Ақпараттық-ағарту бөлімі жазушы, қоғам және саясат қайраткер Әбіш Кекілбаев туралы (1939-2015) фильмдер көрсетуді бастады. 11 желтоқсан күні бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ-нің оқушыларына аталған жазушының 80 жылдығына орай шығарылған «Самғау» және «Әбіш Кекілбаев» атты фильмдерді ұсынды. Бұл фильмдер бірін-бірі толықтырып тұр. Оның біреуінде Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен туған жерімен байланысы туралы сөз сапталса, екіншісінде жазушы, филолог, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессорының шығармашылық жолы жайлы әңгімеленеді.