Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке. 2025
 12 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.
Наурыз мейрамы. 2025
 22 наурыз күні ШҚО музей-қорығы Наурыз мейрамы аясында жалпықалалық іс-шараға қатысты. Орталық алаңға тігілген үлкен киіз үйге музей-қорықтың этнографиялық көрмесі қойылды. Қала тұрғындарының назарына кілем тоқу, тұрмыстық заттар және қазақтың ұлттық киімдері ұсынылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке түрлі қойылымдармен және тақырыптық концерттік бағдарламамен сүйемелденді.
Ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі. 2025
 18 наурызда Республика алаңында орналасқан үлкен киіз үйде Наурызнама мерекесі аясында ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде музей-қорық қызметкерлері заманауи киім үлгілерімен қатар, көне қазақ ұлттық киімдерін де көрсетті. Сондай-ақ, әйелдердің зергерлік бұйымдары: білезіктер мен қапсырмалар және музей-қорықтың қор топтамасынан қазақтың бойтұмар және шолпы сияқты әшекей бұйымдары да ұсынылды.
«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі. 2025
 2025 жылдың 6-7 наурызы күндері Өскемен қаласында креативті индустрияларды дамыту аясында Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті.
Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні. 2025
 15 ақпанда ұмытылмас күн – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. ШҚО музей-қорығында музейде еңбек ететін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Оларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді. Музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құттықтау сөз сөйлеп, әріптестері мен іс-шара қонақтары әндер шырқады. Ардагерлер атынан М. Селиванов пен А. Құрымбаев сөз сөйлеп, сол бір қиын жылдар туралы естеліктерімен бөлісті. Олар өз борыштарын атқара отырып, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық батылдық пен ерлік көрсетті.
«Блокада балалары» интерактивті шеберханасы. 2025
 ШҚО музей-қорығында Жеңістің 80 жылдығына және Ленинград блокадасының жойылу күніне орай Лев Гумилев атындағы № 38 гимназия оқушыларына арналған «Блокада балалары» интерактивті шеберханасы өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазіргі заманғы мультимедиа құралдарының көмегімен Ленинград қоршауының жас тұрғындарының күнделікті өмірі туралы әңгімелерімен танысты, қоршаудағы қалада өмір сүрген балалардың әңгімелерін тыңдады, Қазақстан мен ТМД елдері музейлерінің коллекцияларынан деректі фотосуреттер мен көркем туындыларды, соның ішінде қоршаудағы Ленинградта жас суретшілердің жасаған суреттерін көрді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған Ескі Жаңа жыл. 2025
 2025 жылдың 17 қаңтары күні ШҚО мәдениет басқармасының қолдауымен Солжағалық кешенде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Ескі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті!
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, ШҚО білім басқармасы мен музей-қорықпен бірлесіп «Ақниет» орталығының тәрбиеленушілері мен Өскемен қаласындағы №8, №19, №37 мектептердің оқушылары үшін театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар және сазды әуендермен интерактивті бағдарлама дайындады.
Балалар мерекелік шарадан керемет әсер алып, соңында оларға сыйлықтар тарту етілді! Бұл шара ерекше қонақтарымыздың барлық қажеттіліктері мен жайлылығын ескере отырып ұйымдастырылды.
Аяз Ата резиденциясының ашылуы. 2024
 2024 жылғы 21 желтоқсанда музей-қорықтың Солжағалық кешенінде «Аяз Ата, Ақшақар - 2024» республикалық фестивалі аясында Аяз Ата қысқы резиденциясының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу күні қысқы резиденцияға 500-ден астам келушілерді, қала тұрғындары мен қонақтарды қабылдады. Тақ залында балалар мен ересектер Аяз Атамен сөйлесіп, хат жазып, естелік фотосуретке түсіре алды.
Сондай-ақ, іс-шара қонақтарын концерттік және ойын бағдарламасы, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі, «Нұр туған» Ежелгі мерекесінің орындалуы күтіп тұрды.
"Бейбітшілік және келісім" кездесуі. 2023
 
2023 жылғы 4 тамызда, қазақстандық медиаторлардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге музей-қорық әкімшілігінің өкілдері, ұжым мүшелері, сондай-ақ, "Шаңырақ" Шығыс Қазақстан медиация орталығының басшысы Е.А. Әбдрахманова, ШҚО бойынша облыстық соттың судьясы А.В. Володкина, бітімгер судьялар С.Ж. Данышпанова, А.С. Карманов, А.А. Қасенова, Ж.С. Қасенова, журналистер қатысты. Е.А. Әбдрахманова мен А.В. Тен ұжым алдында кіріспе сөз саптап, қазіргі қоғам жағдайында өзекті болып табылатын дауларды баламалы түрде шешу институтының маңыздылығын атап өтті.
Музей-қорықта «Йога күні». 2023
 
2023 жылғы 24 маусымда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған, Үндістанның ҚР-дағы Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығы мен ШҚО этнографиялық музей-қорығы ынтымақтастығы аясында Қ. Қайсенова атындағы этнобақта халықаралық йога күні өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Ш.М.Карибаева, А. Асыл, сондай-ақ йога бойынша кеңесші Е. Н. Пермитина.
Йога күніне қатысушылар ұйымдастырушыларға мереке мен сыйлықтар үшін алғыс білдіреді.
"Шығыс кәдесыйы-2023". 2023
 
2023 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында ШҚО мәдениет басқармасының қаржылай қолдауымен "Шығыс кәдесыйы-2023" фестиваль-конкурсы өтті.
Фестивальдар-қолөнер конкурстарын өткізу дәстүрге айналды, жыл сайын іс-шараның орны мен мәртебесі ауысып отырады. Мысалы, 2009 жылы Өскеменде "Шығыс кәдесыйы" 1-ші республикалық фестиваль-конкурсы өтті, оған Қазақстан Қолөнершілер одағының өкілдері мен Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар облыстарының шеберлері шақырылды. Содан кейін фестиваль-байқауға 50-ден астам қолөнерші қатысты. Сол жолы. 2011 жылы Семей қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, таяу шетелдерден: Ресей, оның ішінде Татарстаннан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытайдан 60-қа жуық қолөнершіні жинаған "Асыл мұра" атты халықаралық фестиваль-конкурсы ұйымдастырылды.
Бүгін өткен облыстық фестиваль-конкурсқа облыстың қалалары мен аудандарынан 60-тан астам шебер мен қолөнерші қатысты.
Музей-қорықтың 55 жылдығына арналған «Музейдегі түн» аясындағы іс-шара. 2023
 
2023 жылдың 19 мамыры күні музей-қорықта музейдің мерейтойына арналған «55 жыл достар ортасында» атты жыл сайынғы «Музейдегі түн» акциясы өтті. Қ. Қайсенов атындағы саябақтың орталық сахнасы маңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарды вокалдық және би ұжымдарының мерекелік концерті күтіп тұрды. Саябақтың этноауылында орыстың қима бөренелерінде отырып, қоспа шәй мен ескі орыс рецептерімен жасалған құймалар ішуге болатын еді. О. Бөкей үйінің жанында «Шабыт» студенттік театрының орындауындағы жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдау мүмкіндігі туды. Сауда қатарында мерекенің барлық қонақтарын қолдан пісірілген кондитерлік өнімдер мен самауырдың шәйі күтіп тұрды. Саябақ алаңдары мен музей ғимараттарында ойын-конкурстық бағдарламалары, шыныға сурет салу, қол өнері, халық және үнді билері бойынша шеберлік дәрістері, сондай-ақ, флэш-мобтар, викториналар және музей экспозициялары бойынша экскурсияларф өтті.
|
|