Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


2020 жыл - Қазақстанда еріктілер жылы

17 қаңтарда облыстық Достық үйінде - қоғамдық келісім орталығында, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер Орталығының ашылуына арналған Бірыңғай күн өтті. Бұл шараның басты мақсаты - «Еріктілер жылы» стратегиясын талқылау.

 

Белоусовкада ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы туралы сыр шертетін көрме болып өтті

2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады және бұл  музей-қорықтағы іс-шаралардың бірден-бір атаулысы  болып табылады. 17 қаңтар күні сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері Белоусовка кентіндегі №1 орта мектепте қор топтамаларынан алынған «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» атты көшпелі көрмемен болып қайтты. Көрмеде Абайдың кітаптары, ақынның портреті, сондай-ақ, картиналары қойылды.

 

Мы любим, зимушка, тебя, и санки, и каток!

14 қаңтар күні ескі жаңа жыл музей-қорықтың Солжағалық кешенінде  ән-бимен және тамаша хороводпен аталып өтілді. Қысқы мерекенің бағдарламасын орыс этнографиясы бөлімі ұйымдастырды. Жиналғандарды директордың көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары  Евгения Рахматулина құттықтады.

 

Кештер барлық жастағыларды баурайды! 2020

Тоғыз қаңтар күні музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратының залындағы святолық кеш ертеректе әжейлер мен атайлар шырқаған әндерді сырнайдың сүйемелдеуімен басталды. Содан кейін келгендердің бәрі шырша жанындағы хороводқа шақырылды. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөліміне «Дружане»фольклорлық-би ансамблі мен «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі көмектесті. Аталған бөлімнің меңгерушісі Александр Яковлев сырнайда ойнады.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туындыларын оқығанда өз замандасың жазып отырғандай әсер аласыз. Өзінен кейін өлмейтұғын сөз қалдырып, өзіне өлеңнен мәңгі ескерткіш орнатқан ақын шығармашылығы  өзектілігін жоймайды. Бұған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы айқын дәлел.

 

XXI ғасырдағы Абай

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кемеңгер ұлы,  ойшыл-ғалым, ақын, ағартушы  Абай Құнанбайұлы туралы мақала жазды Оның «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ақынның 175 жылдығына орайластырылған. Биылғы мерейтойлық жылда мемлекеттік және халықаралық еңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Олардың барлығы біздің наным-түйсігіміздің, ой-санамыздың, рухани дамуымыз бен азаматтық патриотизміміздің нығая түсуіне бағытталған.

 

Рождество – жақсы үміттер мерекесі. 2020

  Музей-қорық облыстық Достық үйімен және облыстық славян мәдениеті қоғамымен бірлесіп, 7 қаңтар күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында христиандардың Рождество Христово мерекесіне арналып  ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

 

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісі. 2019

Музей-қорық 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырған «Шығыс Қазақстан облысын мекен ететін халықтар мен ұлыстардың мәдениеті» атты көрмеге қатысты. Ол Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2020 жылға арналған міндеттер баяндалған кеңейтілген мәжіліс еді. Онда қазақ халқының мәдениеті киіз паннолар, қымыз сақталатын торсық, жол жүргенде ыдыстарды салып, алып  жүретін жолқап (сандық) арқылы көрсетілді. Ал орыстардың, украиндар мен белорустардың халық шығармашылығы сүлгілер, рушниктер және майлықтар арқылы паш етілді. Көрмеге сондай-ақ, корейлердің, әзірбайжандардың, немістер мен татарлардың бұйымдары да қойылды. Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі музей-қорық қорынан алынған және ұлттық нақышты айқындайтын, десе де заманауи үлгіде жасалған жұмыстарды ұсынды. Атап айтқанда, олар: киізден, қоғадан, жіптерден жасалған бұйымдар, сондай-ақ, металдан жасалған шекімелер мен ағаштан күйдіріліп жасалған дүниелер.

