«Шуақты Наурыз бояулары». 2025
«Ұлыстың ұлы күні – ұлы той». 2025
 Наурызнама аясында ШҚО музей-қорығында №35 орта мектеп оқушыларына арналған «Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» атты іс-шара өтті. Балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлері, «12 жылдық күнтізбе» – «12 жыл-мүшел» «Жыл қайыру», яғни 12 жыл бір айналым туралы мағлұмат алып, «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін тыңдады. Оқушыларға ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар өткізілді.
"Салем, Наурыз!" 2023
 
2023 жылдың 28 наурызында музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Л.М. Асылова, Г.М.Бекбердинова, М. Адамбай, Өскемен қаласы әкімдігінің «№37 Негізгі мектеп» КММ қасындағы шағын – орталығыныда Наурыз мейрамына арналған «Қазақ киіз үйінің ішкі безендірілуі» атты көшпелі көрме және «Салем, Наурыз!» атты іс-шара ұйымдастырды.
«Күн дидарлы Наурыз нақыштары». 2022
 
2022 жылғы 14-23 наурыз аралығында «Император» сауда кешенінде музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Күн дидарлы Наурыз нақыштары» атты көшпелі көрме ұйымдастыруда. Көрмеде ежелгі және қазіргі заманғы қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары, қазақ киіз үйінің ішкі мүкамалдары ұсынылды. Көрме әр түрлі жастағы келушілердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
Полиция күнінде өткізілген мәдени бағдарлама. 2021
 2021 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының Полициясы күні және Мемлекеттік қызметшілер күні М. Горький, 59 көшесіндегі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының тұрақты экспозиция залдарында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшыларымен кездесу өтті. Департамент өкілдері қазақ этнографиясының қолданыстағы экспозициясымен, сондай-ақ «Ұмай – бабалар мұрасы» халықаралық көрме арт-жобасымен танысты. Мереке құрметіне қонақтарға музей-қорықтың тарихы туралы кітап пен «Қазақтың зергерлік әшекейлері. XVIII ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың ортасы» атты альбом сыйға тартылды.
 
Қонақтар алғыс айтып, алдағы уақыттағы ынтымақтастыққа үміт білдірді!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Тарихпен жүздесу. 2020
Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің оқушылары М. Горький көшесі, 59 ғимаратындағы көрме залдарында болу барысында қазақ халқының зергерлік өнері қалай дамығаны жайлы естіп-білді.
Мәңгі есте сақтау үшін. 2019
 
Музей-қорықта Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында мектеп оқушылары мен техникалық-экономикалық колледж оқушыларының қатысуымен мерекелік іс-шаралар болып өтті.
«Ел қорғауға әзірміз!». Қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері 6 мамыр күні М. Горький көшесі, 59 ғимаратында №35 орта мектептің төртінші сынып оқушыларымен өткізген таңертеңгілік осылый деп аталды. Таңертеңгілік Отан қорғаушы күніне арналды. Ол 7 мамыр күні атап өтіледі, өйткені, 1992 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз әскерімізді құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Наурыз – жүректерге жылылық сыйлайтын мереке. 2019
 Музей-қорықта көктемнің басты мейрамы – Наурызға арналған іс-шаралар басталып кетті. Қазақ этнографиясы бөлімі оқушыларға арнап, қазақ халық ертегілері мен аңыздарындағы кейіпкерлердің қатысуымен өтетін танымдық бағдарлама әзірледі.
«Шәкәрім – Абайдың рухани мұрагері» көрмесі. 2018

Музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын және философ, ұлы Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған жаңа көрме ашылды. Көрмеде Абайдың, Шәкәрімнің және абайтанушылардың еңбектері қойылды. Олардың қатарында қажырлы ізденісінің арқасында Шәкәрім есімін халқына қайтарған белгілі шәкәрімтанушы Қайым Мұхамедхановтың зерттеулері де бар.
Сондай-ақ, көрмеде шығысқазақстандық филолог, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қабдылқайыр Құдайбергенов жас кезінде ел аузынан жазып алып, кейін орыс тіліне аударған Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы алғаш рет көрме төрінен орын тепті. Сондай-ақ, көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.К. Исиннің Абай және Шәкәрім шығармаларының желісі бойынша салған кескіндемелік туындылары ерекше ажар берді. Ал оларды Шәкәрім дүниеге келген өлкенің бай табиғаты мен ақын шығармаларындағы кейіпкерлермен тікелей байланысты орындарды өзіндік ізденіспен бейнелеген Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Г.М. Бекбердинованың туындылары әдемі толықтырған.
«Наурыз - жыл басы» атты мерекелік іс-шара. 2018

