|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Ойна, баян, күмбірле, домбыра! 2018 («Музейдегі түн» акциясы шеңберінде). 2018


Музей-қорық 18 мамыр күні бүкіл дүниежүзінде аталып өтілетін халықаралық музейлер күніне арналған бірқатар мерекелерді өткізуде. Аталған оқиғаларға орайластырылған іс-шаралар 16 мамыр күні «Жастар» саябағы мен музейдің көрме залдарында болды.
Бәрі «Жастар» саябағының орталық алаңында қазақ халқының ертеден келе жатқан алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі – «Қымызмұрындықтан» бастау алды. Оған облыстық ақсақалдар алқасы мен «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Олардан құралған «Атамұра» және «Ақниет» ансамбльдері концертке қатысты. Концертті Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №16 орта мектептің жас домбырашылары («Мұрагер» ансамблі) ашты. Сондай-ақ, концертте «Жұлдыз» өнер мектебінің қобызшыларынан құралған «Ерке» ансамблі мен №24 орта мектептің, «Назарбаев зияткерлік мектебінің», оқушылар шығармашылық сарайының жас артистері өнер көрсетті. Облыстық Достық үйінің «Ажарым» ансамблінің қыздары да өздерінің әсем әндерімен жиналған қауымның көңілін сергітті. Мерекеде танымдық конкурстар мен викториналар өткізілді.
|
Қымызмұрындық. 2018

2018 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет- этнографиялық табиғи- ландшафттық музей- қорығының «Жібек жолы» ғылыми- зерттеу экспозициясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шырайлы Шығысымның Өскемен қаласының «Жастар» саябағында дүбірлі «Қымызмұрындық» іс- шарасы өткізілді. Қымызмұрындық осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр және де алдағы уақытта да алғаш бие сауыла бастағанда өткізіліп отырады. Құлын байлау, үйірге тұяғы іліккен жас малға ен салу мен саумал ішу мерекесі қазақта ғана бар. Сондықтан қымызмұрындық ұлттық-мәдени құндылық ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне тіркелмек.
Экскурсия. 2018


2018 жылғы 11 және 12 мамыр күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс және ақпараттық-ағартушылық бөлімдердің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Семейдің № 10, № 39, № 40 мектептерінің, сондай-ақ, экономикалық лицейінің оқушыларымен Солжағалық кешенде экскурсия өткізді. Балалар экскурсия барысында Солжағалық кешеннің қалыптасу тарихымен танысып, ақын және философтың 160 жылдығына орайластырылған «Шәкәрім – Абайдың рухани мұрагері» атты көрмені тамашалады. Оқушылар үшін «Өмір үшін өлімге бас тіккен» атты Жеңіс павильонына экскурсия ұйымдастырылды. Онда кешен аумағында орналасқан, 1938-1970 жылдардағы үлгідегі әскери техника экспозициясы көрсетілді. Қонақтар ашық аспан астындағы сәулет және тұрмыс музейін көру мүмкіндігіне ие болды. Олардың назарына XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ШҚО аумағын мекен еткен халықтардың 17 қонысы ұсынылды.
Музейдегі түн. 2018

Дәстүрлі «Музейдегі түн» акциясы 16 мамыр күні «Жастар» саябағының орталық алаңында болады. Ашылуы – сағат 19-да.
19.00-дегі «Музейдегі ұйқысыздық» атты концерттік бағдарламаға әртүрлі шығармашылық ұжымдар қатысады. Оның басталуына бір сағат қалғанда «Жастар» саябағында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өз жұмысын бастайды. Онда авторлық кәдесыйлардан «Сізге арналған кәдесый» атты ұтыс лотереясы ойналады.
Жібек жолы: дәстүр жалғасы. 2018


Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Жібек жолы» - «Шёлковый путь» саябвғының Император сарайында жаңа зал ашылды.
Қытай императоры сарайы жаңа залының ашылуына балалар да, үлкендер де жиналды. Мерекенің ашылуына сіркіреп жауған жаңбыр еш кедергі жасай алған жоқ. Мереке тасты бақ жанындағы әсем алаңда басталды. Салтанатқа қытай музыкасы ерекше реңк бергендей еді. Жиналғандарды музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнәр Бекбердинова құттықтады. Ол Император сарайының бірінші қабатында орналасқан жаңа залды безендіру барысында қолданылған қызыл және сары түстердің Қытай үшін қаншалықты маңызды екені жайлы әңгімеледі. Қызыл түс сәттіліктің, өркендеу мен бақыттың символы болып есептеледі. Дәл осы қызыл түс олардағы барлық салтанаттарда, әсіресе, Айлы жаңа жылды мерекелеуде ерекше қолданылады. Ал сары түске келер болсақ, Қытайда әлі күнге дейін осынау түс барлық түстер арасындағы ең бастысы екенін көрсететін «сары түс Инь мен Яньді тудырады» деген түсінік қалыптасқан.
Музейдегі ұйқысыздық. 2018
Ұлы Жеңіс мұрагерлері музей-қорықтың Солжағалық кешенінде ойын-квест өткізді. 2018


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында музей-қорықтың Бірыңғай әскери кешенінде қала мектептерінің оқушылары үшін халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне арналып «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз» атты өлкелік ойын өткізілді.
Оны Славский атындағы жағалауда орналасқан Орталық қалалық кітапхананың (ОҚК) қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары ұйымдастырды. Оған Өскеменнің 11 мектебі қатысты. «Бүгінгі балалар мен жасөспірімдер үшін 1941-1945 жылдардағы соғыс – тарих, - дейді ОҚК қызметкері Тамара Львовна Саттарова. – Олар майдан даласындағы ұрыстар жайлы, жертөлелер мен траншеялар жайлы кинофильмдердегі қөріністер мен майдангерлердің әңгімелері арқылы ғана біледі. Біз осы бір ойын-квестті Солжағалық кешенде бекерден-бекер өткізіп отырған жоқпыз. Мұнда траншеялар да, нағыз әскери жорықтық асхана да, тіпті, ұрыстық қару-жарақ та бар. Балаларға олардың Ұлы Отан соғысы мен оған қатысқан қазақстандықтар жайлы білімін тексеру мақсатында арнайы сұрақтар да дайындап келдік».
Соғыс жолдарымен. Ұлы отан соғысы майданындағы шығыс қазақстандықтар. 2018


2018 жылдың 2 - 4 мамырында музей - қорықтың ақпараттық білім беру бөлімі мамандарымен Солжағалық кешендегі ҰОС павильонында «Соғыс жолдарымен. Ұлы отан соғысы майданындағы шығыс қазақстандықтар» атты экскурсия жүргізілді.
Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің Батыр күнін мерекелеуге арналған жәрмеңке-көрмесі. 2018
Император сарайындағы заманауи Қытай мәдениеті. 2018


2018 жылғы 12 мамырда музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Жібек жолы» экспозициясының Император сарайында жаңа музей залы мен «Заманауи Қытай мәдениеті» атты фотосуреттер көрмесі ашылады.
Қытай – бейне бір күндер ағысы, заманалар ауысымы, жаңа мен ескі алмасып жатқан өрнекке ұқсайтын алып айна іспетті. Ал Қытай суретшілері болса, нақ осындай құбылыстардың барлығын өз еңбектері арқылы жеткізуге тырысады. Ол – Қытайдың мәдени өмірінде болып жатқан сан түрлі оқиғаларды, елдің өзгелерден бөлектеу ғимараттары мен пейзаждарын суреттер арқылы «сөйлеткен» авторлық жұмыстар.
|
|
|
|
Page 24 of 45 |