 21 мамыр күні Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл
21 мамыр күні Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл  мерекесі аталып өтіледі. Аталған мереке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2013 жылдың қарашасында дүниеге келген-ді.
мерекесі аталып өтіледі. Аталған мереке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2013 жылдың қарашасында дүниеге келген-ді.  
Музей қызметкерлері – өткен мен қазіргіні және түрлі халықтың мәдени құндылықтарын сақтаушылар. Барлық әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шығармашылық шабытқа бөленулеріңізге және еліміз азаматтарының жалпы мәдени дамуына өз үлестеріңізді қосып, тарихи-мәдени құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауларыңызға тілектеспіз, қадірлі достар! Музей-қорық өзінің онлайн тәртібіндегі жұмысын белсенді түрде жалғастырып келеді. Сіздер Шығыс Қазақстан қолөнершілерінің бейне экскурсияларын, бейне дәрістері мен шеберлік дәрістерін YOUTUBE-нің бейнехостингінің сайтынан: https://www.youtube.com/channel/UCNEzMIVZWmCXEDGNCz9HuYQ… және музей-қорықтың Инстаграмынан қарай аласыздар.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі



 
  
            




 
		