No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-56' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 134:2010-10-25-05-34-56
шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері


Сиқырлы әлем. 2013

Выставка куколВыставка кукол

2013 жылғы 4 мамырда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта Лариса Куимованың авторлық туындыларның «Сиқырлы әлем» атты көрмесі  өтті. Көрмеге мүсіндік-текстиль техникасында орындалған 49 қуыршақ ұсынылған. Еркін үлгілеу техникасы қуыршаққа қажетті ым-ишарат, дене қимылын жасатуға ыңғайлы. Қуыршақтарды әзірлеуге капрон, мата, синтепон, шарнирлі қаңқа сияқты материалдар пайдаланылған. Әрбір қуыршаққа өзіне ғана тән мінез-құлық беріліп, киім кигізілген.

 

Туған жер құшағында. 2013

Туған жер құшағындаТуған жер құшағындаКөрменің ашылуы 2013 жылдың 15 наурызында М.Горкий көшесі,59 ғимаратта сағат 15.00-де басталады.

Павлодарлық суретшілердің «Туған жер құшағында» атты көрмесі Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары арасындағы өңіраралық әріптестік шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Павлодар облыстық көркемсурет музейі графика мен кескіндеме жанры бойынша 16 суретшінің туындыларын ұсынуда. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері,  Қазақстан Республикасы Өнер Академиясының академиктері бар.

Павлодар  өңірлік бейнелеу өнерінің  елу жылдан  астам  тарихы бар.

Осы жылдар ішінде павлодарлық суретшілер терең кәсіби тәжірибе негізідерін  қаласа, тәуелсіздік жылдарында – рухани еркіндік пен шығармашылықтың жаңа көкжиектерін ашты.

 

Шығармашылық меридианы. 2013

Меридианы творчества. 2013Меридианы творчества. 20132013 жылғы 1 ақпан

Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 59

«Шығармашылық меридианы» - Николай Васильевич Малютин шығармаларының мерейтойлық жеке көрмесіне суретші шығармашылығының жан-жақтылығын көрсететін 70-тен астам туындылары: кескіндесі, графикасы тамырлы мүсіндері енген.

 

Елена Го Сун Чиннің сыйқырлы қылқаламы. 2012

Туындылар авторы Елена Го Сун ЧинКөрме талантты шебер, өрнектеп суреттеуші, төрт дүркін қалалық конкурстардың лауреаты, Семей қаласында өткен өңіраралық дәстүрлі халықтық сәндік-қолданбалы өнер конкурс-көрмесінің бас жүлдегері, Астанада өткен  1-ші республикалық «Шебер» конкурсының жеңімпазы Елена Андреевна Го Сун Чиннің шығармашылығымен таныстырады.

 

Құрақ құрау. 2012

Рубцова В.Т. Панно Балгазина Л. Құрақ көрпе Н.Л. Баженованың жұмыстары

21.05. 2012 ж. Сол жағалау кешеніндегі «Шеберлер қаласында» «Құрақ құрау» көрмесі ашылды.

 

Менің өлкем, менің естелігім мен сенімім... 2012

А.А.Мазнициннің «Менің өлкем, менің естелігім мен сенімім...» атты жеке көрмесінің ашылуы. 2012 жылғы 6 маусымА.А.Мазнициннің «Менің өлкем, менің естелігім мен сенімім...» атты жеке көрмесінің ашылуы. 2012 жылғы 6 маусым

«Менің өлкем, менің естелігім  мен сенімім...». 2012 ж.

Фотожурналист әрі суретші, қажымайтын турист және арманшыл  Алексей Мазницин өзінің мерейтойлық жеке көрмесін осылай деп атады

 

Үміт көктемі. 2012

Выставка «Весна надежды»Выставка «Весна надежды»

«Үміт көктемі» көрмесі зағиптардың «Мейірімділік» қоры мүшелерінің туындыларын келушілердің назарына алғаш рет ұсынуда. Экспозицияға 100 еңбек: картиналар, фотосуреттер, сәндік-қолданбалы шығармашылық кірді.

 

Балалық шақ – шағын ел Балалық шақ – шағын ел! 2012

Көрме «Акварелька» балалар шығармашылығы студиясымен бірлесіп Өскемен қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен жыл сайын өткізілетін «Кенгуренок» балалар шығармашылығы конкурсының аясында ашылды. Ол балаларды қорғаудың Халықаралық күніне арналды

 

Жеңіс бояулары. 2012

«Жеңіс бояулары» көрмесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығына арналған.  Көрмеде екі суретші,  екі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, біздің жерлестеріміз - Липат Петрович Сёмин мен Виктор Сергеевич Меньшиковтың 140 кескіндемелік бояутақталары көрермендердің ауқымды аудиториясында назарға ұсынылады.

 

Жаз туралы естеліктер. 2012

«Жаз туралы естеліктер» көрмесі Өскемен қаласының тұрғыны Андрей Иванович Охотенконың көбелектер коллекциясын назарға ұсынған.

А.И.Охотенко Красноярск өлкесінің Абакан қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына қоныс аударады, сол жақта махаон-көбелекті бірінші рет көрген екен. Осы оқиға оның көбелектер коллекциясын жинауға түрткі болады.

1982 жылы Андрей Ивановичте «Смена-Символ» фотоаппарты пайда болды. Алғашқы түсірген фотосуреттерінің толғандырғаны соншалықты, ол осы өнерге бар ынтасымен беріліп кетті. Сөйтіп, А.И.Охотенко өз кәсібін фотокамерамен байланыстырды.

Адамдар ежелден көбелектердің сұлулығы мен нәзіктігіне тәнті болған. Қалықтап ұшып жүретін осы бір тіршілік иелері туралы әлем халықтарының барлығында дерлік аңыздар мен мифтер бар. Ата-бабаларымыздың көбелектер туралы түсінігі өмір, жан-дүние, махаббат, бақыт сияқты адам үшін ең маңызды ұғымдармен байланыстырылып келді.

Көрме қыстың қытымыр аязы кезінде от жалынындай ұшқын шашып, келерменнің әрқайсысының жан-дүниесіне жылылық сезімін ұялатады деген сенімдеміз.

 

 

Әлемдер шегінде. 2012

Виктор Шевченконыйң «Әлемдер шегінде» көрмесі мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында ашылған болатын.
Өз бойынан суретші дарынын байқап, өнер әлеміне бар болмысымен берілу – сирек бақыт әрі батыл қадам.
Осындай қалау жасаған суретші Виктор Шевченко өзінің алған бағытынан қайтқан емес, өйткені ол үшін шығармашылықпен шұғылдану дегеніңіз ауамен демалу сияқты табиғи құбылыс.

 

Үміт көктемі. 2011

2011 жылғы 15 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратында «Үміт көктемі» атты көрме ашылды

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …