
Музей-қорықта ұлы ойшлы әрі ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың асыл мұрасы» атты танымдық мәдени шара өтті.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Б.М.Райысова, сондай-ақ, педагогикалық еңбек ардагері, халық ағарту ісінің үздігі Қ.Б.Сарипова қатысты.
Мәдени шара барысында жас ұрпақ өкілдері Абайдың шығармашылығына арналған әдеби және музыкалық шығармаларын орындап, көрермендерге рухани шабыт сыйлады. Сондай-ақ, көрермендердің назарына музей-қорықтың қор топтамасынан «Абай әлемі» атты тақырыптық көрме ұсынылды.








