2018 жылғы 10 қаңтарда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «О. Бөкей атындағы орталық кітапханалық жүйесі» КММ-де «Ескі заманды сүюшілер клубының» мүшелері – қарт адамдар арасында «Ескі заманнан қалған самаурын» (музей қорларынан) атты жылжымалы қайырымдылық көрме ұйымдастырып, өткізді.
Көрмеде музей-қорықтың қорлар коллекциясынан алынған жәдігерлер ұсынылды: самаурындар, табақтар, шайнектер. Сонымен қатар, Р.Ю. Нечаев «Орыс шай машинасы» (самаурынның тарихы) тақырыбына екі қайырымдылық дәріс оқып, фотосуреттер мен бейнематериалдар көрсетті. Қарт адамдар өткен ғасырлардың материалдық мәдениетінің тарихымен танысты. Кітапхана әкімшілігі өткізілген іс-шараға оң баға берді.
 
«Ескі заманды сүюшілер клубының» қарт адамдары Р.Ю. Нечаевтың дәрісін тыңдауда.
 
Р.Ю. Нечаев дәріс оқып, фотоматериалдарды көрсетуде.

Музей-қорықтың қорынан жәдігерлер.



 
  
            




 
		