 

Облыстық қоғамдық кеңестің мәжілісіне қатысты. 2019

26 желтоқсан күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісі болды. Онда 2019 жылы білім беру, әлеуметтік сала және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Мәжіліске музей-қорықтың топ қызметкерлерi, сондай-ақ, Кеңес пен қоғамдық кеңес жанындағы эксперттік жұмыс тобының мүшелері, мектеп мұғалімдері және облыстың басқа да музейлері мен кітапханаларының өкілдері қатысты.

 

Жаңа жылдық қойылымдар жалғасуда…2019

Музей-қорық қызметкерлері 2019 жылдың 25 желтоқсанында Өскемен қаласының әкімдігіне қарасты №30 жалпы білім беретін мектепке «Шахтың інжу-маржандары» атты жаңажылдық ойын-конкурстық бағдарламасы енген  көшпелі бағдарлама апарды. Кішкентай оқушыларға шах-падиша өзінің  ханшайым қызымен алыс елден келіпті. Ол өзімен бірге әртүрлі ойыншықтар мен екі шырша ала келген екен. Сөйтіп, шырша маңында ерекше қызықтар басталып кетті: ханшайым алдағы жылдың символы – тышқанға айналып кетсе, Италиядан келген аспаз  диджей бола алатын мүмкіндігі бар екенін көрсетті. Басты кейіпкермен бірге келген басқа да кейіпкерлер өздерінің дарындарын көрсетіп бақты. Балалар да, ересектер де мереке қызығына батты.

 

Музей-қорықтың жаңа жыл алдындағы тамашалары. 2019

Әртүрлі елдің Мыстан кемпірлері семинарға келдік деп ойлаған, ал шын мәнісінде олар балалардың музей-қорықтағы жаңажылдық мерекесіне тап болды. Бұдан не шықты? Ол – музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің төменгі сынып оқушыларына арнап, Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында өткізетін «Жаңа жыл алдындағы ғажайыптар» атты тартымды қойылым. 23 желтоқсандағы алғашқы қойылымға ШҚО білім басқармасына қарасты «ШҚО арнайы мектеп-интернаты» КММ мен Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №34 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

 

Қыстың жаңажылдық ертегісі. 2019

Музей-қорықтың қор топтамасынан алынып, Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы залда қойылған жаңажылдық топтама шынымен де ертегі әлеміне саяхат сияқты.  Сонымен қатар уақыт деген ұлыға жасалған өзіндік саяхат. Мұнда  ХХ ғасырдың ортасы мен ХХI ғасырдың басында жаңажылдық шыршалар безендірілген ойыншықтар қойылған. Аға буын өкілдеріне тарихқа сапар шегіп, мәселен, өздерінің бала кездерінде шыршаның түбінде тұратын Аяз Ата мен Ақшақарды көру ерекше тартымды болары сөзсіз. Ал ол кішкентай келушілер  үшін небір ғажайыптар орналасқан сиқырлы әлем! Көрме-экспозициялық жұмыстар бөлімі біреуінде шырша жанына жиналған Аяз Аталар мен Ақшақарлар, ал екіншісінде аюлар мен пингвиндер, үшіншісінде әртүрлі ертегілердің кейіпкерлері қойылған витриналар жасады. Әрине, мұнда шыршалардың басына қойылатын бес ұшты жұлдыздар және уақытты білдіріп,  қатты-қатты соғып тұратын ескі сағаттар да бар. Көрмеде жеке адамдардың  топтамаларынан алынған шығармашылық жұмыстар да қойылған. Олар – үй иелері, перілер және басқа да ертегі кейіпкерлері. Сонымен қатар есік қағып, келіп қалған 2020 жылдың,    Шығыс күнтізбесі бойынша Тышқан жылының символы да осында. Ол шыршаның түбінде, жаңажылдық мишуралардың ортасында отыр.

 


Page 9 of 29

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …