымы мен қоғам қайраткерлері, оннан астам мифология, философия, тарих, зтнология және археология саласының білгірлері, сондай-ақ, АҚШ-тың, Түркияның, Ресейдің, Түркіменстанның, Әзірбайжанның, Қырғызстанның зерттеу орталықтарының арнайы шақырылған өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты: арғы қазақтар мифологиясын зерттеудің негізін салушы, артында көптеген ғылыми еңбек қалдырған ғалым Серікбол Қондыбайдың отандық ғылымдағы шығармашылығын айқындау.
Музей-қорықтың Этноауылындағы «Сабантой-2018» мерекесі. 2018

Солжағалық кешеннің Этноауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде татарлардың Астананың 20 жылдығына арналған ұлттық мерекесі болып өтті. Мерекені облыстық Достық үйіндегі татар этно-мәдени бірлестігі мен музей-қорықтың қызметкерлері бірлесіп өткізді.
Астана - болашақтың қаласы. 2018

  
2018 жылдың 15-18 маусымы аралығында музей-қорықтағы ақпараттық білім беру бөлімінің мамандары Өскемен қаласының №30 орта мектебінің жасы кіші оқушыларына және «Мега интеллект» табыс Академиясының тыңдаушыларына арналған «Астана - болашақтың қаласы» атты интерактивті экскурсия жүргізді.
Экскурсия барысында балалар тәуелсіз Қазақстанның Елордасы Астана қаласының құрылу тарихымен танысты. 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйек аралығында өткен «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған Көрмесі туралы айтылып, негізгі көрнекті орындарға саяхат жасалды. «Менің елордам - Астана» викторинасы жүргізілді. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Алтынай Жорабаеваның «Астана» әні пайдаланылды.
|
|
|
|
Page 22 of 44 |