2018 жылдың 12 - 20 наурыз күндері қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері М. Горький көшесі, 59 мекенжайындағы «Алтай» көрме залында Өскемен қаласындағы мектептердің өтінімі бойынша «Наурыз - жыл басы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
|
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары. 2018
 
Музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың сәби дүниеге келгенде жасайтын әдет-ғұрыптары көрсетілді.
Облыстық музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастарға ата-бабаларының салт-дәстүрін ұмытпауға мүмкіндік береді. «Біздің міндетіміз – аталған салт-дәстүрді сақтау, өйткені, оларда бала тәрбиесінің бастауы жатыр», - дейді бөлімнің ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина. Сөйтіп, музей-қорық залдарының біріндегі қазақтың киіз үйінде сәбиді бесікке бөлеу «Бесікке салу» және сәбидің жолын ашу – «Тұсаукесер» рәсімдері көрсетілді.
Мәуліт- құтты мереке. 2017
 
Мақсаты: Салт- дәстүрімізді, дінімізді, өнегелі өмір тарихы, ізгі қасиеттері туралы кең мағлұмат беру, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу.
Өткізілетін орны: ШҚ облыстық этнографиялық мұражай-қорығы, «Алтай» көрме залы.
«Қазақтың үпттық киімдері». 2016
 29 қараша 2016жылы №35 мектеп-гимназиясында этнографиялық мұгадай –қорықтың қазақ бөлімінің ғылыми қызметкері Кенжина Алиагул «Қазақтың үпттық киімдері» тақырыбы бойынша іс-шара өткізді. Тақырып бойынша шағын көрме ұйымдастырылып, қазақтың үлттық киімдері туралы айтып өтті. Сонымен қатар салт-дәстурлер туралы, соның ішінде «тұсау кесер» ғұрпына тоқталып әңгімелеп, слаидтар көрсетілді.
Наурыз мейрамын тойлау. 2014
2014 жылғы 18 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық мұражай-қорығының М.Горький көшесі, 59 мекенжайда орналасқан ғимаратында қаланың қазақ мектептерінің төменгі сынып оқушылары үшін Наурыз мейрамы ұйымдастырылды. Мейрам өткізілетін жер қазақ халқының салт-дәстүріне байланыстырылып безендірілді. Мерекеге келген балалар ұлттық киім киіп келіпті. Мұражайдың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері А. Кенжина іс-шараны салтанатты түрде ашып, келушілерді Наурыз мейрамымен құттықтады. Оның шығу тарихы, мерекелеу дәстүрі туралы балаларға қызықты етіп әңгімелеп берді.
Культурный субботник 16 марта .Наурыз . 2013
НАУРЫЗ – 2013, для учащихся школы № 45
Қазақ мифологиясындағы этнографиялық құндылықтар . 2012

Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағындағы «Ертегілер елі» атты Балалардың көрме-ойын кешенінде «Ғасырлар қойнауынан», «Бала қиялдарының әлемі» деп аталатың этнографиялық мол мазмұны айқын көрініс тапқан танымдық көрмелер орналасқан.
Кімде-кім мәдениет тарихы, әдебиет және өнерге кызығатын болса, ол адам көне түркілердің мифологиясынан мол қазына таба алады. Түркілер мифологиясының арғы тамырлары қола ғасыры, ертетемір замандарынан бастау алған. Қазақстан аймақтарында, Алтай аумағында көне мифологиялық сюжеттер тастағы суреттерде өрілген. Сонғы 20-30 жыл ішінде Шығыс Казақстанның көптеген көне ескерткіштері ашылып, зертеле түсті. Қазақстан петроглифтері», «Көне Алтайдың алтын әшекейлері», «Қазақстан атласы» сияқты жақсы безендірілген альбомдар да жарық көруде. Құпиясы мол, тылсым сырлары әлі жете ашылмаған көне аңыздар зерттеушілер назарына ілігіп, өнер қайраткерлерін де қызықтыра түсуде.
Ғасырлар қойнауынан. Көне түркілердің мифологиялық әліппесі (қазақ тілін үйренушілерге көмек). 2012
 
2012 жылы 22 тамызда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағындағы «Ертегілер елі» атты Балалардың көрмелік-ойын кешенінде «Ғасырлар қойнауынан. Көне түркілердің мифологиялық әліппесі (қазақ тілін үйренушілерге көмек)» танымдық көрмесі ашылды.
Мифология жеке халықтардың тарихын зерттеуге арналған бірден-бір өнердің түрі болып табылады, өйткені мифтерде өткен оқиғалар көрініс тапқан.
Наурыз мейрамы - № 3 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін. 2012
 Мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайда орналасқан залында 2012 жылғы 20 наурызда № 3 көпсалалы мектеп-гимназияның оқушылары үшін «Наурыз – жыл басы» атты мұражайлық іс-шара өткізілді.
|
|
|
|