|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 2017
 2017 жылдың 13 және 14 желтоқсанында Тәуелсіздік Күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қорық-мұражайдың ақпараттық-білім бөлімінің мамандары «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты лекция-экскурсия өткізді.Іс-шараға Өскемен қаласының № 2 және № 11мектептің 5 және 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға жалпы 110 адам қатысты.
|
Өнермен виртуалды кездесулер. 2017
 
Биыл музей-қорықта жұмыс істейтін «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығына 10 жыл толды.
Виртуалды филиалдың арқасында музей-қорыққа келетін адам атаулы Санкт-Петербургтегі Орыс музейінің інжу-маржанымен таныса алады. Келушілер осы жердегі экранға қарап отырып-ақ экскурсия жүргізушінің көмегімен Орыс музейінің залдарын тамсана аралай алады, өнер туындыларының тарихымен, оларды дүниеге әкелген авторлармен және орыстың бейнелеу өнерімен етене танысады. Өскемендегі Орыс музейінің филиалы – Орыс музейінің Ресейдің мәдениет және білім беру мекемелерінде және шетелдерде орын тепкен екі жүзден астам өкілдіктерінің бірі болса, Қазақстандағы бірегейі.
«Н.Ә.НАЗАРБАЕВ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ».2017
 «Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған.
Қазақстан 2017 жылғы 1 желтоқсанда мемлекеттік мереке - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің заңды нәтижесі болып табылады.
Қалалықтар қимай қоштасты. 2017
 
Өскемендегі қалың жұртқа танымал музей-қорықтың негізін қалаушы Николай Алексеевич Зайцевтің құрметіне сан түрлі әсем шарлар аспан көгіне ұшырылды.
Өскемендегі облыстық этнографиялық музей-қорық бұдан табаны күректей жарты ғасырдай бұрын Бутаково селосындағы мектептің бір бөлмесінде ашылған шағын музей болатұғын. Келесі жылы оған 50 жыл болады. Бүгінде ол тек Қазақстандағы көпбейінді музей-қорық қана емес. Ол дегеніңіз – өз аумағына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи және сәулет ескерткіштерін топтастырған музей, «Жастар» этносаябағында ашық аспан астында орналасқан музей, Жамбыл атындағы демалыс саябағы және 100 гектардан астам аумақты алып жатқан Солжағалық кешен.
«Алтын теңге» көрмесі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне арналған.. 2017
 
1993 жылдан бастапҚазақстандаҰлттық валюта күні атап өтілуде. Айналымға теңге енгізілгеннен бері біздің еліміз нақты тәуелсіздікке – экономикалық және қаржылай тәуелсіздікке ие болды. Теңге –Гимнмен, Тумен және Елтаңбамен қатар ел символына айналды.
«Шығыс Қазақстан татарларының мәдениеті» кітабының тұсаукесері. 2017
 
Музей-қорықтың көрме залында «Шығыс Қазақстан татарларының мәдениеті» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кітап авторы – музейдің ШҚО халқы мен аз санды этнотоптардың этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құмарова. Кітапқа татар халқының материалдық және рухани мәдениеті арқау болған. Оған негізінен облыстық музей-қорықтың қор коллекциясынан алынған материалдар енген. Автор сондай-ақ, өз туындысында облыс аудандарына барған сапарларында алған деректерді де лайықты пайдалана алған.
Шебердік баспалдақтары. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жарқын шығармашылығы. 2017
 
«Шебердік баспалдақтары». Музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында орналасқан көрме залында өз жұмысын бастаған сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрмесі осылай аталады. Онда Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалалары мен Ұлан, Катонқарағай аудандарының шеберлері өз туындыларын көрсетті. Салтанатта сөз алған музей-қорық директорының орынбасары Тамара Быкова: «аталған экспозицияның ерекшелігі сонда, оған алғаш қатысушылармен қатар, сан түрлі шығармашылық ізденісте жұмыс істейтін өз ісінің нағыз шеберлері де қатысты» деп атап өтті.
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары шеберлерінің – халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың Қазақстан халқының тілдері күніне арналған көрме-жәрмеңкесі. 2017
2017 жылдың 29 қыркүйегі күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова мен М.А. Бемм Достық үйі – ШҚО қоғамдық келісім орталығында қолөнершілердің-халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы шеберлердің көрме-жәрмеңкесін өткізді. Көрме-жәрмеңке Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналды.
ЕГДЕ АДАМДАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ШҚО-НЫҢ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ» АТТЫ КӨРМЕ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЛЕКЦИЯ-ЭКСКУРСИЯСЫ . 2017
2017 жылдың 3 қазаны күні облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының көрме залында егде адамдар күніне орай Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Үлбі» әлеуметтік қамту орталығының қызметін пайдаланатын адамдар үшін қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Оған жиналғандар «ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері» атты экспозиция бойынша жасалған экскурсияны тамашалап, аталған тақырып барысында білімдерін жетілдірді және өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Экскурсияны халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері М.А. Бемм ұйымдастырып, жүргізді.
Музей-қорық ұжымы экскурсия жүргізуші-гид Елена Дроздова мен суретке түсіруші Алексей Мазницынды құттықтайды. 2017
 
27 қыркүйекте Өскеменде Дүниежүзілік туризм күніне орай ауқымды мереке болды. Онда аймақтағы озық туристік фирмалар мен аталған саланың үздік қызметкерлері марапатталды. Аталым бойынша марапат көргендерге сыйлықты облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов табыстады.
Іс-шара барысында «Үздік экскурсия жүргізуші-гид» аталымын облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкері Елена Дроздова жеңіп алды. Ол экскурсияларды өте биік әдістемелік деңгейде өткізіп келеді. Ал «Үздік суретке түсіруші» аталымында әр суретінде ШҚО-ның сұлу жерлері мен адамдарын биік дәрежеде және қалыптан тыс өреде көрсете білген тамаша суреттері үшін Алексей Мазницынның еңбегі бағаланды.
|
|
|
|
Page 27 of 45 |