2016 жылғы 11 желтоқсанның таңы музей-қорықтағы фауна бөлімінің меңгерушісі Зайнитдин Шәмшиев үшін қызық оқиғамен басталды.
– Өскемен қаласының Солжағалық ауданындағы полицейлік учаскелік инспектор балабақшаның ауласында сілеусін жүр деп хабарлады. Ең алдымен бұл жыртқыш аңды қардан жол тазалауға шыққан аула сыпырушы байқаған екен. Сасқалақтаған ол оның қандай аң екенін айыра да алмай қалған. «Бізде, сәкіде бір аң отыр және ырылдайды!» – осындай хабармен ол полицияға барыпты, – деді З. Шамшиев.
Адасып қалған аңды ұстауға зообақтың мал дәрігері мен екі жұмысшысы барған. Ал ол кішкентай сілеусін болып шықты, соның өзінде адамдарды ырылдап қарсы алды, торды айналып өткен ол қаша арқылы қашып кетуге ұмтылды. Бөгелуге болмайтынын түсінген жұмысшының бірі аңның соңынан күпәйкесін лақтырып жіберді, сөйтіп теңбіл аңды жауып қалған киім оның жолын кесті. Зообаққа жеткізілген бұл жыртқыш аңның әлі бір жасқа толмағаны анықталды.