2014 жылғы 18 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық мұражай-қорығының М.Горький көшесі, 59 мекенжайда орналасқан ғимаратында қаланың қазақ мектептерінің төменгі сынып оқушылары үшін Наурыз мейрамы ұйымдастырылды. Мейрам өткізілетін жер қазақ халқының салт-дәстүріне байланыстырылып безендірілді. Мерекеге келген балалар ұлттық киім киіп келіпті. Мұражайдың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері А. Кенжина іс-шараны салтанатты түрде ашып, келушілерді Наурыз мейрамымен құттықтады. Оның шығу тарихы, мерекелеу дәстүрі туралы балаларға қызықты етіп әңгімелеп берді.