Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
музей туралы
музей туралы

Атауы:

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы

 

Мекенжайы:

070004 Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 29

 

Мәртебесі:

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 

Ғимараттар:

Әкімшілік корпусы (Головков көшесі, 29).

Ғимаратта орналасқандар: «Ленинград суретшілерінің сыйлары» экспозициясы, мультимедиалық кинотеатр мен компьютер залынан тұратын «Виртуалды музей» ақпараттық-білім орталығы, қызметкерлердің кабинеттері.

Тарих және сәулет ескерткіші

Бұрынғы қалалық бастауыш училищесінің ғимараты.

1881 жылы салынған.

Жоғарғы қабатында қалалық училище орналасқан (оған қазіргі Головков көшесінен енген). Төменгі қабатында қыздардың бастауыш училищесі орналасқан (оған «Жастар» саябағы жағынан енген).

1912 жылы атауы жоғары қалалық бастауыш училищесі деп өзгертілген. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ғимарат жалпы білім беретін мектеп ретінде пайдаланылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғимаратта госпиталь орналасқан. Соғыстан кейін – жұмысшы жастар мектебі, балалар көркемөнер мектебі.

 

Музей-қорықтың М.Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты

Ғимаратта орналасқандар: «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы этнографиялық мұрасы» экспозициясы, қазақ этнографиясы және ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімдері, галерея.

Тарих және сәулет ескерткіші.

Қала басшысының көмекшісі, көпес И.М.Кожевниковтың бұрынғы шыны, фаянс және басқа да ыдыс-аяқ сататын дүкені. 1914 жылы салынған. Кеңес өкіметі кезінде ғимаратта «Алтай» мейрамханасы орын тепкен.

 

Музей-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты

Ғимаратта орналасқандар: «Біз – Қазақстан халқымыз», ғылыми-ағарту және көпшілік жұмыс бөлімі.

Тарих және сәулет ескерткіші.

Бұрынғы Мариин әйелдер училищесі. 1901 жылы салынған. Ғимаратта Луначарский атындағы ІІ деңгейдегі мектеп орналасқан. Кейіннен мұнда Киров атындағы қыздар мектебі, аурухана орын тепкен.

 

 

Жұмыс кестесі

Солжағалық кешен

Жұмыс күндері: сейсенбі – жексенбі (дүйсенбі – санитарлық күн)

Жұмыс уақыты: 09.30-20.00

 

Хайуанаттар бағы

Кезең (1 сәуір – 1 қараша)

Жұмыс күндері: сейсенбі – жексенбі (дүйсенбі – санитарлық күн).

 Жұмыс уақыты: 09.30-18.00


Солжағалық кешеннің басқа нысандары

Кезең (1 мамыр – 31 қазан)

Жұмыс күндері: сейсенбі – жексенбі (дүйсенбі – санитарлық күн)

Жұмыс уақыты: 09.30-18.00

 

 

Музей-қорық ғимараттары:

М.Горький көшесі, 59 бойынша музей-қорықтың ғимараты

«Шығыс Қазақстан қазақтарының XIX ғасыр соңы – ХХ ғасыр ортасындағы этнографиялық мұрасы»  экспозициясы және ағымдағы көрмелер

 Жұмыс күндері: дүйсенбі-жексенбі  (демалыссыз)

 Жұмыс уақыты: 09.00-17.30

 

Қ.Қайсенов көшесі, 67  бойынша музей-қорықтың ғимараты

«Біз – Қазақстан халқымыз»  экспозициясы және ағымдағы көрмелер

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жексенбі  (демалыссыз)

 Жұмыс уақыты09.00-17.30

 

Бейбитшилик көшесі, 29 бойынша музей-қорықтың ғимараты (әкімшілік ғимарат)

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма  

Жұмыс уақыты: 08.00-17.00

 


 

Қасым Кайсенов атындағы саябақ

Жұмыс уақыты: 06.00-22.00

 


Музей-қорықтың ашық аспан астындағы экспозициясы  саябақтың солтүстік жағында

Кезең (1 мамыр – 31 қазан)

Жұмыс күндері: сейсенбі-жексенбі  (дүйсенбі-демалыс)

 Жұмыс уақыты09.30-18.00

 

 

Жамбыл саябағы

Жұмыс уақыты: 06.00-22.00

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …