Биыл музей-қорықта жұмыс істейтін «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығына 10 жыл толды.
Виртуалды филиалдың арқасында музей-қорыққа келетін адам атаулы Санкт-Петербургтегі Орыс музейінің інжу-маржанымен таныса алады. Келушілер осы жердегі экранға қарап отырып-ақ экскурсия жүргізушінің көмегімен Орыс музейінің залдарын тамсана аралай алады, өнер туындыларының тарихымен, оларды дүниеге әкелген авторлармен және орыстың бейнелеу өнерімен етене танысады. Өскемендегі Орыс музейінің филиалы – Орыс музейінің Ресейдің мәдениет және білім беру мекемелерінде және шетелдерде орын тепкен екі жүзден астам өкілдіктерінің бірі болса, Қазақстандағы бірегейі.